Шығармалар

Шығарма: Сүйікті пәнім - Ана тілі!

Мен алты жасқа толдым, енді мектепке барамын, мына кітаптардың барлығын оқимын деп алғашында қуанышым қойныма сыймай сол күнді қатты асыға күттім. Бірақ та кітаптарды ашып көріп, оның ішіндегі суреттерге қайта-қайта қарап, анашым мына кітаптардың барлығын оқимыз ба? Оңай бола ма? деген сұрақтар күнде мені мазалай бастады.
... Алғашқы қоңырау, қолыма бір шоқ гүл алып мектепке әжеммен бірге бардық, бәрі де қызықты, бәрі де көңілді болды. Алғашқы ұстазымды көрдім. Ұстаз маған, Қадамың құтты болсын! деп басымнан сипады. Сыныпқа келдік, қолымда әліппе кітабы. Екінші күннен бастап сабақ басталып кетті........
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Токтасинов Билтен Абылгазыұлы жəне Токтасинова Баян Түркменбайқызы

Токтасинов Билтен – Токтасинова Баян
129 разъезд (шестой)

Токтасинов Билтен (Өзенбай) Абылгазыұлы 1934 жылы Қазақстан Республикасы Маңғыстау облысында Өзеннің бойында дүниеге келген. Руы Сүйіндік Мырза (жаманадай).......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Әбілқайыр Баймолдин есімі ел есінде!

Біз қазыр қандай керемет елде тұрып жатырмыз! Бірақ бұның арқасы бізге ұрпақтан-ұрпаққа әкелген, елімізді жаудан қорғап қалған, ол үшін өз жанын берген ата-бабаларымыздың арқасы. Олар бар қиыншылыққа төзіп, еш қорықпай, біздің болашағымызды ойлаған жандар. Осының ішіндегі бірі Әбілқайыр Баймолдин.......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Ұлы тұлғаның ұлы істерінен өнеге

«Отан, оттан да ыстық» - дегендей, әр адамға ,әр халыққа өзінің Отаны ыстық . Осы ыстық сезімді бойымызда ұстап, Отанға адал қызмет жасауымыз керек. Бәріміз бірлік пен ынтымақтастық сақтай отырып, еліміз «мәңгілік ел» болуына ат салысуымыз керек. Қазақ халқының салт-дәстүрі мен әдеп-ғұрпындағы құндылықтарды бағалап, соны өнеге тұтуымыз - Отан алдындағы басты парызымыз. Сондықтан біз өзіміздің тарихымызды зерттеп, ұлан-байтақ жерді, мұра қалдырған ұлы тұлғалардың бойындағы асыл қасиеттерді, жан дүниесін, рухынын биік екенін басқаларға дәріптеп, білмейтіндерге білгізу жолын көрсету - басты міндетіміз деп ойлаймын. Отан үшін , халқын үшін игі іс істеу нағыз патриоттықтың сезімнің шыңдалуы.......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Мен елімнің нағыз патриотымын

Бір ел» – бұл барлығымыз үшін ортақ Отан.
Н.Назарбаев
«Отансыз адам болмас, ормансыз бұлбұл болмас» деген халық нақылы тегін айтылмаса керек. Өйткені, Отан деген киелі ұғымды түсіну әр адамның туған жеріне, өз еліне деген сүйіспеншілігінен бастау алады. Бүгінде біздің
санамызда Отансүйгіштік пен патриотизм бір-бірімен егіз ұғымдар болып қалыптасты.
Менің ойымша, әрбір қазақстандық өзінің жетістіктерін туған Отанына, еліне арнауы керек деп есептеймін. Сонда әлгі адамның да, елдің де мерейі тасып, әлемдік деңгейдегі беделі өседі.......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Мен Қазақстанның патриотымын

