Эссе: Жігітті жолдасына қарап бағала

Эссе: Жігітті жолдасына қарап бағала

Әрбір жанның қасында өзі сенім артарлық,бар сырымен бөлісетін сырласы,өмірлік серігі болады.Ол әрине,сенің ең адал досың.Дос деп кімді айтады?Дос деп бар қуанышыңды бөлісетін,қиын сәтте жаныңнан табылатын,сенен еш нәрсені аямайтын, адал жанды айтады.Сені әрқашан жігерлендіріп отырады,құлағанда сүйеніш болады.Жылағанда жұбатып,қуанышыңда әркез бірге болатын жан.Міне,осындай жанды нағыз дос деп айтуға болады.

Осындай адал сенімді дос бәрінде бірдей бола бермейді.Біреуі адал,біреуі амал.Жақсы досты табу үшін де ,ең алдымен өзіңді дұрыстау қажет.Өзің жаман болсаң,жақсы досты несін іздейсің?!Сен қандай болсаң,жолда сондай достар жолығады.Қазақта сөз бар «Жігітті жолдасына қарап бағала».Бұл мағынаны аша келгенде, сенің жолдасыңның өзің секілді болатынын айтады.Яғни,сен қандай болсаң, жаныңдағы серігің дәл сондай.Сондықтанда өзіңе адал дос іздесен, ең алдымен өзіңді жөнде.

Өзіңе жақын , сенімді дос бәріне керек екені анық.Ондай адал достар әрине бар.Тек оларды дұрыс таңдай білу керек.Дос бұл сенің жамандығынды жасырып,жақсылығыңды асыратын жан .Дос таңдау барысында еш қателеспеу керек.Алайда, жақсы дос таба білу,өзіңе де тікелей байланысты.Сен адал ,сенімді бола білсең,сағанда сондай жандар жолығатынына кәміл сенемін.

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
эссе сочинение про Жигитти жолдасына карап багала на казахском языке скачать бесплатно, шығарма Жігітті жолдасына қарап бағала туралы эссе шыгарма казакша сочинение на казахском, эссе шығармалар шыгармалар жинағы жоспарымен, Жігітті жолдасына қарап бағала

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]