Шығарма: Еліміздің өшпес жұлдызы
Әлемнің қай түкпірін алсақ та, өзінің елін-жерін жырға қосатын, сонымен қатар тылсым табиғаттың керемет дүниелерін қызығушылықпен зерттейтін, туған жерінің пайдалы жақтарын жүзеге асыра білетін, қоршаған ортаға ненің пайдасы, зияны бар екенін ақ-қарадай ажырата білетін, өзінің кіндік қаны тамған жерін әлемнің алдыңғы қатарлы елдеріне кіргізу үшін өзіндік үлесін қосатын белгілі ғалымдары болады. Міне, сол секілді еліміздің, яғни Қазақстан Республикасының гүлденуіне септігін тигізген, әлемдік саясат пен мәдениеттен хабардар болған, кеңестік Қазақстан ғылымын ұйымдастырушы, инженер-геолог, Қазақ КСР Ғылым академиясының тұңғыш президиенті-Қаныш Имантайұлы Сәтбаев. Бүгінін емес, ертеңін ойлаған ғалым Алтайдан Атырауға дейінгі, Ұлытаудан Қаратау жеріне дейін, Сарыарқаның көптеген аумағын ерекше назарға алып, олардың шығу тегі туралы маңызды ғылыми қорытындылар жасап қалдырды. Оның өлшеусіз еңбегі, төккен тері, елінің болашағы үшін бар ғұмырын сарп етуі келешек ұрпақты қалай толғандырмайды. Әрине өскелең, кемелденген жастар Қазақстан ғылымы мен мәдениетінде өзіндік орнын ойып тұрып ала білген ғалымның еңбегіне қалайша басын имейді. Мұндай зор құрметке ие болған ғалымның өткен өмірі туралы неге сыр шертпеске. Сәтбаевтың геологиядан басқа ғылымдарда, мәдениет саласында, тарихта қалдырған еңбектері мол. Атақты ғалым Ш.Уалиханов жазып алған «Едіге» жырының мәтініндегі қазақ оқырмандарына түсініксіз араб, татар сөздерінен тазартып, қазақ тілінің жаны орфографиясының негізінде қайтадан дайындаған. Мұның өзі келешек ұрпақтың өмірі бұлынғыр болмасын, қазақ тілінің құдіреттілігін басқа елге, жерге танытсын деген ойымен ұштасып жатыр емес пе?! Ғұлама ғалым Ұлытау өңіріндегі басты-тарихи, мәдени, археологиялық ескерткіштерді зерттеді. Жезқазған-Ұлытау өңірінен көптеген этнографиялық мұраларды жинап, «Жезқазған ауданындағы көне заман ескерткіштері» атты еңбегін жазады. Онда Ұлытау өңірі ежелгі металлургия орталығы болуымен қатар қазақ этносының саяси орталығы екендігі де толық дәлелденді. Қазақ орта мектебінің төменгі және жоғары сынып оқушыларына арналған «Алгебра» оқулығын дайындап шығарды. Бұдан басқа, ғалым қазақ халқының музыкалық мұрасының інжу маржаны болып есептелетін 25 әнді өзі орындап, орыс тілінде ғылыми түсініктеме беріп енгізген. Геологиялық барлау мамандығы бойынша Томск технологиялық институтының тау-кен факультетін бітіріп келгеннен кейінгі Қаныш Сәтбаевтың бүкіл өмірі Қазақстанның минералдық ресурстарын және рудалық кендер генеологиясын зерттеуге арналған. Оның геологиядан басқа ғылымдардан да, мәдениет саласында да, тарихтан да қалдырған ізі сайрап жатыр емес пе?! Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталуға тақалғанда, жағдайдың аса киын ауырлығына қарамастан, қазақ КСР ғылым академиясының ұйымдастыру жұмысына басшы болып, оның ісіне бел шеше араласуы ұлыларға тән көрегендіктің белгісі іспетті еді. Оның қалдырған ғылыми бай мұраларының ішінде, әсіресе, Жезқазған кені туралы зерттеулерінің, Сарыарқаның металлогендік және болжам карталары жөніндегі еңбектерінің мәні ерекше. Жезқазғанның ірі мыс рудалы аудандар қатарына жатуы кезінде осы кеннің жоспарлы түрде кең масштабтағы барлау жұмыстарын ұйымдастыруға болатын ірі обьекті екенін дәлелдеп берген Қаныш Сәтбаевтың еңбегінің нәтижесі. Сондай-ақ ол минералдық шикізатқа бай Сарыарқа, кенді Алтай, Қарағанды, Қаратау секілді аймақтарға да ерекше назар аудара зерттеп, олардың кендерінің стратиграфиясы, тектоникасы, құрылысы, металлогиясы, неохимиясы және шығу тегі туралы маңызды ғылыми тұжырым ұсынып, ғылымға формациялық металлогендік анализдің кешендік әдісін енгізді. Көптеген тәжірибелі мамандар қатыстырыла отырып, Қаныш Сәтбаевтың басшылығымен бірнеше жылдар бойы жүргізілген тынымсыз еңбектің нәтижесінде Сарыарқаның металлогендік және болжам карталары жасалды. Оны өндіріске ендіру арқылы Сарыарқа аймағында қара, түсті және сирек металдардың біраз жаңа кендері ашылды. Біраз кендерге бүтіндей жаңа өндірістік баға берілді. Ол Қарағандыда металлургиялық завод салуда, Қостанай, Алтай темір және марганец, Қаратаудың фосфорит кендерін және осылар секілді көптеген ірі нысандарды игеруге, Ертіс Қарағанды каналының қазылуына, біраз ғылыми зерттеу институттарының ашылуына тікелей араласып, зор еңбек сіңірді. Темір мен марганец, ванадий, фосфорит сияқты кендерді зерттеу нәтижесі химия саласына да орасан зор үлесін қосты.Сондай-ақ Алатаудың бір шыңы мен мұздағы,Қаратаудағы ванадий кенінің рудасынан табылған бір минерал ғалымның атымен аталады.Ғалымның негізгі ғылыми еңбектері кентасты кендер геологиясы мен Қазақстанның минералды ресурстарына арналған.Ғалымның ең бір құнды дүниесі мардымсыз өңір болып саналған Жезқазғанды ірі мыс кентасты аудан қатарына көтерудегі еңбегі еді.Ұлы Отан соғысы жылдарында танк бронын құюға қажетті марганец тапшылығы туған кезде Сәтбаевтың жетекшілік етуімен өте қысқа мерзімде жезді марганец кені барланып,іске қосылған болатын.Академиктің қолдауымен Алматыда Орта Азия геофизика тресі ұйымдастырылып, Қазақ КСР Геология және жер қойнауын қорғау министрлігі құрылды. Қазақстан Ғылым академиясын ұйымдастырып ондағы бөлімдерді,оған қарайтын институттарды,зертханаларды,секторларды,базаларды дұрыс жоспарлайды. Ғылыми зерттеулердің өзекті мәселелерін халық шаруашылығының муддесіне бағыттап,шаруашылық және мәдени құрылыстың басты мәселелерін шешуге белсене қатысып, Жезқазған кен-металлургия комбинатын, Қарағанды мен Балқаш металлургия зауыттарын, Ертіс-Қарағанды арнасын салу, Маңғыстау, Мұғалжар, Торғай өңірлерінің табиғи байлықтарын анықтау жөнінде зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру, республикамыздың ірі минералдық шикізат қорларын-Кенді Алтайды, Қаратау фосфоритін Қостанай мен Жезқазған-Ұлытау өңірлеріндегі темір, марганец көптеген кен орындарын игеру Сәтбаев есімімен тығыз байланысты. Қаныш Сәтбаев сынды ғылыми қайраткер өз еңбектерімен елдер арасындығы ғылыми ынтымақтастық негізін қалап, оның дамуына, қарыштауына теңдессіз ықпал етті.Қазақ ғылымын әлемдік деңгейге көтерумен қатар,тарихта есімін алтын әріппен жазып қалдырған, қазақ елінің ғылыми және мәдени даму жолында аянып қалмаған,бар мүмкіндікті пайдалана білген нағыз ғалым ретінде баршамызға мәлім.Ұлы ғалымның елімізге ғана емес,басқа шет елдерге де есімі танылып асқақтай түсті.Ғалымның есімі Қазақстан өнеркәсібі мен ғылымының даму тарихында ғана емес,сондай-ақ республикадағы бүкіл халық шаруашылығының, барлық экономикалық және мәдени өмірінің қалыптасуы және дамуымен тікелей байланысты. Басқа да елдің адамдары ғалымның есімін ғылыми жетістіктері, ғылымға және мемлекеттік қызметке сіңірген еңбегі үшін мәңгілік ардақтайды.Бұл пікір Тәжікстаннан келген елші мырзаның ойы еді. Ал менің ойым бұдан да күрделірек болмақ. Мен таныған,елі таныған, кіндік қаны тамған жері таныған, ең бастысы әлем мойындаған ұлы ғалымның мәңгілік рухани қазынасы еліміздің басты құндылықтары. Қай жерге сапар шексем де, мейлі Англия болсын, мүмкін Париж болар, ғалымның есімін бар жаһанға таныту менің басты міндеттерімнің бірі емес пе?!Оны мойындату қазіргі кездегі басты талаптардың бірі болып саналса да, келешек ұрпақтың санасына рухани құндылықты дамыту заман талабы болып табылады. Қанша уақыт өтсе де, артына қарамай тоқтаусыз зырғыса да, қанша жыл, ғасырлар толастамасада ұлы ғалымның есімі жүрегімізде мәңгілікке жаңғырып, өшпейтін құдіретті адам ретінде сақталады.
Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: