Эссе: Айналайын
Жақында ғана «Аналайын» сөзінің мағынасын білдім. Сол сәтте өмірімде үлкен өзгеріс енгендей күй кештім. Осы уақытқа дейін бұл сөзді сан мәрте естісем де, назар аудармағаныма өкіндім. Марқұм болған әжем шашымды сипай «айналайын, құлыным менің» деп емешегі езіле қоңыр көздерімен елжірей қарағанда, мектеп кезінде жақсы бағамен қуана кіргенде, «ақылыңнан айналайын, ботам» деп айтқан анамның қуанышты жүзін көргенде, «айналайын, қара қызым менің» деп басымнан құшырлана иіскеп, еркелеткен әкемнің мойнына асылғанда – бұл сөзде тек еркелету ғана емес, соншама мейірім бар екенін білмеппін. Ал, бұл күні осы сөзді естуге құмар болып алдым. Үлкендердің сөз соңында «айналайын» деп бата берер ме екен, анам мен әкем де бұрынғыша «айналайынымен» еркелетер ме екен, мүмкін досым маған осы бір сөзді айтып, төбемді көкке бір жеткізер деп елеңдеп отырамын.
Демек, құлаққа жағымды, жүрекке жылы тиер сөзде тек ерекше мән-мағына ғана емес, ананың мейірлі алақаны да, әженің жағымды үні де, әкенің адастырмас ақылы да, атаның мейірімге толы көздері де, ағаның, әпкенің өз бауырына деген ерекше ықыласы да, жалпы үйдің үлкенінің балаға деген шексіз махаббаты бар екендігіне көзім жетті.
Бұрынырақтарда үйдің үлкендері ауруға шалдыққан жастарды аман алып қалу үшін, өздерін құрбандыққа атаған. Ол үшін ауырған адамды үйдің ортасына жатқызып, өздері үш рет айналып, есікке келгенде «айналайын» деп дауыстайды екен. Осыдан кейін ауырған адам жазылып, әлгі айналған кісі ауруға шалдығады немесе қайтыс болып кетеді дейді. Тағы бір оқығанымда көне түркілердің осы дағдысымен атақты Бабыр өзінің қанынан жаралған ұлы Құмайын ауырғанда оны үш рет айналып, мықты денсаулығына қарамастан қайтыс болыпты деседі. Содан қалса керек сөз қадірін түсіне білетін қазақ халқы балаларына «айналайын» деп еміренеді екен. Онысы «сенің жолыңда менің жаным құрбан» дегені ғой. Әй, менің жүрегі кең, дана халқым-ай...
Кәкімбек Салықовтың мына өлең жолдарының тамыры тереңде жатқанын енді түсінгендеймін:
«Бүкіл әлем сөйлегенде бір тілде,
«Айналайын» деген сөзді сақтармыз».
Ойлап отырсам, бұл сөз тек қазаққа тән секілді. Ешбір тілге аударылмайды, аударылған күннің өзінде жанға жылу ұялатар мағынасын дөп басып бере алмайды. «Айналайын – чудесное слово,
Жаль, что русский его не поймет.
Объяснить я готов ему снова,
Только бедно звучит перевод»,- деп жырлаған Олжас Сүлейменов те бұл сөзде жатқан нәзіктік пен зор сүйіспеншілік бар екенін білгені ғой.
Соны білген соң, өзім жақсы көретін адамдарға, сары уайымға салынған жандарға, көзінен мұң байқалатын жақындарыма қарап, іштей «айналайын» деп айта бастадым. Олардың жарасын жазуға, мұңын емдеуге сәл де көмегім тиер, бәлкім.

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: