Эссе: Шешендік өнер ұлттық психологияның бастауы

Эссе: Шешендік өнер ұлттық психологияның бастауы

Ақтөбе облысы
Хромтау ауданы
Бөгетсай мектеп-гимназиясы
9- класс оқушысы
Тағыберген Диана

Елімізде шешендік өнер демей «Қазақ шешендік өнері»деп айшықтап,меншіктеп атауымыздың мәні бар.Шешендік өнер Еуропа елдерінде сонау көне заманнан бермен қарай ғылым болып қалыптасып, зерттеліп келеді.Шешендік сөзбен жүзеге асыратын әрі сөзбен барша жетістіктерге жеткізетін өнер саласы.Шешен сөзінің дәлелдігін оның әділдікті жан-тәнімен қолдап қорғауы барлығына түсінікті болғанда айқын көруге болады -деп Квинталиан айтқан екен.Шешендік өнер-адамзат өркениеті тудырған рухани-мәдени құндылықтардың бірегейі.Сондықтан шешендік өнериен оның тарихы адамзат мәдениеті тарихының сабақтас бір бөлігі.Көне дәуірде б.з.б Y-IY ғасырларда Грецияда басталып,Римде б.з.б бірінші ғасырда-Цицерон заманында өркендей түскеншешендік өнерінің гүлдену кезендерінің тарихы әлемге әйгілі.Өйткені сол кезеңдерде-ақ көне Греция мен Римде шешендік өнер өркендеп қана қойған жоқ,шешендік өнер туралы ғылымның риториканың да негізі қаланды.Көне риториканың жетістіктері гректің ұлы шешені,саяси қайреткері әрі мәмлегері Демосфеннің есімімен тығыз байланысты.Шешендік сөздің түр-түрін ажыратып,жүйелеп топтастыру да күрделі істің бірі болып табылады.Шешендік сөздің құрылымы да жан-жақты зерттеуді қажет етеді.Шешендік дәстүр,шешендік мектеп бізді бүгінге дейін түрен тимеген мәселе күйінде қалып отыр десек,артық айтқандық емес.

Халықтың өмірі,тарихы,елдің тұрмыс тіршілігі қазақ көкірегіненжыр-дастан,өлең-ән,ертегі-аңыз,күмбірлеген күй болып төгілді.Табиғатынан көзі ашық,көкірегі ояу,өзінің кең жазира даласындай дарқан дарынды ойын-сауықшыл халқымыз осы баға жетпес қазынаны киелі дүниедей қастерлеп,ұрпақ санасына сіңістіріп,болашаққа мәңгілік өлмейтін мұра қалдырды.Барша қазақ мәдениетінің түп қазығы саналатын осы теңдесі жоқ қазына бүгін халқымыздың рухани сусындайтын шалқыған шалқар дариясына айналып отыр.Халқымызыдң мақтанышына айналған қазақтың көне ауыз әдебиетінің арада талай ғасырлар өтсе де ұрпақтан ұрпаққа тарап,ел зердесінде мықтап орныққан,танымдық мәнін,тәрбиелік мазмұнын әсте жоймаған заман ағымына қарай қайта жасарып,айрықша көпшілік ілтипатына ие болып отырған түрі шешендік сөздер,тағылымдар.Қазақ табиғатынан ділмәр,шешен халық.Қазақ тарихында елдің елдігін,халқының бірлігін,бүтіндігін көксеген,елді адалдыққа,адамгершілікке,жақсылыққа үндеп,халқының мұң-мұқтажын,мүддесін көздеп ғұмыр кешккен ділмарлар көптеп саналады.Төле,Қаз дауысты Қазыбек,Әйтеке билер заманында қоғамдық қайраткерлер дәрежесіне көтерілген ірі тарихи тұлғалар,қара қылды қақ жарған әділ шешендер.

Барша ғаламға ортақ аспан әлемінде Шолпан жұлдызы біреу-ақ.Ал қазақ деген ұлы халықтың ұлы көшін бастаған билер керуенінде мәңгі өшпейтін,өшпек өз алдында елдік көшіміз керуенін жалғастырып,ұзаған сайын қарсы алдынан жарқырай түсетін үш Шолпан жұлдызы бар.Олар-Төле, ӘЙтеке,Қазыбек.Ел аузында «Әйтеке жарып айтады,Қазыбек қазып айтады,Төле тауып айтады»деген ұлағатты сөз бар.Бұлар қазақтың әлем алдында ортақ тұтар,қайталанбас тұлғалар.Бұл үшеуі тұрғыдан жақсыны жаман жараламайды,елімізді дау араламады.Өйткені үшеуі жер бөліспеді,дау бөліспеді,бәрін ортақ қазаққа санады.Шешендік өнердің қалыптасуында билердің орны айрықша.Билік жүйенің қалыптасуы халқымыздың әлеуметтік өмірмен тікелей байланысты екені мәлім.

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
эссе сочинение про Шешендик онер улттык психологиянын бастауы на казахском языке скачать бесплатно, шығарма Шешендік өнер ұлттық психологияның бастауы туралы эссе шыгарма казакша сочинение на казахском, эссе шығармалар шыгармалар жинағы жоспарымен, Шешендік өнер ұлттық психологияның бастауы

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]