Шығармалар

Шығарма: Алтын ұям – Қазақстан

Отаным десем,ойыма…
Түсер еске ақсақалды қариям,
Туған жерім – құт мекенім, дариям,
Егеменді, туым, әнұран,
Қанатымды қағып ұшқан жанұям.
Түсер еске Махамбеттей батырлар,
Осы жолды аңсап еді ақындар
Отанымның өр намысты киесі –
Мен сүйетін қалың қазақ , халқым бар
Менің Отаным- Қазақстан.
Менің елім- менің Қазақстаным! Осы құдіретті сөзді әрбір азаматы асқақ сезіммен, мақтанышпен айта алары хақ... Өйткені біздер, асқақ арман жетегінде, отаншылдық рухты ту еткен ұлт пен ұлыстардың ұл – қыздары, қасиетті қазақ топырағында өсіп – өніп, мекен етіп, береке – бірлікте, достық қарым – қатынаста, тыныштық пен татулықта өмір сүріп жатырмыз. Біз осы жарасымды тыныс тіршілігімізді Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтің жан –жақты ойлап, кемел ойлы, кемеңгер ата – бабаларымыздың жолымен жүрген ақыл – парасатының, азаматтық саясатының нәтижесі деп білеміз.......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Ұрпаққа ұран болған ұлы Жеңіс

Елбасымыздың «Нұрлы жол – болашаққа бастау жол» атты жолдауында «2015 жыл - ұлттық тарихымызды ұлықтау және бүгінгі биіктерімізді бағалау тұрғысынан мерейлі белестер жылы» деп атап өткен болатын. Қазақ хандығының 550 жылдығын, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Конституциямыздың 20 жылдығын, Ұлы Жеңістің 70 жылдығын ерекше атап өткен болатын. Ұлы Жеңіске биыл 71 жыл толып отыр. Жеңіс! 1945 жылдың 9-мамыры күні дәл осы шаттық хабарды естіп тұрып, бүкіл әлем теңселіп кетті. Жер жүзі халықтарының жүректері қуаныштан лүпіл қақты... Кеңес Одағының тұрғындары 5 жыл бойы күндей күркіреген соғыста – 1418 күн мен түндерде, бүкіл жігерімен Жеңіске ұмтылған... Миллиондаған адамдар мерт болды. Миллиондаған адамдар мүгедек болып қалды. Миллиондаған адамдар бет алдына босып кетті. Бірақ бәрібір Берлингтегі рейхстаг үстінде жеңіс туы желбірей көтерілді. Осы жеңісте Қазақстаннан шыққан қаһарманмен жауынгерлердің қанымен, жанымен мына жарық өмір үшін аянбай ұмтылған зор үлестері бар еді. Біз Жеңіс күнін жақындатқан, қаратүнек фашизмге қарсы жан аямай күрескен әрбір жауынгерге қарыздармыз.
Ұлы Отан соғысы және Ұлы Жеңіс. Бұл екі сөз бір-бірінен толықтыра түседі. Ұлы Жеңіс біздің халқымыздың орасан зор құрбандықтарымен келген қасіретті арифметикасы. Соғыс салған зардап әлі күнге дейін толық жойылған жоқ. Олардың Отан үшін қан кешкен әрбір қадамы, жеңісті жақындата түскен әрбір күні ұмытылмайды. Өйткені, ерлік шежіресі ұрпаққа ұлағат, ертеңгі күнге үлгі боларлық сабақ. Біз соғыстан кейін туған ұрпақ кешегі Ұлы Отан соғысы жылдарындағы аға ұрпақтың – қазақтар мен қазақстандықтардың жанкешті ерлігі туралы тек оқулықтардан, көркем әдебиеттен және кинотуындылардан ғана білеміз. Жеңістің 70 жылдығы қарсаңында Ұлы Отан соғысында қаза тапқан боздақтардың рухына бас иіп, олардың ерлігінің саяси – кейінгі буынның азаматтық парызы........
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Менің Отаным – Қазақстан

Отан...Бұл-әр адамның жанына жақын,жүрегіне жылы тиер сөз.Құс
ұясыз болмайтындай,адамОтансыз болмайды.Ал менің Отаным –сонау Солтүстік Қазақстанды қамтиды.Қазақстан дегенде көз алдыма шалқыған жайлау,түтіні бұрқыраған ауыл,жазық дала елестеп,бақтағы бұлбұл құстың үні мен айдын көлдегі аққу құстың қиқулаған даусы құлағыма келеді.
Қазақстан-тәуелсіз ел.Сол тәуелсіздік жолында қазақ бабам не көрмеді десеңші ?! Еліміздің басынан азап та,аштық та,сұм соғыс та өтті.Әсіресе, 20 ғасыр қазақ халқы үшін ауыр тиіп,қайғыға толы кезеңмен есте қалды.Қанша қиыншылық келсе де,біз оларды ешқашан ұмытпаймыз,айтпаймыз да.Себебі,бұл-тарих.......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Рәміздер - бірлік пен достықтың негізі.

Рәміздер –тәуелсіздіктің нақты белгісі. Олардың қатарына –әнұран , елтаңба, ту жатады. Бұлар - әрбір тәуелсіз мемлекет үшін ең маңызды қажеттіліктер. Рәміздеріне қарап олардың тарихын, мәдениетін, дінін, әдет-ғұрпын ,тілін, дәстүрін, барлық құндылықтарын білуге болады. Бұлар ел үшін, мемлекет үшін қымбат таусылмас байлық. Бұл байлықты әрбір «мен қазақпын» деген азамат құрметтейді. Рәміздер - біртұтас Қазақстан Республикасының ажырамас бөлігі, айнасы. Шаңырақ, уықтар, аңыздағы қанатты пырақтар, бес бұрышты жұлдыз, «Қазақстан» деген жазу өте ақылды ойластырылып, бесеуі де бір-бірімен өз үйлесімін тапқан. Әнұранға келсек бұл да қазақтың төл туындысы, салтанатты әні. Оның шырқалуы, шарықтауы, мағыналылығы қоғамдағы атқаратын рөлі өте зор. Бұл - рәміздердің үшеуі де сарқылмас қазына, асыл мұра.......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Қаһарман қыз - Хиуаз Доспанова

Қаһармандығы тарихта белгілі болғанымен, дүйім жұртқа көп таныс емес қазақтың батыр қыздарының бірі Хиуаз Қайырқызы Доспанова. Ол 1922 жылы Орал қаласында дүниеге келген.
Ұшқыштық өмір жолын Оралдың аэроклубында бастап, кейін әйгілі ұшқыш Марина Раскова басқарған 46-гвардиялық полкінің құрамында 300-ден астам әуе шайқастарына қатысқан Хиуаз Доспанова сол кездің өзінде теңдессіз ерлігі үшін «қанатты қыз» атанған еді. Әлия, Мәншүк, Хиуаз... Олардың есімдерін тек Қазақстан ғана емес, кезіндегі КСРО халықтары да жақсы біледі.
Хиуаз Астрахандағы балық кәсіпшілігімен айналысқан жұмысшы отбасынан шыққан. Ол кісінің кезінде Мәншүк Мәметовамен бір көшеде тұрып, көрші болғанының өзі өмірінің естен кетпес бір сәті іспеттес. Есімдері тарихта мәңгі қалатын бір көшенің батыр қыздарының мінездерінде де ұқсастық бар. Алғырлық, қайсарлық, адалдық. Екеуіне ортақ қасиет.
Мектеп қабырғасын үздік бағамен тәмамдаған талдырмаш жас қыз ұшқыш болуды армандайды. Сонымен алған бетінен қайтпайтын пысық қыз 1940 жылы мектепті үздік бітіргенде запастағы ұшқыш деген куәлік те алып шығады. Сөйтіп Мәскеуге жол тартып, Жуковский атындағы әскери-әуе академиясына түспек болады. Бірақ ол «жастарға қайда барса жол ашық» деген ұран жұрттың бәріне бірдей емес екенін болжай алмапты. Қазақ даласынан келген қара торы қызға мұндай оқу орнының есігі жабық екен. Сонда, тұңғыш рет маңдайы тасқа тиген жас қатты налиды. Бірақ налыса да жасымаған Хиуаз Мәскеудің 1-ші медициналық институтына оқуға түседі. Бұл жерде де алғыр қыз құрбыларының алды болып жүреді. Сабақты жақсы оқуымен қатар ол спорттық гимнастикамен де айналысып, әрі қоғам жұмысының белсендісі болады.
Сөйтіп жүргенде бір жыл өте шығып, жазғы сессия күндері басталады. Каникулға енді-енді шығайын деп тұрған күндерінің бірінде соғыс өрті бұрқ ете қалады... Бойында патриоттық сезім шалқыған қыз өзге құрбылары секілді демалыста үйіне кетпей Мәскеу қорғанысына қатысу жұмыстарына қалады. Олар әуелі «Метрострой» жүйесінің қарамағында болса, еріктілерді артынан Мемлекеттік қорғаныс комитеті өз қолына алады........
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Ұлы Жеңіс – тарихтың жарқын беттері