«Қазақстан» деген жалғыз ауыз сөздің құдіреті мен қасиетін осы жерде туған және осы өлкеде өскен әрбір азаматтың сергек сезінуі парыз. Бұл сөз біздің қанымыз бен жанымыздың ажырамас бір құрамды бөлігі. Қазақ жері, қазақ елі біздің ата- бабаларымыздың кейінгі ұрпақтарға қалдырып еткен баға жетпес байлығы және асыл мұрасы. Біздің ата шежіреміз ғасырлар бойы Ресей тарихының құрамды бөлігі болып келді.
Жаңа Тәуелсіздік заманда өз халқымыздың тарихын өзіміз жазып, жаңа егемендік ел, халық тұрғысынан жазуға мүмкіндік алдық. Әрине, тәуелсіздік бізге оңайлықпен келген жоқ. Қазақ халқының небір қайтпас қайсар батырларының жасаған ерліктерін оқулықтардан оқып білудеміз. Елім, жерім деп жаудан ұлтарақтай жері үшін, небір қазақтың батырлары өз өмірін қиып, қанды шайқастарда қаза болды.......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Шуағын шашқан - Шымқала

Шымкент – Қазақстанның көне қалаларының бірі. Тарихи деректерге сүйенер болсақ, қала б.з.д. II ғасырда салынған. Шымкент қаласы Ұлы Жібек Жолы керуен көшінің жолында орналасқан. Көптеген жылдардан бері көне қалада ғылыми зерттеу жұмыстары жүргізіліп, шетелден келетін туристердің санында шек болмайды.......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Отан – қазағымның қара шаңырағы

Қазақстан тәуелсіздік табалдырығын аттағалы, міне жиырма бес жылдың жүзі болды.
Қазақстан жиырма бес жылда – әлемдік қауымдастықтың белді мүшелерінің қатарынан
табылды. ТМД елдері ішінен бірінші болып ЕҚЫҰ-на төрағалық ету абыройына ие
болды. Еуропалық және Азиялық саяси оқиғалардың түйіткіл мәселелерін шешуге белсене
араласып, биік белестерден көріне білді. Сонау 1991 жылдан бері, біз Елтаңбамызды
бекітіп, арғы-бергімізді түгендеп түйіп, Алтай мен Атырау арасын тұтастырған
шекарамызды шегендеп, Сарыарқа төсінен айбарлы Елордамыздың іргесін көтеріп,
еңсесін тіктедік. Осы жиырма жыл қазақ әскері мен Қазақстан Республикасы Қарулы
Күштеріне де ықпалын тигізгені анық. Себебі қазір Қазақстан Республикасы Қарулы
Күштеріне үлкен жауапкершілік міндеттелуде. Менің ойымша Отанымызды қорғау ісі –
Қазақстан Республикасының бүкіл халқының ісі. Отан Қорғау әрбір азаматтың міндеті.
Себебі Отан бәрімізге ортақ.....
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Тәуелсіздік тұғырым!

Тәуелсіздік-елдің жүрегі,
Елбасы-оның тірегі.
Бәйдібек баба
Осы бір зердесі мен зейіні ерен, байыпты да байсалды, сұңғыла да сара парасатты, қасиетті Тәуелсіздік туралы жазу үшін қолыма қалам ұстағанда, көңілім біртүрлі қанатты құстай көкке көтеріліп кетті. Қаншама қиын-қыстау жолдардан, қаншама қиямет-қайым от кешулерді бастан кешкен қазақты ел ету Нұрсұлтан Назарбаев Әбішұлының маңдайына жазаылды. 1991жылы бірінші желтоқсанда
бүкіл халықтық сайлауда айқын жеңіске жетіп, ел тізгінін қолына алды. Сөйтіп, еліміздің тар жол, тайғақ кешулі қасиетті сапары , азаттықтың арпалысқа толы ақ жолы басталды. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігін жариялап, тас бұғаудан босап, қайта түлегенін танытты. Төл тарихымыздың жаңа кезеңі-жаңғыру кезеңі басталды.......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Қарасаз құшағындағы күндер

Тәуелсіз қазақ елінің жері кең екені бәрімізге мәлім. Осындай байтақ жердің әр мекенінің топырағы киелі. Солардың бірі қазақ халқы үшін қасиетті болып саналатын Қарасаз ауылы. Қасиетті Қарасаз аталу себебі бұл жерде ақиық ақын, қазақ әдебиетінің өр тұлғасы Мұқағали Мақатаевтың кіндік қаны тамған жер.......
Шығармалар
Толық
0 0