Қазақша шығарма: Мен елімнің нағыз патриотымын

Қазақша шығарма: Мен елімнің нағыз патриотымын

Егер әлемнің картасын алып қарасақ, Еуразия материгінің дәл жүрегінде мен үшін өте ыстық, өте әдемі жер орналасқан- ол Қазақстан.
Мен үшін Қазақстанның қыр жерлері де, суық аяздары да, терең сулары да қымбат, осы жерде менің ата- бабаларым туып - өскен, олардың тарихы менің тарихым, олардың туған тілі - менің тілім.
Менің елім ерекше ел, өйткені тек біздің елде бір жүзден астам халықтар тату тәтті өмір сүреді, тек біздің елде, мамырдың бірі күні үлкен халықаралық мереке болады, барлық елдер өз ұлттық киімдерін киіп, өз ұлттық тағамдарын дайындап әр түрлі тілдерде өлеңдер айтып, би билейді, тек біздің елде сондай жоғары деңгейде наурыз деген керемет мереке тойланады.
Менің елім ерекше, өйткені менің елімде ұлы адамдар өмір сүрген, ол Абай Құнанбаев, Шоқан Уәлиханов, Сәкен Сейфулин, Қаныш Сәтбаев, Мағжан Жұмабаев және тағы да көптеген бүкіл әлемге әйгілі адамдар.
Менің елім үшін Әлия, Мәншүк деген батыр қыздар өз жандарын аяған жоқ, мен өз жерлестерімен мақтанамын.
Қазақстанда тұратын адамдар да басқаша: мейірімді, қонақжайлы, тәрбиелі.
Тек менің елімде Алматы қаласында сондай дәмді, жұпариісті алмалар өседі, тек біздің қазақ әжелеріміздің бауырсақтары сондай тәтті болады, тек біздің суреттерімізде жасыл шөптің үстінде әдемі жылқылар жайылып жүреді, киіз үйдің қасында үстелдің басында көп адамдар шәй ішіп отырады, барлық осы жағдайлар мен үшін қымбат, мен үшін ыстық.
Алғаш рет бала бақшада болған кезде, мен қолымды жүрегіме қойып Қазақстанның әнұранын айттым, сол кезде жүрегімде, сезімімде бір сөз айтылмайтын сезім пайда болды, мақтаныш па? қобалжын ба?... осы сезім менің жүрегімде мәңгілікке қалады, әр дүйсенбі күні мектепте әнұранды айтқанда, менің ішкі дүниемнен көптеген сезімдер өтеді:отансүйгіштік, ел үшін мақтаныш, осы барлығы болмау мүмкін деген қорқыныш билейді.
Теледидардан Азия олимпиадаларын қараған кезде, біздің туымыздың бірнеше рет көтерілуін көргенде, мен бақыттан жылағым келді, бірақ жылауға мен ұялдым.
Мен өз отанымен мақтанамын, жазғы демалыс күндері мен Астана қаласында болдым, зәулім сарайларды, керемет ғимараттарды көріп мен таң қалдым. Байтерекке көтеріліп Нұрсұлтан атамыз қолын салған ізге қолымды қойып, мен жан жағыма қарағанда, Астананың соншалық әсемділігіне, кереметтілігіне қуандым, өз елім, өз халқым үшін, мен ойладым – «қандай біз бақытты елміз, бізде осындай танғажайып Астанамыз бар», мен өмірімде сонша көп гүлдерді бірінші рет көрдім және гүлдер жәй емес оюлар, әріптер, фигуралар түрінде өседі.
Астанада мен бір неше күн болдым, халықаралық сайысқа қатыстым, бос уақыт кезінде мен ата-аналармен қаланы араладым, «Думан» орталығына барып балықтарды көрдім, «Мега» орталықта әртүрлі аттракционардарға бардым, Есіл өзенінің үстінен орналасқан көпірмен жүргенде қаланың тынысы естіледі екенін көрдім. Астананы мен ешқашан ұмытпаймын.
Көптеген энциклопедиялар оқыған кезде әр түрлі елдердің керемет жерлерімен танысасын , мысалы Акрополис- әлемнің бір ғажайып жері, мен сондай керемет жерлерге барушы едім, тек бір аптаға, сосын өз Қазақстаныма оралушы едім, өйткені менің отанымнан мен үшін артық жер жоқ.
