Қазақша шығарма: Менің ұстаздық борышым
Еліміздің ертеңгі мен бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында» Н.Ә.Назарбаев
Мен үшін мұғалім мамандығы – ең асыл мамандық. Барлық мамандықтың мамандығы. Мұғалім мамандығын таңдау үшін жүректің батырлығы, жауапкершілік және заман талабына сай болу керек.
Уақыт озған сайын, жаңа техника мен технология да дамып келеді. Осыған орай, біз болашақ ұрпақты табысты етіп тәрбиелеуіміз керек. Табысты тұлға қандай болу керек? Еңбеккор, алдына мақсат қойып, оған ұмтылатын, адамгершілігі мол, жауапкершілігі бар және бәсекеге қабілетті болу керек. Заман талабына сай тәрбие беруде біз адамгершілікті де ұмытпауымыз керек. Халықта «Ағаш түзу өсу үшін оған көшет кезінде көмектесуге болады, ал үлкен ағаш болғанда оны түзете алмайсың» деп бекер айтылмаған. Сондықтан баланың бойына жастайынан ізгілік, мейірімділік, қайырымдылық, яғни адамгершілік құнды қасиеттерді сіңіріп, өз-өзіне сенімділікті тәрбиелеуде отбасы ғана емес, педагогтар да шешуші роль атқарады.
Қай кезеңде де жас ұрпаққа білім мен тәрбие беру қоғам алдындағы ең жауапты, маңызды іс болған. Сондықтан, мен мамандық таңдар кезде қиыншылық туған жоқ. Себебі мен балаларды өте қатты сүйемін. Бастауыш мектеп білім берудегі басты фундаменті болып табылады. Осыған орай өзінен-өзі туындайтын жаңа өмір талаптарына сай жас мамандардың, өте жоғары деңгейде білім алып, еңбек майданында алдынан кездескен күрделі қиындықтарға мойымай, алған білімдерін дұрыс жұмсай білу керек. Әр сабаққа үлкен жауакершілікпен дайындалып отыруы қажет. Себебі, болашақта балалардың қандай адам болып өсуі бізге, мұғалімдерге де байланысты болады. Ол біздің мойнымыздағы үлкен борыш.

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: