Эссе: 6 шілде - Нұр-Сұлтан қаласы күні (Көрікті қала - Астана)

Эссе: 6 шілде - Нұр-Сұлтан қаласы күні (Көрікті қала - Астана)

«Астана-отанымыздың жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі» Н.Ә.Назарбаев


Астана-ұлан ғайыр еліміздің бас қаласы, әлем таныған жас қала. Біздің дәуіріміздің ХІ-ХІІІ ғасырларында Арқада қыпшақ тайпалары көшіп - қонып жүрген. өткен ғасырда археологтар Ақмола жерінен көне қаланың орнын тапты. Бозақ-қазіргі Астанадан небәрі 15 шақырым жерде. Қалашық Х-ХІІІ ғасырларда гүлденіп, Жібек жолы бойындағы сауда орталықтарының біріне айналған. Сондай-ақ Бозақ қыпшақ билеушілерінің елордасы болған. Демек, Елбасымыздың Астана орнын Арқа төсіне таңдауы кездейсоқтық емес, тарихты болжап, болашақты түйген көрегендік. 1996 жылы Ақмола қаласын астана жасаймыз дегенде қоғамның басым бөлігі күмәнмен қарады. Алайда 1998 жылдың 10 маусым күні тәуелсіз Қазақстан жаңа да жас қала-Астананың атын бүкіл әлемге паш етті.

Етек-жеңін енді қымтап, есін жиған егемен елдің бірегей ұлдары Қазақ елінің болашағы үшін барын шаша еңбек етті. Халқымызда «Басы қатты болса, аяғы тәтті» деген дана сөз бар. Астана дамып, көркейе түсті. Айбынды Астанамыз жарық жұлдыздай жарқырады Астанамыз әр күні жылға татитын, әр жылы ғасырға тең қарқынмен дамудың даңғыл жолына түсті.

1999 жылы ЮНЕСКО-ның шешімімен Астана «Әлем қаласы» атағына ие болды.

Астана-сәулеті келіскен алып шаһар. Бас қаладағы ең ғажайып, әсем мұнара-Бәйтерек. Тіршілік иелеріне тірек, сүйеніш, қорған, пана деген ұғымды білдіретін алып мұнара еліміздің символына айналған. Гүлденген Астанамыз, түрленген жас қаламыз-елдік пен тұтастықтың ғажайып үлгісі.

Не деген махаббат сұрапыл,
Тәңірден берілген нұр, ақыл.
Астана қазақты ғаламға,
Танытпай қоймайды, тұра тұр, - деп
Қ.Әбілдақызы жырлағандай, Астана-Елбасының ғажайып ерлігі.

Жас ұрпақтың келешегін ойлайтын кемеңгер адам Нұрсұлтан Әбішұлының ұлы дала төрінен асқақ та ғажап қала тұрғызуы-теңдессіз қайсарлық. Әр елді Астанасы-сол елдің төлқұжаты. «Астанасына қарап елін таниды» деген Елбасы сөзінде терең мән бар. Нұрсұлтан Әбішұлы «Еуразия жүрегінде» атты кітабында: - қалалардың да адамдар сияқты өз тағдыры болады. Олардың әрқайсысының өз аты, қайталанбайтын өмірбаяны, дүниеде ешбір жерге ұқсамайтын өзіндік айрықша мінезі мен белгілері бар», - деп жазыпты. Британдық «The Sunday Times» газеті өзінің 2005 жылғы 20 ақпандағы нөмірінде: «Астанада жасалып жатқан жұмыстардың ауқымы адам нанғысыз. Оны жүзеге асыру үшін Қазақстан Президенті Нұрсұлтан болу керек», - деп жазды. Ендеше, аяулы Астана - Елбасының тарихи қолтаңбасы. «Біз жаңа астананың негізін салдық. Бұл - бостандық туралы ежелден далалық арман мекен еткен қала. Бұл - біздің он бес жылғы жолымыз бастап әкелген және бүгінде осы жол енді ғана басталатын қала. Бұл - біздің жол, Қазақстан жолы», - дейді Н.Ә.Назарбаев.

Сәулетті Астанамен тағдыры тоғысқан, халқымен жүрегі бір Елбасы бастаған нұрлы көш - Қазақстанның Тәуелсіздік жолы ешқашан адаспақ емес. Елбасы бізбен бірге. Астанадай ғаламат қала Қазақ жерінің мәңгілік жерұйығына айналады.

«Еңселі Елорда, асқақтаған Астана». Бүгін біз осындай қасиетті сөөдерді құрметпен, бойымызға біткен ұлтшылдық сезіммен көкірегімізді керіп, басымызды көтеріп, аса мақтанышпен айта аламыз. Себебі, Арқаның төрінде сылдырап аққан Ерке Есілдің жағалауында орналасқан айбынды Астанамыз бүгінде 14 жасқа толды. «Елу жылда ел жаңа» дейді дана халқымыз. Бірақ 50-дің жартысына да еме 14 жасқа енді ғана толып жатқан жаңа қала жас қала Ару Астанамыздың көрсе көз тартар- көрікті, қараса көздің жауын алар, жаңа үлгідегі өнеріне негізделген биік-биік ғимараттары қалаға сән беріп, жаңаша бағыта ерекшелендіріп тұрғаны сөзсіз. Ару Астанамызда орналасқан әсем ғимараттың бірі - «Пирамидаға» тоқталсақ оның ішін былай қойғанда сыртының өзі ерекше бір әлем емес пе?. «Бәйтерегіміздің»- өзі неге тұрады? Онымен қоса «Мұз қалашығымыз» тағы бар. Барлық әсем ғимараттарды жекелеп даралап айтар болсақ уақыт жеткізе алмайтын іспеттіміз. Астананың ауыз толтырып айтар жері көп екені бәрімізге аян. Яғни , ару Астанамыздың халық тамашалап, қызықтап көрер жері көп. Бұл дегеніміз Астананың не бәрі 14 жылда қол жеткізген жетістіктері десек артық айтқан болмас едік. Тіпті шет елдерден қаламыздың әсем жерлерін аралап, тамсанып кететін шет елдік қонақтар да аз емес. Жер бетіндегі Еуразия құрлығының кіндігінде орналасқан Астана – Еуразия мен Азияны жалғастырушы алтын көпір, қақпаның кілті болса, күллі қазақ халқының – жүрегі. Не бары 14 жылдың ішінде адам айтса сенбестей өзгерген ару Астана өзге елдермен терезесі тең, келешегі кемел болашағы айқын және жұлдызы жарық қалалар қатарына қосылды. Осындай жетістікке жетіп, Астананың алып жатқан асуы – тұғырлы тәуелсіздігіміздің, еңселі елдігіміздің, айбарлы азаттығымыздың арқасы.Ең бастысы Елбасымыздың дара басшылығының қол жеткізген биік белестері деп ойланбастан айта аламыз. Әлемде аждаһаданда айбарлы, ғаламдық жаһанданудан аман өткен Астана бүгінде ұшқыр да қалыпты дамып, жаңаша бағытта көрпкейіп, гүлденуде. Бұл да болса халықтың айрандай ұйыған ауызбіршілігі, тұрақтылығы және ең бастысы шаттығы шалқыған бір шаңырақтың астында бейбіт өмір сүріп жатқаны, ақ көңілді, кең пейілді, ешкімді жатсынбайтын, арамдықтан ада, қиянаттан шет, жомарт мінезді, кез келген адамзатты бауырана баса білген бауырмал ешкіммен теңдесі жоқ қара қазағымның арқасы. Өзге ұлт күйресе де, жаңа заманда жасампаздықпен қалыптасып жатқан жаңа қаламыз ешқашан жойылмасын. Елдігіміздің еңселі, тәуелсіздігіміз тұғырлы болып, еліміз мәңгі жасап, қол жеткізген жетістігің молайып, жайнай берсін. Асқақтай бер Ару қала – Астана, Туған күнің құтты болсын –Астана!!!

Астана-Қазақстанның елордасы.Ол Есіл өзенінің бойында орналасқан.Астана қаласы бір мың тоғыз жүз тоқсан жетінші жылы Қазақстанның астанасы болып жарияланды.Мұнда көптеген ғимараттар,саябақтар бар.Астананың жанында Қорғалжын қорығы орналасқан.Осы қысқа уақыттың ішінде Астана гүлденген,дамып жатқан қала болды. 1998 жылы 6 мамырда - еліміз президенті Н.Ә. Назарбаев Ақмола қаласын Астана деп атауға жарлық шығарды. 1998 жылғы 10 маусымнан- жаңа астананың ресми тұсаукесері болып өтті. Содан бері осы күн Астана қаласының туған күні ретінде мерекеленеді. «Астана-бас қала» - деп айтылуында үлкен сыр жатқан секілді. Ата-анаммен Астана қаласына Қала күнін атап өтуге барғанымда оған мен көз жеткіздім. Жаңа астанада бой көтеріп жатқан көп қабатты үйлер жаңаша сәнмен, ерекше көрікпен салынып жатыр екен. Қаланың әсемдігіне қарап көзің тоймайды. Шет елдердегі қалалар секілді. Жаңа қаланың ортасынан бой көтерген Бәйтеректің, Ақ орданың, Үкімет үйібәрі-бәрі де ерекше сәнмен орын тепкен. Әсіресе алаңқайларға егілген,қазақша өрнекпен бейнеленген қызыл- жасылды гүлдер, жан-жағына салқын леп таратып тұрған түрлі-түсті фонтандар, халқымыздың ертегі-дастандарынан алынған ертегі кейіпкерлерінің мүсіндері менің көз алдымнан ешқашанда кетпейтін шығар. Сонда жүріп жанымда сыныптас достарым болмағанына өкіндім. Мүмкін биылғы оқу жылындасыныпымызбен ұйымдасқан түрде Астана қаласына барармыз деп ойлаймын. Бұл менің ғана емес, көптеген достарымның арманы. Ал жақсы нәрсені армандау, жақсы ниет жасау кез-келегн қазақ баласына тән қасиет.

