Қазақша шығарма: Менің сыныптас достарым

Қазақша шығарма: Менің сыныптас достарым

Достық – адамдардың бір-біріне адал, қалтқысыз сеніп, бір мүдделі, ортақ көзқараста болатын қасиеті. Достық өзара жауапкершілік пен қамқорлықтың, рухани жақындықтың белгісі. Нағыз достық кісіге шабыт беріп, өмірде кездесетін түрлі сәтсіздіктерге мойымауға, басқа түскен қайғы мен қиыншылықты бірге көтеруге жәрдемдеседі. Дос-жарандардың мінездері әр түрлі болып келуі мүмкін. Мысалы, біреуінде қызбалық не шабандық, екіншісінде тұйықтық не жігерсіздік байқалса да, бұлар достыққа кедергі бола алмайды, қайта нағыз достық осындай кемшіліктерден арылуға көмектеседі. Сатқындық, екі жүзділік, өтірікшілік, өзімшілдік достықпен сыйыспайды. Қазақтың дәстүрлі әдеп жүйесінде достыққа үлкен көңіл бөлінеді. Халық арасында достық туралы мақал-мәтелдер жеткілікті: “Дос жылатып, дұшпан күлдіріп айтады”, “Досы жақсының, өзі де жақсы”, “Дүниеде адамның жалғыз қалғаны — өлгені, қайғының бәрі соның басында”. Достыққа қарама-қарсы ұғым — қастық пен күншілдік. Мұндай сезімге ерік алдырғандар басқаның қуаныш-қызығын, ырыс-бағын көтере алмайды, дос дегеннің не екендігін білмейді. Дұрыс дос таңдай білу — өмірлік мақсаттардың бірі; Саясаттанудағы Достық ұғымы мемлекеттер арасындағы саяси, экономикалық, мәдени мүдде тұрғысынан ынтымақтастық орнату шараларын бейнелеу үшін қолданылып жүр. Қазір бізге достық бұрынғыдан бетер қажет. Достық – бұл өмірдегі ешнәрсемен бағаланбайтын құндылық. Дос табу оңай, ал оны сақтау одан да қиын. Достық қатынасқа нәзіктікпен қарап, берік сақтау керек. Өйткені ол да баптауды қажет ететін нәзік өсімдік сияқты. Біздер достықты сақтау үшін жан-тәнімізбен еңбектенбеуіміз керек. Қайтарымын қажет етпей, берудің жолдарын үйрену керек. Сенім мен жарқын көңіл – достықты берік ететін тірек саналады. Өзі шынайы дос бола білген адамның достары да көп болады және жер бетінде өзін жалғыз сезінбейді.


Менің Диана, Дәуренгүл, Айман, Меруерт, Данагүл есімді достарым бар. Оларды өте жақсы көремін. Жұбымыз жазылған емес. Сабаққа бірге дайындаламыз. Бос кезде бірге ойнаймыз. Велосипед тебеміз.

Достарымның бойында жақсы қасиеттер жетерлік. Мысалы, Дәуренгүл өте мейірімді. Әрдайым айналасына шуақ шашып жүретіндей. Сол әдемі мінезімен ауылдағы үлкен-кішіге сыйлы.
Мен достарымды мақтан тұтамын. Қасымда жүргендеріне қуанамын. Ал «Ұланды» оқып жүрген құрбыларыма: «Достарың көп болсын. Достықты қадірлей біліңдер!» – дегім келеді. «Досы жоқ адам – тұзы жоқ тағам» емес пе?!


Дос ұғымын Алатаудай биік, қозғалмайтын қамал деп түсінетінмін. Досқа адал болу, қажет кезде көмегіңді аямау - тағы бір салмағы басым жауапкершілік. Сыныптас достарым (барлығы жігіттер) - мен үшін кейбір бауырларымнан артық көретін алтын жандар. Біз барлық жерде бірге болатынбыз, туған күн, той, мереке күндері. Жан-жақтан 20-30 достар жиналып, Тараз, Алматы, Түркістан қалаларында дүркіретіп тек сыныптас достардың әдемі әзіл-қалжыңдарымен өткізген кездесулерге сол қалалардың жолдары, сәулелі күні мен жарқыраған жұлдыздары куә. Қапшағайдың ауасымен тыныстап, көлінің жағасына құмнан сурет салып қайтатаныбыз. Барлығы жігіттердің еңбегі. "Қыздар сендер тек біздің қасымызда жүріңдерші, күйеуге шықсаңдар да бізге келіп тұрыңдар, бізге сендерсіз қызық емес" - деп бізге шексіз құрметтерін аямайтын.

Сыйлап, төріне шығаратын. Көптің аузында жүретін, ұйымшылдықпен үлгі болып. Отбасылы болған аға буындар мен етегіне жармасқан баласын жұбатып, үй шаруасымен бас қатырып жүрген апайлар:"әйй, қалады кейін достарың, жан-жаққа кетесің тарап-тарап" деп жөнімен кете беруші еді. Елемеген сыңай танытып, гүбір-гүбірді жалғастыратынбыз. Аталарымыз айта алмай кеткен ақылдарын да достардан естідік. Көмектерін де аямайтын қолдарынан келгенше. Алматыға барғанда аяғымды жерге тигізбей, қажет жерге жеткізетін. Шуылдап жүріп мені автобусқа шығарып салатын. Сол кезде осындай достарыммен мақтанып, төбем көкке бір елі ғана жетпей қалатын. Еее, алдағы ащы күндерді сезді дейсіз ба сонда?! Бірінен кейін бірі ақ құстарын қолдарына қондырып, өз өмірлерімен кете барарын кім білген?! Ал, мен баяғы достарды аңсаймын, құрметтерін күтемін. Бірақ, болды ғой, бұрынғыдай әзіл-қалжыңдары қайда, отбасылық проблемалары тұрғанда. Соңғы 2 айда 4 сыныптасымның үйлену тойлары өтті, барған жоқпын.

Ең бірінші шақырылған тойға жұмыстан сұрана алмай, сүмірейіп қала бергем. Содан кейінгілерге де бармадым, зауқым соқпай. Өйткені бұрынғы балғын достардың бейнесі жоқ қазір оларда. Тіл табыса алмайтын сияқтымын. Болды, достармен ат құйрықты кесісемін деп топшыладым. Жоқ, көшеден көріп қалып, оларға деген ықыласымнан арыла алмадым. Барлығы жан-жағымнан амандығымды сұрамастан, "тойларға неге келмедің, тек соған жауап бер" деп талап еткенде, семьялы адамдардың қасында өзімді ыңғайсыз сезінетінімді айта алмадым.....Оданда маған виртуалды әлемде рахат.

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
менің сыныптас достарым шығарма, менің сыныптастар шығарма, менің достарым шығарма, менин сыныптас достарым шыгарма, сочинение на казахском языке про моего друга

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]