Қазақша шығарма: Менің жазғы демалысым

Қазақша шығарма: Менің жазғы демалысым

Жақында мектеп алаңында достарыммен кездестім. Бәрі өсіп кетіпті. Тіпті, кейбіреуі адам танымастай өзгерген. Үш-ақ айда адам деген өзгереді екен-ау. Қызық. Таңым бар. Барлығының мақтана айтып жүргендері - жазғы демалыс. Біреуі Астанаға барғанын, біреуі Бурабайға барғанын, тіпті кейбірі шетелге барып келгенін мәз-мейрам болып айтып жатыр. Мен де олардан қалыспадым.

Менің жазғы демалысым өзімнің сүйікті қаламда өтті. Күндіз мектептің сауықтыру алаңында асыр салып ойнап, түрлі үйірмелерге қатыстық. Қызықты ертегі кітаптар оқып, түрлі қойылымдар қойдық.

Ал, кеш болса атаммен бірге бау-бақшаға көмектесіп, еңбек еттім. Жексенбі күндері «Балапан» телеарнасындағы қызықты хабарларды тамашаладым.

Жатар алдында әжемнің айтқан ертегісімен түрлі қиялға берілдім. Өзімнің сүйікті қаламда жақсы демалып, уақытымды әр нәрсе үйренумен өткізгеніме қуаныштымын.

Достарым айтқан алыс қалаларға, шаһарларға ер жеткенде бара жатармын. Әзірге ғалым атамның атындағы туған жерімде демалу өте қызықты. Жаз бойы жинаған күш-қуат, білім, ақыл алдағы оқу жылына азық болады деп ойлаймын.

Батырбек Нұрмұхамбет Еркебұланұлы
Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласы
№ 27 орта мектебі, 3 «А» сыныбы
Дереккөзі: Балапан

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
менің жазғы демалыс шығарма қазақша, менiң жазғы демалыс шығарма, менің жазғы демалыс шығарма казахском, сочинение на казахском языке про каникулы летние, менің жазғы демалыс эссе, менің жазгы демалысым, менин жазгы демалысым шыгарма казакша, менин жазгы каникулым шыгарма казакша, менин жазгы каникулым шыгарма, мои летнии каникулы сочинение на казахском скачать, скачать бесплатно, менин жазгы демалысым шыгарма

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]