Эссе: Қонақжай қазақ

Эссе: Қонақжай қазақ

Қазақ - қонақжай халық. Осы сөйлемді естіген сайын менің көз алдыма қаршадай күнім, дастарханы жиылмайтын біздің ақшаңқай киіз үйіміз келеді. Төрінен қонақ үзілмейтін, ошағынан қазан түспейтін үйді сипаттау керек болса, ары ұзамайын деп өзімнің қараша үйімді тіліме тиек етер едім. Біздің үйдің қос бәйтерегі өз алдына отау боп шыққан, 7 бала өсірген, таныс-тамырлары көп жандар болды. Содан болар, әйтеуір, біздің үйдің ішілетін асын қонақ келмей ішкеніміз есімде жоқ. Қонақтың сыбағасын ұсыну, қонақ кәде сұрау өз алдына бөлек әңгіме. Қонақ келсе қой егіз табытыны сияқты, ырысымыз артпаса, кеміген жоқ, шүкір. Жастайымыздан көргеніміз бар, анамыздың бойымызға сіңіргені бар дегендей. Қазір, өзім де үйге келген жанға шәй ішкізбей, ауқаттандырмай шығармаймын.

Қатты асығыс жүргеннің өзінде дастарханнан нан ауыз тигіземін. Баламысың деген, кішкентай кезімде, бір дастарханды жинап бола бергенде, тағы бір адам келсе, тағы шәй қоятынбыз. Сонда бұртиып ашуланғанда, «қонақжай болу - ата-бабадан дарыған қасиет. Кең бол! Кем болмайсың, шырағым!» , дейтін әкем. Соған көзімді жеткізуге тіптен септігін тигізген асыл Пайғамбарымыздың сахих хадистері: «Алла қонағы көп болған үйді, үй иесін жақсы көреді» "Қайсы бір үйге болсын қонақ кірмей, періштелер кірмейді", "Қонақты күту жәннатқа кіретініңнің дәлелі", "Кім Аллаға және ақыретте (әрбір ісіне есеп беретініне) сенсе, қонағына құрмет көрсетсін” деген екен Адамзаттың асылы. Осы тұста айта кету керек, қонақты өзімізше бөліп, ат қойып жүрміз ғой. Мәселен, сыйлы қонақ, жәй қонақ, танымайтын қонақ, шақырылмаған қонақ деп. Қазақекем қандай қонақ келсе де, «құдайы қонақ» деп төрін ұсынған.

Яғни, қазақтың мейірімділігі, даналығы, адалдығы қонақ күткенде сыналады десек, артық айтқандық болмас. Ал, сіз, қаншалықты қонақжайсыз оқырман?! Үйіңізге келген пендені шаттана қарсы аласыз ба, әлде томаға тұйық болып, түсіңізді суытасыз ба?! Қалай болғанда да, ырыс-берекем артсын десеңіз, табалдырығыздан аттаған құтты қонақты разы қылыңыз! Хош, сонымен, қарға тамырлы қазағым, шаңырағымыз биік, керегеміз кең болсын! Ошағымыз сөнбесін, дастарханымыз жиылмасын!

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
эссе сочинение про Конакжай казак на казахском языке скачать бесплатно, шығарма Қонақжай қазақ туралы эссе шыгарма казакша сочинение на казахском, эссе шығармалар шыгармалар жинағы жоспарымен, Қонақжай қазақ

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]