Шығарма: Тілі мықтының – елі мықты
Тілі мықтының – елі мықты. Тіл - аса қадірлі ұстайтын байлығымыз. Л.Н.Толстой 2012 жылы Тәуелсіздік күні қарсанында Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан -2050 стратегиясы- қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына жолдаған жолдау арнады. Жолдауда қазақ тіліне айрықша көңіл бөлінді. Тіл – қай ұлтта, қай елде болсада қастерлі, құдыретті. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Адамдар арасындағы қатынас құралы, өйткені адамдар қоғамдық өмірде бір-бірімен тіл арқылы сөйлеседі, пікір алмасады, ойын жеткізеді. Тіл арқылы даналар сөзін оқып білеміз, одан ғибрат аламыз. “Өнер алды – қызыл тіл” деген осыдан шыққан болар. Тіл халықпен бірге жасайды, дамиды, өркендейді. Оның бітпесті бітіретін, жетпесті жеткізетін, үзілгенді жалғайтын құдіреті, мүмкіндігі бар. Бір ауыз сөз опық жегізіп, өмір бойы өзегіңді өртесе, бір ауыз орынды айтылған сөз жадында жатталып, бақытқа жеткізеді. Сонымен қатар тіл - әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Ол – атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра, өлшеусіз қазына, өрісі кең әлем, асыл ойдың бұлағы, еліміздің іргетасы, тәуелсіздік тұғыры, ұлттың қуаты, ұлттың жан дүниесі. Расында қазақ халқының басында талай қиын нәубет, зұлматтың, қайғылы күндердің болғаны тарихтан белгілі. Сондай ауыр сәттерде, сын сағаттарда атамекен қонысын тастап босқан халықтың өзімен бірге алып жүрген байлығы – ана сүтімен санасына дарыған ана тілі ғана. Демек, әр адам ана тілін көзінің қарашығындай қорғауға, оның орынсыз шұбарлануына қарсы тұруы тиіс. Ата-бабамыздан қалған асыл қазына – тілімізді сақтаудың тиімді жолы – отбасында ана тілінде сөйлеп, айналадағы дүние туралы сол тілде айтып, сол тілде қуаныш ренішіңді бөлісіп, өзіңді, өзгені жұбату болып табылады. Бұл - ана тілінің қадір-қасиетін арттыра түсері даусыз.
Ақын Оразақын Асқар «Тәуелсіздік тартулары» жинағына енген өлеңінде: Көрінесің көзге шыққан сүйелдей, Сұрақтар да шаншу болып тиер кей. Құтылмайсың барлық тілді білсең де, Өз тіліңнің көмегіне сүйенбей... Ана тілінде ата-баба сыры бар, Аудармадан түпнұсқадай кім ұғар. Өсе келе құстың тілін білсең де, Ана тілсіз оның қандай құны бар, - деп өлең жолдарында өз тілің өзге тілді үйренуге басты тірек екенін баяндайды. Ана тілінің қадір-қасиетін біле білген халқымыз оны ұлттың рухына, қазына байлығына балайды. Себебі не? Себебі, тіл – халықтың жаны, сәні, тұтастай кескін-келбеті, ұлттық болмысы. Біздің осындай халықтық қасиетті мұрамыз, ана тіліміз – қазақ тілі. Қазақ тілі өзінің даласындай бай. Қазақ сөзі қашанда даланың қоңыр желіндей аңқылдап, еркін есіп тұрады. Қазақ тілі қасиетті қазақ домбырасының үнімен үндесіп жатады. Ол – әлеуметтік тілдер арасынан көркемділігі мен бейнелілігі, тазалығы мен сөздік құрамының молдығы жөнінен ойып орын алатын тілдердің бірі. Ана тілі - халық боп жасағаннан бері жан дүниеміздің айнасы, өсіп-өніп түрлене беретін, мәңгі құламайтын бәйтерегі,- деп Жүсіпбек