Осы үлкен, керемет елде менің кішкендай туған елім бар, ол Павлодар қаласы, біздің қаламыз басқа қалаларға ұқсамайды, қыста бізде өте суық күндер болады, ал жазда өте ыстық күндер, ал мамыр айында көшелермен жүргенде көзім тоймайды, қандай біздің қаламыз таза, жасыл, әсемді.
Мен үздік оқушымын, сабақтарды тек өте жақсы оқуға тырысамын, өйткені өскенде мен жүрек емдейтін дәрігер боламын, жылда көптеген адамдар жүрек ауруларынан көз жабады, менің атам да, мен мықты дәрігер болуға тырысамын, өз халқым үшін , өз елім үшін көп еңбек жасаймын.
Биыл біздің республикамызда «Жас Қыран» мен «Жас Ұлан» ұйымдар ашылды мен «Жас қыран» ұйымның мүшесімін, мен үшін ол керемет жағдай, күшім келгенше, мен біздің алдымызға қойылған мақсаттарға жетуге тырысамын.
Менде бір неше арман бар, біріншіден, Қазақстан халқының денсаулығы жақсы болсын, адамдардың денсаулығы мықты болса, олар ел үшін, өз отбасылар үшін көп пайда әкеледі, көп еңбек жасайды екіншіден, біздің Қазақстанымыз Жапония, АҚШ, Франция елдерімен қатар тұрса ғой деп армандаймын, және мен білемін болашақта ол болатын жағдай.
Егер менен біреу сұраса «Сен үшін өмірінде не бірінші орында тұрады - отбасын, мектебін, достарын, туған жерін?». Менің жауабым барлық компонентер мен үшін қымбат, бірақ барлығы туған жерден басталады, отбасым, мектебім, достарым, туған жер болмаса ештеңе болмайды.
Мен өз елімнің нағыз патриотымын, «патриот» деген сөз мен үшін өз елін жақсы көру, қадірлеу, өз елін үшін көп еңбек жасау, ел үшін ойлау, біздің елде әр түрлі қиын жағдайлар болған кезде мысалы табиғи апаттар мен елім, халқым үшін қорқып кетемін.
Бәріміз Қазақстан халқымыз бірігіп, тату тәтті өмір сүруге тырысу керекпіз, қалаларымызды, көшелерді таза ұстау керекпіз, шет елдерден бізге қонақтар келген кезде ұят болмау керек, еліміз үшін көп жақсылық жасау біздің міндетіміз, мен әрқашанда патриот болып, өз елімнің көркеюіне үлес қосамын, шығарма жазып отырғанда есіме келесі сөздер түседі.

Ең бірінші бақытым- халқым менің,
Соған берем ойымның алтын кенін...
Ал, екінші бақытым- тілім менің,
Тас жүректі тіліммен тілімдедім.
Бақытым бар үшінші- Отан деген,
Құдай деген кім десе- Отан дер ем!
М.. Мақатаев

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
мен патриотпын шығарма, мен өз отанымның патриотымын эссе, мен қазақ елінің патриотымын шығарма, патриот туралы шығарма, патриотизм туралы шыгарма, сочинение на казахском языке о патриотизме, патриоттық шығарма, патриоттык шыгармалар, патриот, шыгарма, шығарма, сочинение на казахском языке, о патриотизме, сочинение, на казахском языке, мен патриотпын, мен, патриотпын, елім деп соғар жүрегім шығарма, елім деп соғар жүрегім эссе жазу, елим деп согар журегим шыгарма, мен қазақстан патриотымын шығарма, мен қазақстанның патриотымын эссе, мен қазақстанның патриотымын реферат, мен казакстан патриотымын шыгарма, мен елімнің патриотымын шығарма, мен елимнин патриотымын шыгарма

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]