Эссе: Татулық әлемді құтқарады
Тамыры тереңге жайылған татулық тірегінің ордасына айналған Қазақ елінің бірлігі мен берекесі тарқаған емес. Ұлт пен ұлыстың татулығы бүгінде елдегі қоғамдық ынтымақтастықты сақтап отыр. Байтақ елде жалпақ жұрттың бірлігі бұзылмай, татулығы тарқамай өмір сүріп жатқандығы үлкен мақтаныш. Бір шаңырақ астында ұлттың ұйытқысына себеп болып отырған сарабдал саясатымыз мен Ата заңымыздың аясында атқарылып жатқан шаралардың нәтижесі екендігі белгілі. Әлемде ұлтаралық бірлігімен, татулығымен ерекшеленетін ұлт екенімізді ескерсек, тұрақтылық пен бейбітшілік үйлесім тапқан елміз. Сонымен қатар халықтардың өзара түсінушілігі мен берекесін тапқан бірлігінің арқасында да татулық діңгегі ажыраған емес.Осымен шығармам Тәмәм!
Бүгінде егемен елімізді мекендеген 130-дан астам ұлт пен ұлыстардың өкілдері тату-тәтті өмір кешіп келеді. Осындай бірлік пен достықтың арқасымен, Қазақстан әлем алдында беделді елге айналды.
Біздің елімізде сан ұлттың өкілі татулық пен достықтың буынын бекітіп, әлемдік дамудан көшбасшысы болуға ұмтылып келеді. Ұмтылу жолы өте ауыр. Киелі қазақ шаңырағына уық болып қадалған өзге этнос өкілдері "Қазақстан - достық пен татулықтың шынайы мекені" дегенді ұранға айналдырған.
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: