Шығарма: Мен желіден жақсылық іздеймін
Бұл дүниеде бәрі егіз: жақсылық пен жамандық, адалдық пен арамдық, алғыс пен қарғыс. Сол сияқты интернеттің де жақсы және жаман тұстары бар. Бірақ оларды бір-бірінен ажырата білу - адамдардың екінің бірінің қолынан келе бермейтін тірлік. ХІХ ғасырдың соңынан бастау алып, сәт сайын әлемді жаулап келе жатқан ғаламторды бірі мақтайды, бірі даттайды. Алайда пайдалы жағын қараймын деп ақ жолдан тайып жатқандар, денсаулығына нұқсан келтіргендер, артық қылам деп тыртық қылғандар да бұл әлемде қаншама.
Ғаламтор – сансыз мол ақпараттың орталығы. Біз одан кез келген мәліметті қарап, жүктей аламыз. Біз – адамдар, қандай нәрсе пайда болса да, ең алдымен оның кемшілігін, жаман тұстарын қарастыруға кірісіп кетеміз. Ғаламторда да қазір осы мәселе. Ғаламтор желісінің пайдасы көп. Тек біз оның жақсы жағын көрмей, қолдануға тиімді, берері мол, білімімізді молайтып, тәрбиемізді шыңдайтына әлі де болса көз жеткізе алмай келеміз. Ғаламторда не жоқ демейсіз, бәрі бар. Тек оларды дұрыс мақсатта пайдалана білу адамның өз қолында. Мәтін сөйлемдердің жиынтығы болса, интернет - сайттардың жиынтығы. Саны бар сапасы жоқ сайттар теңіздей толық та, өскелең ұрпақты өзін-өзі тәрбиелеуге үйрететін, рухани байлығын арттыратын сайттар шөлдей тарық, өкінішті.
«Ана көңілі балада, бала көңілі далада». Шынымен де нағыз тауып айтылған сөз осы. Біздің аналарымыз бауыр еті балалары үшін түн ұйқысын төрт бөледі. Ал бүгінгі күнде бәдік әлемнің шырмауына түскен балалар әлеуметтік желі үшін түн ұйқысын төрт бөледі, әрі жіпсіз байланып, күндіз күлкісінен, түнде ұйқысынан айырылады. Интернет бар жерде, міндетті түрде пайда болатын мәселе – тәуелділік. Бала тәуелді болумен қатар, «бүгін емес, ертең, ертең» дейтін жалқау жанға айналады. Интернеттен сабағына байланысты қосымша ақпараттар жинап, рухани байлық алып жатса, ештеңе айтпассың-ау, бір орында отырып-ақ ұшу, секіру, адам өлтіру, атыс-шабыс. Бұлар не? Ондай ойындарда бала отқа күймейтін, суға батпайтын адам кейпінде отырған соң, оған ас-судың, тіпті ата-ананың қажеті қанша? Мұндай нәрселер баланың сана-сезімін жаулайды, арбайды. Ал адамның ақыл-ойынан айырылғаннан артық қасірет жоқ. Қысқасы, Найман-Ананың баласы Жоламан секілді мәңгүртке немесе рухани мүгедекке айналады. Өз ұл-қызына шектеу қоя алмаған ата-ана болашақ ұрпаққа қандай қиянат жасап жатқанын білмейді. Компьютер енді қанат жайып келе жатқан кезде адамдар үшін оның бір пернесін басу орындалмас арман болған. Ал қазір...
«Жабық есік» саясаты дегенді естуіңіз бар ма? Иә, сонау ХІХ ғасырлар шамасында бұл саясатты ұстанған Қытай, Жапония сияқты мемлекеттер өз ортасынан оқшауланды, өзге елдермен одақтас болмақ түгілі, сауда қарым-қатынасын жасамады, өз азаматтарын шетелге шығармады. Интернет жаман, ол денсаулыққа зиян деп отыра бермей, әрбір ата-ана балаларының бойында осындай «жабық есік» саясатының ұя салуына жол бермеуі тиіс, өйткені мұндай саясатпен күн өткізген баланың көздері де, жүрегі де мұз болып қатып қалады. Техникалық заттарды көп тұтынбайтын балаға қарағанда ғаламтордың өрмегіне түскен бала қызба мінезді, ашушаң болып келеді. Одан соң баяғы қалпына келтіру оңайға түспейді. Күн арқан бойы көтеріліп, қайта ұясына батқанша интернетті жанына жақын, жүрегіне серік еткен жандар ғаламтордың қақпанынан құтқарудың бірден-бір жолы – оның рухани байлығын қалыптастыру, кітап оқуға деген ынтасын арттыру, кітапханамен мәңгілік дос ету.
Сөз соңында айтарым, интернет біздің ата-анамыз емес және ешкімнің де орнын баса алмайды, ол - жай ғана ақпараттық байланыстардың құралы. Әлеуметтік желінің бетін бір көрмей тыныш ұйықтай алмайтындар баршылық. Қазір мегабайтсыз дүние бос та, сурет пен «like»-сыз адам сұлу емес. Достарыңмен байланыс орнатқан жақсы, бірақ оған күні-түні тәуелді болу дұрыс емес. Интернет – бүгінгі технология қарыштап дамыған заманның ту тіккен ордасы. Ол шексіз түзу секілді, шеті жоқ. Ол түзуді ұзартатын да – адам, нүкте қойып, сәуле сызыққа айналдыратын да – адам. Уақыт – баға жетпес сыйлық. Қамшының сабындай өмірде компьютер алдында телміріп отырғанша далада серуендеп, түбі жақсылыққа апармайтын ойындарды ойнағанша қазақтың әдеби кітаптарын оқып, бар уақытты интернетке арнағанша ата-анасына, бауырларына арнаған адамға ешкім жетпейді. Әр нәрсенің өз нормасы бар. Интернетті қолданғанда да өз нормасынан асырмай, тек тиімді жақтарын пайдалану керек. Антон Макаренко айтқандай, адамды тәрбиелеу дегеніміз – оның ертеңгі қуанышқа ие болатын келешек жолын тәрбиелеу. Сондықтан бала бастан жақсы тәрбиеленсе, өз халқы алдында сыйлы, ештеңеден тайсалмайтын табанды, қиыншылықтармен күресіп, жеңіп отыратын жеке тұлға болуы мүмкін.
Еліміз мәңгі аман болғай!

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: