Қазақша эссе: Патриот
Ыбраи Сымбат
8 сынып, Б.Атыханұлы атындағы №36 гимназия
Жетекшісі: Ибраемова М. С.

«Патриот, патриотизм» барлық адамда болу керек сезім! Әр адамның өз еліне, туып -өскен жеріне деген сезімі шексіз. Жалпы «патриотизм» сөзі өз еліне деген қамқорлық, сүйіспеншілік сезімі. Қазақ даласын, жерін қорғау үшін қаншама ата-бабаларымыз өз жанын, қанын қиды! Дұшпандарға қарсы тұрды!
Ал, біз қазір сол бір бабаларымыз алып берген тәуелсіз елде, жерде өмір сүрудеміз! Біздің мына кеудемізде сол тәуелсіздікті сезінерліктей түйсік, сезім, махаббат, сана, ақыл бар ма екен?
Қазіргі таңда «Қазақстан» атауын «Қазақ елі» атауына өзгерту туралы талқыға түсіп тұрған мәселеге де өзімнің қосылатынымды айтқым келеді. Өйткені, «стан» деген сөз қазақ тіліне тән сөз емес. Меніңше, «Қазақ елі» атауы бізге әбден лайық!
Егер Қазақстан өзінің көркеюін қаласа, онда, одан әрі дамуына болашақ ұрпақтар, мына біздер, барымызды салып, үлес қосып, ұрпақ сабақтастығын жалғастыруымыз тиіс!

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: