Эссе: Өмірдің мәні - отбасым!

Эссе: Өмірдің мәні - отбасым!

Әр адам өмірдің мәнін, оның құндылықтарын түрлі мағынада елестетеді. Біреу үшін ол – көп ақша, екіншілер үшін қымбат көлік немесе шетелге саяхаттау, тағы біреулер үшін бағасы адам құнынан да артық әшекей бұйым. Мен жоғарыда аталғандарды өмірдің құндылықтары деп айтпас едім. Себебі олар – материалдық құндылық. Кейде осы екеуінің арасын ажырата алмай, талай адамның қателесіп жүргеніне куә боламыз. Бұл дүние бүгін бар да, ертең жоқ. Менің өмірімнің мәні – отбасым. Олар маған миллиардтаған ақшадан да қымбат, бағасына неше карат гауһар жүзіктер де жетпейді. Осы өмірдегі мен арқа сүйейтін адамдар – әкем, анам және бауырларым. «Бірінші көрнектілік – отбасы, ошақ қасы» дегендей менің бар байлығым, ай, күнім осы жандар. Жаңа туған жас балаға айтылатын әлди сияқты, мен де осы күнге дейін асыл әкем мен ардақты анамныңқамқор әлдиінде тербеліп келемін. Қазір ата-анам мен үшін барын салып, күн-түн демей еңбек етіп жүр. Менің тамағымның тоқ, көйлегімнің көк болуы үшін уақытпен де санаспайды. Кішкентай болсам да ата-анамның маған көрсеткен қамқорлығын, отбасы жылуын сыйлағанын, балалық шағымның бақытты өтіп жатқанының себепшісі болғанын жүрегіммен сезінемін. Жұдырықтай жүрек бүгінгі еңбектің өтеуін ешқашан қайтара алмасын біледі, себебі ананың ұйқысыз өткен бір түнін маңдай термен тапқан миллион ақшаға да сатып ала алмайсың, әкенің бір ақылыннеше кітап оқысаң да әкедей бере алмайтынын білесің.

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
эссе сочинение про Омирдин мани - отбасым! на казахском языке скачать бесплатно, шығарма Өмірдің мәні - отбасым! туралы эссе шыгарма казакша сочинение на казахском, эссе шығармалар шыгармалар жинағы жоспарымен, Өмірдің мәні - отбасым!

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]