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
нурсултан нұрсұлтан астана туралы шыгарма шығарма сочинение казакша, нурсултан нұрсұлтан астана каласы туралы шыгарма шығарма сочинение казакша, шыгарма шығарма сочинение на тему нурсултан нұрсұлтан астана на казахском языке скачать, нурсултан нұрсұлтан астана туралы шығарма, Қазақша шығарма астана туралы казакша шыгарма, сочинения на казахском языке про город астана, сочинения на казахском про акмола астана, астана туралы қазақша шығарма, астана туралы казакша шыгарма, астана туралы шыгарма шығарма сочинение казакша, аст, 6 шілде астана күні, астана туралы шыгарма казакша, астана туралы шығарма қазақша, сочинение на казахском языке астана, астана каласы туралы шыгарма шығарма сочинение казакша, шыгарма шығарма сочинение на тему астана на казахском языке скачать, шыгарма шығарма сочинение казакша, казакша, шығарма, шыгарма, астана каласы, шыгарма сочинение на тему астана, астана қаласы туралы шығарма, астана туралы шығарма, Қазақша шығарма: астана, Қазақша шығарма: астана туралы казакша шыгарма, сочинения на казахском языке про астана город, Қазақша шығарма, астана туралы казакша шыгарма қазақша шығарма, астана туралы шыгарма, сочинение на казахском языке про город астана, на казахском языке скачать, на казахском языке, скачать, на тему астана, астана туралы, қазақстан қалалары туралы шыгарма шығарма сочинение, казакстан калалары туралы шыгарма шығарма сочинение казакша, шыгарма шығарма сочинение на тему казакстан калалары на казахском языке скачать, шыгарма шығарма сочинение на тему города казакстана на казахском языке скачать, казакстан калалары туралы, казакстан калалары каласы, шыгарма шығарма сочинение на тему казакстан калалары, на тему казакстан калалары, города казахстана шыгарма шығарма сочинение на казахском скачать, astana turaly shygarma shyғarma sochinenie kazaksha, astana kalasy turaly shygarma shyғarma sochinenie kazaksha, shygarma shyғarma sochinenie na temu astana na kazahskom yazyke skachat, shygarma shyғarma sochinenie kazaksha, kazaksha, shyғarma, shygarma, astana kalasy, shygarma sochinenie na temu astana, astana қalasy turaly shyғarma, astana turaly shyғarma, Қazaқsha shyғarma: astana, Қazaқsha shyғarma: astana turaly kazaksha shygarma, sochineniya na kazahskom yazyke pro astana gorod, Қazaқsha shyғarma, astana turaly kazaksha shygarma қazaқsha shyғarma, astana turaly shygarma, sochinenie na kazahskom yazyke pro gorod astana, na kazahskom yazyke skachat, na kazahskom yazyke, skachat, na temu astana, astana turaly, қazaқstan қalalary turaly shygarma shyғarma sochinenie, kazakstan kalalary turaly shygarma shyғarma sochinenie kazaksha, shygarma shyғarma sochinenie na temu kazakstan kalalary na kazahskom yazyke skachat, shygarma shyғarma sochinenie na temu goroda kazakstana na kazahskom yazyke skachat, kazakstan kalalary turaly, kazakstan kalalary kalasy, shygarma shyғarma sochinenie na temu kazakstan kalalary, na temu kazakstan kalalary, goroda kazahstana shygarma shyғarma sochinenie na kazahskom skachat, нурсултан нұрсұлтан астана туралы эссе казакша, нурсултан нұрсұлтан астана каласы туралы эссе казакша, эссе на тему нурсултан нұрсұлтан астана на казахском языке скачать, нурсултан нұрсұлтан астана туралы эссе шағын шығарма

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]