Аймауытов айтқандай елін, жерін сүйген әрбір азаматтың көкірегінде ана тіліне деген сүйіспеншілігінің мақтаныш сезімі болуы керек. Себебі, қазақ тілі – Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі. Халқымыздың тілге беріп жүрген бағасы бұл ғана емес, ана тілге деген мейірім, махаббат сезімін білдіретін сөздер көп-ақ. Ел басының «Қазақстанның болашағы – қазақ тілінде», «Ана тілі – бәріміздің анамыз, өйткені ол – ұлтымыздың анасы» деген сөзі бар. Ал кейінгі 2005 жылғы жолдауында айтылған «Біз барша қазақстандықтарды біріктіруші басты факторлардың бірі – еліміздің мемлекеттік тілін, барлық қазақтардың ана тілін одан әрі дамытуға бар күш-жігерімізді жұмсауымыз керек» деген уәжінде қазақ тілінің Қазақстан халықтарының басын біріктіруші ұйытқы болуын көздеп отыр. Елбасы жолдауында «Қазақстан -2030» Стратегиясының мерзімінен бұрын қол жеткізгендігін атап өткен болатын. Ендігі мақсатымыз-ХХІ ғасырдың ортасына қарай әлемнің ең дамыған 30 елдің қатарында болу деп көрсетті. Осы жолдауда қазақ тіліне айрықша көңіл бөлінген болатын. Елімізде жүргізіліп жатқан тіл саясатына жаңаша көзқараспен қарап, болашақ даму бағытын айқындап беруі көңілге үміттің отын қайта жаққандай болды. Жолдауда Елбасшысы: «Біздің міндетіміз – оны барлық салада белсенді пайдала отырып дамыту. Біз ұрпақтарымызға бабаларымыздың сандаған буынының тәжірибесінен өтіп, біздің де үйлесімді үлесімізбен толыға түсетін қазіргі тілді мұраға қалдыруға тиіспіз. Бұл – өзін қадірлейтін әрбір адам дербес шешуге тиіс міндет» - дей отырып, қазақ тілінің «қазақ ұлттын біріктіруші», «қазақ –тілі- біздің рухани қазынамыз» екендігін баса айтты. «Қазақстанның болашағы- қазақ тілінде. Тілге деген көзқарас, шындап келгенде, елге деген көзқарас екені даусыз. Сондықтан оған бей-жай қарамайық. Қазақ тілі жаппай қолданыс тіліне айналып, шын мәніндегі мемлекеттік тіл мәртебесіне көтерілгенде, біз елімізді ҚАЗАҚ МЕМЛЕКЕТІ деп атайтын боламыз» деп жариялады. Бұл сөздерді ұлтының ертеңіне елеңдеулі ұлт жанды азамат ретінде мен көптен күткен едім. Қазақ ұлты, кешегі бір замандарда әлемге түркілік мәдениеттің не бір асыл үлгілерін жасаған көк түріктердің қара шаңырағы қалған қазақ жерінде өмір сүріп жатқан бүгінгі ұрпақтарының бірі, тәуелсіздігін жариялаған егеменді ел, болашақта өркениетті ел боламыз деп алдымызға таудай мақсаттар қойып, ертеңімізден үлкен үміт күтетін халық екендігіміз рас болса, ұлттық жаңғыру жолына түсуіміз керек деп ойлаймын. Қазақстан бүкіл қазақстандықтардың қоғамдық-саяси ортақ үйі болса, сол үйдегілердің рухани бірлігін, рухани тұтастығын, рухани өмірін қамтамасыз етуге қызмет жасайтын мемлекеттік тіл – қазақ тілі. Қазақ тілі- қазақ рухының қан тамыры іспеттес. Денеге қан жүрмесе, оның тіршілігі тоқтайтындығы сияқты, қазақ рухының бойына қазақ тілі арқылы ғана жүретін қан жүрмесе, қазақ ұлты да, сол ұлт құрып отырған Қазақстан мемлекеті де түптің түбіне жойылмақ. Тіл түзелмей, қоғам түзелмейді, мемлекеттің де, ұлттың да болашағы күңгірттене береді.
