Қазақша шығарма: 4 маусым - Рәміздер күні (Ел бейнесі – ел рәміздері)
Акиш Алтынай
10 сынып, №3 орта мектебі
Іле ауданы, Жетіген ауылы
Жетекшісі: Жексетова Ә.С.
10 сынып, №3 орта мектебі
Іле ауданы, Жетіген ауылы
Жетекшісі: Жексетова Ә.С.
Жиырма екі жыл бұрын тәуелсіздігін алып, тәй-тәй басқан мемлекетіміздің айрықша белгілері – Ту, Елтаңба, Гимн. Әр нышанда өзіндік өмір – салты, ерекшелігі, мұраты бар. Бұлар тек қана белгілер ғана емес. Бұлар қазақ елінің, қазақ жерінің қасиетті идеясы. Бұл белгілерді көрген адам өз еркіндігін және бірлігін сезінеді.
Рәміз дегеніміз – белгілі бір нәрсені көрсетуден туатын сыр таңба. Басқа елдердің алдында өз құндылығын, жер байлығын, рух байлығын
көрсететін белгілер. Осы күнде осындай елбасымен, осындай құндылықтар мен бірге дамып жатқаныма қуанамын.
Мемлекеттік Ту. Аспан текті, көк түсті. Ағайын, бұл кездейсоқ емес. Әйгілі Арсельм кестесі бойынша, ол – адалдықтың, кіршіксіз тазалықтың, пәктіктің белгісі. Сонымен қатар көк түс – ашық аспан реңіне сай болғандықтан, біздің халқымызда бұл ынтымақ пен бірлік, тұрақтылық, береке
– байлық белгісі болып саналады. Тудың қақ ортасында күн бейнесі бұл – мәңгілік өмірді және тіршілікті білдіреді. Ал қыран, әркімге мәлім бұл – арман, мақсат, мұрат, азат күн, кең бейне. Мұның бәрі бір тұтасқа айналған кезде зор Бақыт!!!
Елтаңба. Бұл біріншіден, көгілдір түс аясындағы шаңырақ. Бұл – отанымыздың ошағы, біртұтастығы, бастауы. Шаңырақты айнала тұрған уықтар, күн сәулесіндей жарқырайды. Ал екі жағындағы аңыз ертегілердегі, қанатты пырақтар тәуелсіз Қазақстанымның мәңгілік өмірі мен шексіз дамуының белгісі. Қазақ жерінің, көп ұлтты елдің рухани байлығын көрсетеді. Пырақтардың қанаттары болашақтың ертеңі жас ұрпақтың арманы биікке самғау талабы. Елтаңба маңдайындағы жұлдыз «Бағымыз ашылып – жұлдызымыз жана берсін» - деген асыл арманымызды көрсетуде. Жұлдыздың бес бұрышы қазақтың кең пейіл құшағындай бес құрлыққа теңдей.
Мемлекеттік Гимн. Елімнің музыкалық эмблемасы. Бұл – қазағымның басқа елге деген ақ ниетті сәлем хаты. Гимнің әр сөзі – елімнің намысы, арымның айнасы. Гимнді тек қана естіп қоя бермей, қосылып айтқаныңда бойыңда ерекше бір ұландық, азаматтық сезім туындайды. Бұны сезіну бір бақыт. Маңдайға біткен бақ.
Осының бәрін санасына қондыра білген адам, еліміздің ертеңі үшін аянбай еңбек етуі, оқып – білім алуы, Қазақстанның іргетасын бекітуі сөзсіз.

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Ұқсас мақалалар:
» Қазақша шығарма: 4 Маусым - Рәміздер күні (Рәміздерім - мақтанышым)
» Қазақша шығарма: 4 маусым - Рәміздер күні (Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері)
» Қазақша шығарма: Менің елім
» Қазақша шығарма: Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері
» Шығарма: Мемлекеттік рәміздер - елдігіміздің белгісі

Іздеп көріңіз: