Қазақша шығарма: Домбыра

Қазақша шығарма: Домбыра

Домбыра — қазақ халқының ең кең тараған екі ішекті, көп пернелі музыкалық аспабы. Ол — қазақтар өмірінде маңызды орын алатын, -зіндік музыкалық сипаты бар аспап. Алғаш эпикалық дәстүр шеңберінде жыр, толғау, термелерді сүйемелдеуге қолданылған домбыра кейін аспаптық шығарма — күй жанрының қалыптасуына ықпал еткен. Қазіргі кезде домбыра жеке әнді сүйемелдеуге, күй тартуға, халықтық-фольклорлық музыкада, классикалық шығармаларды орындауға қолданылатын, мүмкіндігі кең музыкалық аспап болып табылады. Домбыра — қазақтың халық аспабы. Домбыра -қазақ халқының әрбір үйінде болуы міндетті және қажетті аспап болып есептелген.
Бұл музыкалық аспаптың пайда болу тарихы ғасырлар қойнауына кетеді. Ежелгі Хорезм қаласының қазбаларынан археологтар екі шекті құралдарда ойнал тұрған музыкантардың терракотты бейнелерін тапқан. Ғалымдар бұның Хорезмдік аспаптардың бұдан екі мың жыл бұрын өмір сүрген көшпелі сақ тайпаларының музыкалық аспабы екенін белгіленген. Бұл ежелгі екі шекті аспаптардың қазақ домбырасымен ұқсастығы көп және оның прототипі болып табылады. Осылайша, археология арқылы домбыраның ерте кезде пайда болғандығы анықталды. Домбыраның екі түрі бар — батыстық және шығыстық. Бұл орындалу дәстүрінің екі түрлілігімен ерекшеленеді. Орындалуы тез, виртуозды төкпе күйлерді орындау үшін сол қол домбыра жалымен еркін жылжуы керек. Сондықтан, батыстық домбыра жалы жіңішке және ұзынша болып келеді. Шығыстық жуан және қысқа жалды домбыраларда мұндай техникалық әдіс қолданылмайды. Аспаптар көлемімен қалыбының түрі дыбысталу күшіне әсер етеді: көлемі үлкен болса, дыбысталуы да сондай болады. Дыбысталу сипатына оң қол техникасының әсері бар: төкпе күйлерде дыбыс қол білезігін күшті сілку арқылы екі ішекті қағумен алынса, шертпе күйлерде дыбыс жекелеген қол саусақтарымен шектерді шерту арқылы берілген. Осылайша домбыра мен күйші, олардың орындалуы арасында тығыз байланыс бар. Домбыра тек екі шекті ғана емес, үш шекті де болып келеді. Қазақтың қазақтығын көрсететін ол бірден — бір — домбыра болып табылады. Тіпті осы киелі аспаптың бағасын халықаралық дәрежедегі ғалымдар да ақын, жазушыларда айтып кеткен. Александр Ефимович Алекгоров: Қолдан істелген екі ішекті домбырадан мұндай нәзік, мұндай әсем дыбыстар шығады дегенге мен еш уақытта сенбеген болар едім! Егер де мына қарапайым жаныңа тиетін әнді өз құлағыммен естімеген болсам, мен оның ызыңдаған жаратылыс үнімен ұласатын күшіне де сенбес едім! Сұлтанмахмұт Торайғыров: Біздің қазақ ән құмар халық. Біреу қолына домбыра ұстап ән сала бастаса, ойдағы-қырдағысы жиналып, сегіздегі бала, сексендегі шалына дейін қалмай қамалап, айтып-айтысып жанын жағасына келтіреді. Бара-бара не болса да сол әндегі рух сүйегіне сіңеді, құлағында қалады. Міне, Сұлтамахмүт Торайғыров айтып кеткендей қазақ домбырасын еш уақытта қолынан тастаған емес. Біреу әу десе екіншісі қосылып әгугайға айналған. Соның дәлелі қазіргі таңда сәнге айналған «Домбыра пати» шарасы. Домбыра Пати — өнерлі, домбырашы жастар ән салып, күй шертіп жиналған көпшілікке өнер көрсететін қозғалыс. Бұл жерде қазақтың қара өлеңін сағынып жүргендерге арналған ән-күй тегін. Ашық аспан астында өткізілетін шара болғандықтан тек жаңбыр жауып кетпесе болғаны, әр аптаның белгіленген күнін де өткізіліп отырады. Шартты түрде «Домбыра пати» атауын алған іс-шараның басты мақсаты — домбыраны, қазақ өнерін насихаттау Ұмытыла бастаған іні дәстүрді қайтадан сәнге айналдыру. Домбыра тарту — 2012 жылдың жазында Астанадан бастау алған. Оны бір топ өнерлі әрі белсенді, блогшы жастар бастамасымен бастау алған. Кейіннен еліміздің барлық қалаларындағы жастардан қолдау тауып ұдайы өткізіліп келеді. Домбыра пати — қазақтың ұлттық аспаптарын, соның ішінде жалпы халықтық саз құралы ретінде домбыраны, ұлттық музыканы, ұмытыла бастаған игі дәстүрлерді қайтадан сәнге айналдыру және жалпы қазақшылықты насихаттау мақсатында туындаған флеш-моб форматындағы қозғалыс.

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
домбыра туралы шыгарма, скачать домбыра туралы шығарма, домбыра туралы шыгармалар казакша, шығарма домбыра туралы, шығарма домбыра туралы қазақша, сочинение на казахском языке про домбру, скачать сочинение на казахском языке про домбру, домбыра туралы шығарма

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]