Эссе: Менің алғашқы ұстазым

Эссе: Менің алғашқы ұстазым

Шымкент қаласы №3 жоббм
6 «д» сынып оқушысы Султанходжаева Розанна

Өмірдегі қадірлі орын - мұғалімдікі.
Мағжан Жұмабаев

«Ұстаздық - ұлы құрмет». Небір данышпан адамдар, қарапайым еңбеккерлер де бәрі бір адамға қарыздар. Ол-алғашқы ұстаз. Әрбір адамның алғашқы ұстазы болады. Менің алғашқы ұстазым мектеп табалдырығын қорқынышпен аттаған кезімде, өз мейірімділігін көрсетіп, ең алғаш қолыма қалам ұстатты. Біздің білім алатын ұямыз- мектеп екенін түсіндіріп,мектеп ережесімен таныстырып, мектеп ішін аралатты. Енді оқушы болдыңдар дегенде өзімді ерекше сезіндім.

Алғашқы ұстаз былайша айтқанда, мектептегі екінші анамыз. Менің сүйікті де алғашқы ұстазым - Нәзира Мұратжанқызы анамдай болып кетті. Ал ана әрбір адам баласына қымбат жан. Ананы қалай ардақтасақ, ұстазды да солай ардақтаймыз.Ұстазымыз әрдайым бізді жылы жүзімен қарсы алатын.Ұстазымды алғаш көргенде, бірденнен биік шеберлігімен, қарапайымдылығымен, адамгершілігімен бізді баурап алды. Нәзира апай бізге білім беруге бар күшін салып ат салысты Көңілі пәк,ойы нәзік шәкірттерінің жүрегіне ақыл дәнін септі. Бізді оқуға, есеп шығаруға, ойымызды айтуға үйретті. Апайымыз біздің тәртібімізге, тазалығымызға қатты мән беретін. Барлық сабақтарын тартымды әрі қызықты өткізетін. Бізді сабаққа қызықтыру үшін сыныптан тыс іс-шараларды да жиі ұйымдастыратын. Ол әр уақыт керек кезде көмегін аямай, ақылын айтып, жол көрсетіп отыратын дана адам.

Мен ұстазым сияқты алға қойған мақсатыма жеткім келеді. Ал менің мақсатым - Абай атамның сөзімен айтсам, осы дүниеге кірпіш болып қалану. Сондықтан да мен Нәзира апайымды мақтан тұтамын. Ойыма ой қосып,бізге бар ықыласымен білім берген алғашқы ұстазым Нәзира Мұратжанқызына алғысым шексіз. Менің жарқын болашағыма нұр сепкен апайыма зор денсаулық, қажымас қайрат, ұзақ ғұмыр тілеймін!

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
эссе сочинение про Менин алгашкы устазым на казахском языке скачать бесплатно, шығарма Менің алғашқы ұстазым туралы эссе шыгарма казакша сочинение на казахском, эссе шығармалар шыгармалар жинағы жоспарымен, Менің алғашқы ұстазым

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]