Эссе: Туған жер тұғырым

Эссе: Туған жер тұғырым

Бұрынғы Елбасымыз Н. Назарбаевтің « Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласында: «...Туған жер –әркімнің шыр етіп жерге түскен ,бауырында еңбектеп , қаз басқан қасиетті мекені, талай жанның өмір бақи тұратын өлкесі», - деген еді.Бір ауыз сөзбен туған жер деген ұғымды толық қамтитындай...

Жалпы туған жер дегенде есімізге балалық шағымыз түсетіні айдан анық, солай емес пе?! Сол туған жерде туылған соң ол жердің табиғатын ерекше ұнатамыз. Біз үшін ауасы, тау-тасы бәрі ерекше болып , бәрінен қымбат санаймыз.Ешқандай адам өзінің туылған жерін ұмытпайтыны айдан анық. Себебі туған жер әрбір адамның жүрегінен орын алады. Оған деген махаббатымыз шексіз... Мейлі біз алыста болсақ та, туған жерді күнде ойламасақ та, тіпті кейде жиі баруға уақыт таппай жатамыз дегенмен де, оны сағынғанымыз есімізге түссе, біз бәрін тастап сонда баруға дайынбыз .Өйткені біз үшін ол анамыздай , оған барсақ демаламыз, шаршағанымызды ұмытып , онымен өткен қызықты күндерімізді еске алып бір марқайып қаламыз.

«Осы туған жер дегеннің қадіріне жетіп жүрміз бе?» деген сұрақ келеді. Тарихқа көз жүгіртіп көрейікші , осы ұлан байтақ жер үшін , ел үшін қаншама адамның қаны төгілді, қаншама жастарымыз тәуелсіздік құрбаны болды.Қан мен тердің арқасында келген жерді қорғау , қадірлей білу біздің міндетіміз . Алайда ,осындай тыныш елде тұрып көптеген діни ағымның жетегіне кетіп жатқан жастарымыз көбейіп кетті қазіргі сәтте, оның барлығы діни сауатсыздық пен патриотизмдік сезімнің азайып бара жатқандығынан деп білемін.Осы тұста Бауыржан Момышұлының: «Опасызға –отан жоқ», - деп тайға танба басқандай етіп айтып кеткендей қазіргі кезде өз мүддесі үшін елін, Отанын сатып кеткен адамдар көбейіп кетті ғой... Осындай болып жатқан жағдайларға қарнымыз ашатыны бар.Біздің қолдан келері ,болашақта қазіргі көріп жүрген қателіктерге бой алдырмау. Солардың бәрін жөндеу керек. Болашақ ұрпаққа да ел мен жердің қан мен тердің арқасында келгенін насихаттау - біздің парыз Бұрынғы Елбасымыздың«Туған жерге деген сүйіспеншілік Туған елге – Қазақстанға деген патриоттық сезімге ұласады» деген сөзімен мақаламды түйіндей келе, барша отандастарымды егеменді еліміздің жарқын болашағы жолында аянбай еңбек етуге шақырамын.

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
эссе сочинение про Туган жер тугырым на казахском языке скачать бесплатно, шығарма Туған жер тұғырым туралы эссе шыгарма казакша сочинение на казахском, эссе шығармалар шыгармалар жинағы жоспарымен, Туған жер тұғырым

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]