Адамзат тарихында Жеңістер көп. Бірақ солардың ішінде мән-маңызы жөнінен шоқтығы биік –Ұлы Отан соғысындағы Жеңіс. Адамзат тарихындағы ең сұмдық соғыстың болып өткеніне 71 жыл толды.Бірақ ұлы жеңістің ұмытылмайтыны сияқты, соғыс та ұмытылмастай ізін қалдырды.Жеңіс күні - бұл сан мыңдаған ұрпақ үшін ортақ мереке. Бұл сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін тарихта мәңгілік қалатын күн. Бұл күнді соғыстың алғы шептерінде қарсылықпен шайқас жүргізіп, ерліктің сан үлгісін көрсеткен ардагерлер тойлайды. Бұл мейрамды өздерінің тылдағы қажырлы еңбегімен жеңісті шыңдаған, станоктың қасынан, егін даласында, күні-түні мал бағып, тынымсыз жұмыс істеген жұмысшылар, ауыл адамдары тойлайды. Бұл мейрамды біздің аяулы апаларымыз-өздерінің әкелерін, ерлерін, ұлдарын және сүйіктілерін көзінен жасы сорғалай жүріп төзімділікпен күткен, олардың орнын жоқтатпаған аналар мен жұбайлар, қалыңдықтар мен қыздар тойлайды.Бұл мейрамды жеңістің құрдастары тойлайды. Ұлы жеңіс елі мен жері үшін жанын пида еткен, туған-туысқандарына, жақын-жарандарына, туған жеріне, ауылына оралмай қалған қаһарман ерлерді бүкіл ел болып еске түсіреді....
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Тәуелсіздік белгілері-рәміздер!

Қазақстан әнұранымен айбатты, туымен тұғырлы, елтаңбасымен еңселі ел екендігі шындық. Қазақстанның рәміздеріне ту, елтаңба, әнұран жатады. Бұлар әрбір тәуелсіз мемлекет үшін ең маңызды қажеттіліктер. Рәміздеріне қарап олардың тарихын, мәдениетін, дінін, тілін, дәстүрін, барлық құндылықтарын білуге болады. Сол сияқты Қазақстан мемлекетінің де тәуелсіздігін алғаннан кейінгі ең маңызды міндет тұрды. Ол Қазақстан рәміздерін тағайындау еді. Сол кезден бастап еліміздің өз туы, елтаңбасы, әнұраны бар . Бұлар ел үшін, мемлекет үшін ең баға жетпес қазына, таусылмас байлық. Бұл байлықты әрбір «мен қазақпын» деген азамат ардақ тұту қажет. Рәміздер біртұтас Қазақстан Республикасының ажырамас бөлігі, айқын бейнесі. Рәміздердің әрқайсысының шығу тарихы бар. Бұл Қазақстанның қаншама ғасырлар бойы аңсап күткен тәуелсіздігін алғандығын паш ететін киелі қазына.......
Шығармалар
Толық
0 0

Шығарма: Мен – Қазақстанның патриотымын

Әр адамда өз анасынан басқа да,
Болу керек құдіретті төрт ана:
Туған жері – түп қазығы, айбыны,
Туған тілі – сатылмайтын байлығы.
Туған дәстүр, салт-санасы – тірегі,
Тағдырына шуақ шашар үнемі.
Және туған тарихы,
Еске алуға қаншама,
Ауыр әрі қасиетті болса да...
«Патриот» деген сөз туған жер , туған тіл, туған дәстүр, туған тарихтың ажырамас бөлігі іспетті. Мен үшін жоғарыда айтылған құдіретті төрт ана адамның бойында патриоттық сезімді қалыптастыратын ең негізгі бөліктер. Патриот – өз Отанын, оның халқын сүйе біліп, сол халқының тілін, дінін, салт-дәстүрін қастерлей білетін, еліміздің болашағы, мүддесі үшін бар күш-жігерін, қабілетін аямайтын нағыз ұлтжанды адам.......
Шығармалар
Толық
0 0