Қазақша шығарма: Қызықты балалық шақ

Қазақша шығарма: Қызықты балалық шақ

Бала тәрбиесі ана сүтінен басталып өмір бойы қалыптасқан күрделі құбылыс. Тәрбиенің ең алғашқы негізі отбасында қаланады да, одан әрі балабақшамен байланыс арқылы жалғасады. Мұнда баланың жас ерекшеліктері және бейім қабілеттері назарға алынады. Көбінесе ата-аналар жалпы өз өмірлері, алған білімдері барысындағы кездескен кедергілер мен жіберген кемшіліктерін есепке ала отырып балаларын басқаша тәрбиелеуге күш салады. Тәрбие мақсатында сондай-ақ, сол отбасының ұстанатын этикалық, діни мәдени дәстүрлері де есепке алынады. Сондықтан ата-аналар кәсіби маманданған педагогтармен жиі ақылдасып, бала тәрбиесінде көмек алып отыруы өте қажет. Сонымен, бала тәрбиелене отырып, ойын, оқу іс-әрекеттері барысында білім алады. Балалармен жүргізілетін ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне жоспар құрып, күнделікті технологиялық картамен бірге, апталық циклограммаларды жасақтайды. Топтағы балаларды тәрбиеші мектепке шығарып салғанға дейін жетелейді.

Қазіргі таңда үш жастан бес жас аралығында балалар күн талабына сай тәрбиеленіп, білім алуда. №15 «Әсел» мектеп-бақшасының алға қойған мақсаты: туған жерін, халқын сүйетін, тарихын, мәдениетін, әдет-ғұрпын жақсы білетін ұрпақ тәрбиелеу, баланы жан-жақты тәрбиелеу мен білім беруде балабақшамызда ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерін қалыптастыру, мемелекеттік тілді құрметтеу, дамыту және жетілдіру. Балабақшамызда ұйымдастырылған оқу әрекеттері және көптеген тәрбие іс-шаралары өтілуде. Бүгінгі жас ұрпақты тәрбиелеп, оқытып қана қою аз, жан-жақты дамыту, жаңаша оқыту, үйрету және бағыт-бағдар беру қажет. Осы тұрғыда балабақшамыздың тәрбиешілері балалардың жас ерекшеліктеріне сай жылдық жоспар бойынша көптеген жұмыстар атқаруда. Біздің №15 «Әсел» мектеп-бақшасы іргелі жұмыстар жүргізу барысында балалар жас ерекшеліктеріне сай 8 топ және 1 сынып бекітілген. Әрбір топта баланың күнделікті өміріне қажетті мүмкіндіктері мен жағдайлары толық қамтамасыз етілген. Ұлттық салт-дәстүрді бала санасына жас кезінен қалыптастыру мақсатында әр топқа қазақ халқының тұрмыстық бұйымдарынан жинақталған бұрыштар ұйымдастырылған. Балардың логикалық ойлау қабілеті, интеллектуалдық дарындылығы, есте сақтау қабілеттері түрлі логикалық, сенсорлық ойындар арқылы баланың шығармашылық қабілетін дамытып, ақыл-ой белсенділігі арта түседі. Шығармаларды, ертегілерді, әңгімелерді еске түсіріп сөйлеу шығармашылығын дамыта отырып, театрлық көрсетулер ұйымдастыруға болады.

Бүгінгі тәрбиешілердің басты міндеті әлемдік өркениеттілікке ұмтылып, дүниеге іргелі ел ретінде танылып, тәуелсіздіктің тұғырын берік орнатып отырған Қазақстан Республикасының болашағын тәрбиелі, білімді, білікті, саналы азамат деп тәрбиелеу. XXI ғасыр талабына сай жаңашыл, шығармашылық, мәдениетті, жан-жақты сауатты жеке тұлға тәрбиелеу.

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
балалык шак шыгарма, қызықты балалық шақ шығарма, шығарма қызықты балалық шақ, шыгарма кызыкты балалык шак, интересное детство сочинение на казахском языке, скачать интересное детство сочинение на казахском языке

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]