Эссе: Ел болам десең

Эссе: Ел болам десең

«Алдыңғы жақсы артқы жасқа тәлім айтпаса,ел болғаның қайсы?» деп қазақтың ұлы жазушысы Мұхтар Әуезов айтып өткендей біз өзімізден үлкендерден үлгі-өнеге алып,ал кішілерге тәрбиелік қағидаларды көрсетеміз. Дүние есігін ашқаннан бастап ана сүтінен нәр алып,әке өнегесін тыңдап,тал бесіктен бойымызға нағыз тәрбие жиямыз. «Отан отбасыдан басталады» демекші, отбасының әр адам өмірінде алар орны бөлек деп ойлаймын.Әрине,тек отбасы емес, дос-жаран мен ұстаздардың да атқарар рөлі зор.Мектепке барған кезде де өзімізге керек мәліметті жинап,болашағымызды ойлауымыз қажет.Себебі,он бір жыл көзді ашып жұмғанша өте шығады екен.Осы уақыт ішінде сабақты жақсы оқумен қатар,достарымыздың арасында да сыйлы бола білу қажет деген ойдамын.Дос арасында сыйлы болу-жаман қылықтармен алда болу емес,керісінше ақылдылықпен,жақсы мінезбен,қайырымдылықпен өмір сүре білу.Дегенмен,қазіргі жаман әдетке салынып,болашағын ойламайтын жастардың әрекетін көргенде ішім ашиды.Біз жастар қазірден,тіпті,бала кезден ел үшін қандай іс жасай аламын,қалайша ата-анамның абыройын асқақтатамын деген сұрақтарды миымызда қорыта білуіміз керек деп есептеймін.Себебі, туып-өскен жеріміз бен мәпелеп өсірген ата-анамыздың орны бәрінен жоғары тұрады.Қандай жағдай болмасын ұлтымызды жоғалтып алмауымыз керек.

Әр баланың өміріндегі ең маңызды жан-ата-ана.Біздің мінезіміз бен қылықтарымыздың басым бөлігі сол кісілерге ұқсайды.Өзіміз байқамасақ та,біз көп жағдайда ата-анадан көрген іс-әрекеттерімізді қайталап жататын секілдіміз.Сондықтан отбасы құру,отбасындағы бала тәрбиесі жөніндегі проблемалар әрдайым өзекті деп ойлаймын.Қазіргі таңда байлық,атақ-абырой сияқты түкке тұрғысыз заттарға ғана қарап отбасы құрып жатқан жастар бары рас.Ал адам байлықтан да жалығатын күн жетеді.Дегенмен отбасы құрған адамның ойы жан-жарымен самай шашы ағарғанша бір болып, қиындыққа мойымай, саналы ұрпақ тәрбиелеу болады деп ойлаймын.Өкінішке орай жастардың ойы адами қасиеттерге жетпек түгілі, көк қағаздан әрі асатын түрі жоқ.Ал бұның арты әрине жастардың ажырасуымен аяқталады.Ал ортадағы баланың жағдайы тіптен қиын деп ойлаймын.Менің ойымша баланы бір адам тәрбиелеген жеткіліксіз.Бала отбасында кімнің қандай рөл атқаратынын,қандай міндеттері бар екендігін фильмдер мен кітаптардан ғана емес, өмірде де көруге құқылы.Ешқандай жазықсыз перзент балалар үйін күнелтуге міндетті емес.

Жастардың басқалардың сөзіне тез еретіні,тез сенетіні,еліктеушілігі басым екені рас.Қазіргі таңда әлеуметтік желілер осы мәселені өршіктіруде деп есептеймін.Ғаламтор мен әлеуметтік желілердің пайдасы да аз емес.Дегенмен, шет елден неше-түрлі заттарды көргенде, қызығушылығымыз артып, бәрін байқап көргіміз келетіні өтірік емес. Осы еліктеушілік ар-ұятты, ұлтымыз бен қадір-қасиетімізді таптап, санамызды улап бара жатқандай көрінеді. Ата-бабамыз қалдырған асыл қасиеттерді сақтап,дәріптеу қазіргі таңда біздің қолымызда.Еліктеушілік пен құр мылжыңдықты қойып,мойнымызға жауапкершілік алуымыз керек.

«Жасымда ғылым бар деп ескермедім,Пайдасын көре тұра тексермедім.Ержеткен соң түспеді уысыма,Қолымды мезгілінен кеш сермедім» деп Абай атамыздың өзі айтып кеткендей,қамшының сабындай ғана қысқа өмірдің,жастық шағымызды өткізіп алмай,мүмкіндік барда білім алып,ой-санамызды толықтырып,еліміздің болашағына септігімізді тигізу қолымыздан келеді.Еліміздің болашағы біздің қолымызда.Тәрбиеміз бен білімімізді тең ұстап,еліміздің ертеңі болар,көк туымызды тек биікке көтерер жастарымыз көп болғай!

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
эссе сочинение про Ел болам десен на казахском языке скачать бесплатно, шығарма Ел болам десең туралы эссе шыгарма казакша сочинение на казахском, эссе шығармалар шыгармалар жинағы жоспарымен, Ел болам десең

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]