Сондықтан да еліміздің қоғамдық - рухани өмірінде ұлттық тіл саясатын барынша батыл қолға алып, қарқынды жүргізілуіне өз үлесімді қосуым қажет деп білемін. Ататүріктің «Қай кезде де ұлттық мұрат пен ұлттық мүддеге басымдық беруіміз керек. Халықаралық саясат, еларалық жағдай – мұның бәрі ұлттық мұрат пен ұлттық мүддеден төмен тұруы керек» , «Ұлттың тілі – ұлттың ділі» демекші, қандай ұлт пен ұлыс болмасын ең басты байлығы – ана тілі. Тілін жоғалтқан халықтың жеке мемлекет болып басқа елдермен терезесі тең дәрежеде тұра алмайтындығы тарихтан белгілі. Сондықтан сан ғасырлар бойы арман болған тәуелсіздігімізге қол жеткізіп, егеменді ел болып жатқан сындарлы кезеңде мемлекетіміздің нышаны ана тілімізді бүкіл тіршілігіміздің түп қазығына айналдыру, Қазақстан мемлекетінде де оның тілінен бастау алған рухани құндылықтарына бет бұрып, барынша халықтық мүддеге қызмет ететін ұлттық саясат жүргізуге барынша өз үлесін қосу әрбір ұлтжанды азаматтың басты міндеті деп санаймын. Қазақ тілі еш уақытта өзімен көршілес халықтың тілдерінен сорлы болып, қатардан қалып өмір сүрмегендігі, өз сыбағасын ешкімге жегізбегендігі мыңдаған жыл тарихында айқындалған емес пе еді. Барлық өткен заманның, халық тәжірибе- қасиеттерін, ғылыми-мәдениетін, өнеркәсібін бойымызға тарата сіңіріп, жағдайға толық түсіндіріп, ұғындыра ел қатарына қосып, бізді бұл дәрежеге жеткізіп отырған алдымен тіл емес пе. Тіл байлығы, тіл тазалығы – ұлт қасиетінің, салт-санасының негізгі өнеге, нағыз белгісі емес пе. - Қараңдаршы бұл не деген мықтылық?! Туған елің қарсы алуда тік тұрып, Сіз келесіз бүкіл әлем жұртына, Қазағымның кім екенін ұқтырып, - деп Марфуға Айтқожина жырлағандай, бүгін қазақ халқы биікке көтеріліп, өзге елдерге көреген халық екенін танытып отыр. Әрине, мұндай жетістікке Елбасы ұстанған дұрыс жолдың арқасында жеттік деп ойлаймын. Елдегі ұлт пен ұлыстың бірлігін сақтай отырып, бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып әлемге танылдық. Мұны үлкен ерлік деп бағалауға болады. Мемлекет басшысының халыққа Жолдауында мемлекеттік тілге байланысты өте жақсы айтып кетті.
Сана-сезімі бар жастарға тіліңді біл, оқы деп айтудың қажеті жоқ. Олар мұндай міндеттерді өздері сезінуі керек. Дүние есігін ашқан күннен бастап әр нәресте өз тілінен нәр алуы керек. Тал бесікте жатып анасының бесік жырын құлағына құйып өсуі керек. Тіл үйрену, міне осыдан басталады. Жастарымыз қазақ тілін білмей «қазақпыз» деп кеудесін керуге хақысы жоқ. Болашақтың иесі жастар деп, оларға бар мүмкіндік жасалуда. Олар елім, жұртым деп, болашақта қазақ елінің тұтқасын ұстаймын, келешекте айтулы тұлға боламын десе қазақ тілін білуге міндетті. Қазақ тілі ең алдымен біздің төлқұжатымыз екенін ұмытпағанымыз жөн. - Елбасы үш тіл білуді міндет деді. Қазақ тілін білмесек, дәстүрімізді, мәдениетімізді сақтамасақ ел бола алмаймыз. Тек қана экономиканы дамытуға көңіл бөлсек, болашақта дәстүртсіз, тілсіз, дінсіз мемлекет боламыз. Тілді дамыту мәселесі өте күрделі. Қазақ тілі 2025 жылы барлық мемлекеттік органдарда халықтың қарым-қатынас тіліне айналу керек. Мемлекеттік қызметкерлер, жастар мемлекеттік тілді жақсы меңгеруі керек. Біз тілісіз, дәстүрсіз ел бола алмаймыз. Бағдарламада айтылған міндеттердің барлығы болашақта Қазақ елінің мықты болу үшін керек. «Қазақ қазақпен қазақша сөйлессін» деген сөздің өзіндік мәні бар. Ата-бабаларымыздың азаттық жолындағы қаншама күрестерінің куәсі болған қазақ даласы барша ұлт өкілдері үшін татулық пен ынтымақтың, бірліктің ұясына айналып отыр. Соның барлығына қазақ жастары жетекшілік етуіміз керек. Мемлекеттік тілді үш тілдің бірі деп қана емес, бірегейі деп есептеуіміз керек. Білімді жастарымыз қазақ тілін ғылымының тіліне айналдыруы керек, ал жастарды алға жетелейтін күш рсы тілге байланысты. Латын әліпбиіне көшу – шын мәнінде қолдайтын мәселе. Құлдық санадан арылып, тереземізді әлеммен теңестіріп, түркі халықтармен ынтымағымызды нығайту үшін латын әліпбиене көшуіміз керек. Елбасы ел болашағына және барша қазақстандықтарға зор сенім артып «Мен ХХІ ғасыр Қазақстанның «алтын ғасыры» болатынына сенемін. Бұл бейбітшіліктің, тұрақтылық пен гүлденудің ғасыры болады» деген сеніміне мен де қосыламын

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: