Эссе: Менің таңдауым

Эссе: Менің таңдауым

Гүлдана БЕКБОЛАТ

Сары ала күздің келбеті, сары даланы сыйқырлағанына бүгін төртінші күнге таяп келеді. Қоғамға тұлға ретінде, сара жолымның алғашқы баспалдағына ақырын ғана қадам басып келемін. Адамның арманы шексіздікпен тоғысатын, санада жарқ ететін саф идеялар жиынтығы іспеттес. "Күз келбетін салқын санап, көпшілігіміздің жатсынатынымыз жасырын емес. Бірақ білесіз бе, кеше ғана кіріп келген табиғаттың бұл мезгілін алғаш рет сұлу келбетте күтіп алдым". Қабағы- қатулы, жаңбырын төгіп жіберетін- жылауық, жасыл даланы күн көзіндей келбетке орандыратын сары күзді- мен жаны нәзіктік пен сұлулыққа құштар қыз баласындай көрдім.

Қатулылығы- еркек жаратылысына оңайлықпен ере қоймайтын қайсар қызды еске түсірсе, толассыз жаңбыры- сылаң қағып, сыбдыр күлкісімен жаныңды баурайтын нәзік жандылардың мамықтай көңілдерінің сүйкімді келбетте бұртия қалатыны, айналаны алтынға орауы- әйел табиғатының қолынан келетін қауқардың қаншалықты мықты екенін көрсетуге ұмтылғысы келетіндей. Бұл ойлардың тууына Қазақ Ұлттық Қыздар Педагогикалық Университетінде оқысам, тұнып тұрған білім мен тәрбиенің ордасына еніп, 75 жылдық тарихы бар "Ұстаздардың шеберханасына" айналған, қазақ қыздарының киелі мекені болған, қара шаңырақта білім алсам деген асқақ Арманымның орындалып отырғанында.

Елімізде жоғары оқу орындары көп. Бірақ, менің таңдауым не үшін ҚазҰҚПУ?

- Ол жаны мен тәні таза қазақ қыздарының келбетін тереңінен танып, апаларымның ізін басып, даналығы мен өсиеттерін бойға сіңіріп, құндылықтарына қанық болып, келешекке нағыз батыр, өр мінезді, тазалық пен сұлулыққа жаны құштар, қазақилық тәрбиеге сусындап, бәсекеге қабілетті, кез-келген ортада көшбасшылыққа лайықты ретінде, өз ісінің нағыз маманы атанып, Еліме, Халқыма қызмет етіп, үлкен кісілердің батасын алып, ел азаматтарын тәрбиелеп, тәлім беріп, егде тартқанда өмірімнің бос өтпегенін сезінгім келген осындай болашаққа құрылған сүйкімді арманым мен қиялымның жетегінде, ақыл мен жүрек қалауы түйіскен ортасында таңдау жасап келіп отырған оқу ордам- осы ҚазҰҚПУ! Қас пен көздің арасында зымырайтын алтын уақыт несімен ерекше деген сауалға, жақсы жандардың тәлім мен тәрбиесі тоғысқан алтын ордада бас қосып, игі жақсылардың ықпалынан болашақ маман ретінде өткізген кезеңім дер едім!

Әрбір ғимаратына кіргеннен-ақ қазақ өмірінің иісі аңқиды: мәдениетіміздің, ұлттық киімдеріміз бен бұйымдарымыздың мұнда қаншалықты асқақтап, құрметтеліп, ұлықталып тұрғанын көріп көзім тойды. Университеттің әр қабырға, әр бұрыштарында- өнегелік! Ұлттық құндылықтар дәріптеліп, нағыз қазақ қыздарының ауылы, шаңырағы тілсіз сайрап тұр.

Арманымның алдамағанына көзім жетті!

Менің осында оқуға түсудегі мақсатым, білім ордасында қазақы орбитаның қалыптасуы.! Кең етек жаюы!

Мен болашағыма сенемін

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
эссе сочинение про Менин тандауым на казахском языке скачать бесплатно, шығарма Менің таңдауым туралы эссе шыгарма казакша сочинение на казахском, эссе шығармалар шыгармалар жинағы жоспарымен, Менің таңдауым

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]