Шығарма: Әлеуметтік желінің пайдасы мен зияны

Шығарма: Әлеуметтік желінің пайдасы мен зияны

«Бөгетсай мектеп-гимназиясы» КММ
9-сынып оқушысы Аманиязова Мейрім
Жетекшісі: Маханалина Багдагул Разакбергеновна

Қазіргі таңда қатты дамып кеткен жайттардың бірі, ол- әлеуметтік желі. Күнделікті өмірдің жартысын, кейде одан да көп бөлігін алып кетіп жатады. Бесіктегі балаға да, еңкейген кәрімізге де әлеуметтік желі қызық. Бейне бір өмірдің мәні секілді. Ал біз бұл әлеуметтік желі арқылы қанша уақытымызды зая кетіріп жатырмыз.Тіпті ешбір бала далаға шығып бір- бірімен ойнамайды, үлкендеріміз немерелеріне ертегі айтудан қалды. Ал оқушылар мен студенттер көп кітап оқудың орнына осы әлеуметтік желіде бос уақыттарын өткізеді. Адам әрбір минутын бағалау керек. Өмірді бос әлеуметтік желіге үнілумен өткізбеу керек. Өзіне керекті, пайдалы іспен айналысу керек. Себебі «Уақыттың бос өткені - өмірдің бос кеткені». Сондықтан адам әрбір уақытын тиімді жұмсау керек.

Адамдар әлеуметтік желіге не үшін кіреді? Барлығы неге тәуелді? - деген сұрақтар туындайды. Қазіргі кезде әлеуметтік желілердің дамығаны соншалық түрлі сайттар пайда болып жатыр. Олардың ішінде көп адамдар қолданатыны: Instagram, Вконтакте, Facebook, You Tube, Однокласники және басқалары. Бұл программалар несімен қызық? Біріншіден, жұлдыздар мен танымал тұлғалардың өміріне қарап, жастарда танымалдылыққа қызығушылық пайда болады. Танымал боламыз деп әртүрлі нәрселер жасайды. Екіншіден, парақшаларда жас ерекшелігі көрсетілмегендіктен, кейбір бейнефильмдер баланың психикасына кері әсерін тигізеді, мысалы, біреуді ұрып- соғып жатқан, жануарларды қинап, мазақ етіп түсірілген бейнефильмдер жастарды қатігездікке баулиды. Үшіншіден, азаннан кешке дейін ұялы телефонда немесе компьютерде отыра беру көз қызметінің бұзылуына алып келеді.Төртіншіден, әлеуметтік желі адамды белсенді емес тұтынушыға, яғни адамды жалқау тұлғаға айналдырады.

Әрине, әлеуметтік желіні адамдар әртүрлі мақсатта пайдаланады, оның ішінде жаңа нәрселерді жасап, соны жұртқа ұсынуға да мүмкіндік бар. Бірақ көп адамдар жаңа нәрсе жасағаннан, ұсынылып жатқан ақпараттарды тұтынғанды жөн санайды.

Таяқтың екі ұшы болатын сияқты, әлеуметтік желінің де пайдасы аз емес. Әлеуметтік желіні дұрыс қолданып жүргендер де бар. Әлеуметтік желі көмегімен біреу өз бизнесін жүргізіп жатса, біреу қайырымдылық жұмыстарын өткізіп жатыр, енді біреуі өзінің оқып, көріп, білген-түйгенін жұртпен бөлісіп жатыр. Бұрын танымайтын, білмейтін адамдармен араласып, пікір алмасуға және өз пікірлестеріңді табуға көмектеседі. Әлеуметтік желі арқылы соңғы жаңалықтар мен оқиғалардан әрдайым хабардар болып отырасың. Оған қоса әлеуметтік желі арқылы түрлі көңіл көтеретін музыкалар мен әндер, фильмдер мен кітаптар, лекциялар мен мақалаларды да қалағаныңша тауып оқуға болады.

Енді әлеуметтік желіге кірер алдында сіз қандай мақсатпен кіріп жатқаныңызды ойланыңыз?! Алтын уақытыңызды бос кетірмей, жақындарыңызға, достарыңызға арнаңыз.

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
шығарма Әлеуметтік желінің пайдасы мен зияны туралы эссе шыгарма казакша сочинение на казахском, эссе сочинение про Алеуметтик желинин пайдасы мен зияны на казахском языке скачать бесплатно, эссе шығармалар шыгармалар жинағы жоспарымен, Әлеуметтік желінің пайдасы мен зияны

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]