Шығарма: Фантастикалық әңгіме

Шығарма: Фантастикалық әңгіме

№39 «Қызылөзек» орта мектебінің 8А сынып оқушысы Ерболатова Назерке, Қызылорда қаласы, Қараөзек ауылы. Жетекшісі: Омарова Жанна
№39 «Қызылөзек» орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі.

Бұл әңгіме он бес жасар Хамит жайлы. Хамит анасының қолында өскен жасөспірім жігіт. Кәрі анасы жұмыс жасауға қауқары жоқ болғандықтан, Хамит анасына қолынан келгенше көмектесуге тырысатын. Хамиттің сырт келбеті пәлендей сымбатты емес, үлкен көкшіл көзді, бұйра шашты, ұзын бойлы. Оның мінезіне келсек көп сөйлемейді, сабырлы, арманшыл болды. Хамит анасымен үлкен үйде тұратын. Екеуі өз күндерін өзі көріп жүрді. Бірақ Хамит ылғи ерекше нәрсені қалайтын. Ол өзі ержетіп қалса да таңғажайып ертегілерге сеніп, әлі күнге дейін «ертегілер әлеміне барсам» деген орындалмас арманмен өмір сүріп келе жатты.

Бір күні Хамит ерекше түс көреді. Түсінде бұл әлемді емес, өзге таңғажайып әлемді көреді. Ол жақта бәрі тыныш, бәрі тату тәтті. Түсінде адамға ұқсас аласа бойлы, қысқа қолды, екі басты беймәлім жануарды көреді. Оны жануар деуге келмес, дегенмен жартылай адам, жартылай жануарға ұқсас. Бұл беймәлім тіршілік иесі жасыл түсті, көңілді, дегенмен көрген жанға қорқынышты. Оны Хамит түсінде көріп қатты қорқады. Ол түсінде:

- Сәлем, Хамит, - дегенде Хамиттің зәресі қалмай, бұл менің есімімді қайдан біледі деген сұрақ маза бермейді. Бұл беймәлім тіршілік иесінің даусы да ерекше. Ол жақын жерде тұрса да, даусы алыстан естілгендей, бірақ құлаққа жағымды.

- Эй, адам баласы менен қорықпа. Менің есімім - Фавлун. Мен ертегілер елінен келдім. Біздің әлем сені таңдады, тек сені. Сендей бала сенің әлеміңде жалғыз. Өйткені сен біздің әлем жайлы бәрін білесің,-деп Фавлун есімді тіршілік иесі күлімсірей, Хамиттің қолына күлгін, сыртында түсініксіз сурет салынған бір жапырақ қағазды ұстатты...

- Балам тұр енді, түс болды, - деп анасы дәл осы кезде терезенің жабуын ашып, тәтті түс құшағында жатқан Хамитті оятып, жерде жатқан киімдерді асығыс жинап бөлмеден шығып кетті.

-Еһ,- деп Хамит сол сәтте анасына қапаланғандай болды. Себебі Хамит бұндай таңғажайып ертегі әлемін түсінде алғаш көруі еді. Жас жігіт бұл өңім болса екен деп таңғажайып нәрсені күтіп отырды. Бірақ ол бұған сенімсіздеу болатын. Хамит көп ойға шомып отырып, «анама көмек болсын» деген ниетпен төсегін жинастыра бастады.Төсегін жинастырып жатқанда жастығынын астынан әлгіндегі Фавлун табыстап кеткен бір жапырақ қағазды тауып алды.

-Алақай!-депХамит еріксіз жан даусымен қуана айғайлап жіберді. Ол өз көзіне өзі сене алмай, беймәлім тіршілік иесі табыстап кеткен қағаздың сыртын жақсылап қарап шығып шұқшия үңілді. «Иә, иә бұл сол қағаз ғой» -деп Хамиттің жүзі нұрланып, үлкен көкшіл көздері жайнап кетті. Басында бұл қағазды ашуға жүрексінді әрі «бұның ішінде не бар?»- деп қызыға түсті. Хамит қатты қызығып кетіп, бір орам қағазда не жазылғанын көргісі келді. Сөйтіп жас бала қолындағы қағаздың ішін ашты.

- Не бұл? Бұл қай тілде жазылған? - деп Хамит ішінен күбірлей сөйледі. Жас жігіттің өңі бұзылып, бұл ерекше әріптермен жазылған хатты оқи алмайтындығын түсінді. Дегенмен бұл ерекше әріптер балаға өзінің қазақша әріптеріне ұқсағандай болды.

Осылай жас бала өзге әлемнен келген хатты оқи алмай бірнеше күнін өткізді. Ол бұл хатты өзінен басқа ешкімнің көрмегенін қалады. Сондықтан Хамит мұны анасына да көрсеткісі келмеді.

Бір күні Хамит анасымен бірге отырады. Анасы ол кезде кішкене сөмкесінен айнасын шығарып, қысқа қою түсті шаштарын ретке келтіріп жатқан болатын. Ал ұлы Хамит болса әлгіндегі өзге әлемнен келген қағазды анасына көрсетпей барынша көлегейлеп, қайта оқуға тырысып жатқан. Бірақ бұдан түк шықпады. Сол сәтте хамиттің көзі анасының қолындағы кішкентай айнаға түсті. Хамиттің жүзі бал-бұл жайнап, тағы ерекше күй кешті. Оның ойына «бұларды айна арқылы оқып көрейін» деген ой келді. Сол оймен ол қолына айна алып, үйден сыртқа қарай асыға жүгіріп кетті. Тысқа шығып қолындағы айнаны қағазға қарама-қарсы қойып, айнаға қарап еді, міне қызық өз ана тілінде жазылған сөздер шықты. Бұл сәтте Хамит расымен де қатты таңғалды. Сол Фавлун беріп кеткен қағазда былай жазылған еді: «Мына сөздерді үш рет қайталап оқы «Тhe world of fairy tales» бұл сөздер сені арманыңа жетелейді.»

Бұны оқыған жас бала еріксіз күліп жіберді. Себебі Хамит ағылшын тілін жақсы білетін. Ал бұл сөздің аудармасы бар болғаны «ертегі әлемі» деген сөз болатын. «Бұның не қиындығы бар?» - деп жас Хамит бұл сөздерді ойланбастан үш мәрте қайталап оқиды.

Бұл сөздерді оқығаны мұң екен, жан-жағындағы барлық заттар көзден ғайып болып, жоғалып кетті. Айналасында тек жалғыз ал қызыл түсті маңдайында әлгіндей «Тhe world of fairy tales» деген сөз жазылған есік қана қалды. Жас балаға бұл түсініксіз болып, есіктің арғы бетіне барып көрмекші болды. Сөйтіп Хамит есікті жайлап ашып, есіктің арғы жағына еніп кетті. Есіктің арғы жағы керемет, таңғажайып әлем!

- Міне, ғажап! – деп Хамит қатты қуанып айналасына таңырқай қарады.

Расымен де ол жақ сондай тамаша! Бұндай әлемді адамдар арасынан алғаш көріп тұрған біздің басты кейіпкеріміз өзгеше. Айналасында беймәлім тіршілік иелері әлдебір жұмысқа жұмыла кіріскен. Айналаның басым көпшілігі ал қызыл түсті. Бәрі сондай көңілді. Бұл жақта тіпті аспан да ал қызыл түске боялған. Ал бұлттар күлгін түсті және олар ән айтады екен. Бұл ертегі әлемінде мұңайып отырған ешкім жоқ. Жан-жақтан сыңғырлаған күлкі мен таңғажайып, құлаққа жағымды әннен басқа дауыс естілмейді. Бұл жақтағы тіршілік иелері бір-біріне ұқсамайды. Олардың әрқайсысының өз ғажайып қасиеттері бар. Бір қызығы бұл әлемде әрнәрсені жеуге болады, бәрі тәтті кәмпиттер. Жол тәтті шоколодтан жасалған, жол бойындағы тастар ал қызыл түсті кәмпиттер, ал гүлдер тәтті мақта секілді. Сонымен Хамит бұл жақтың кереметтерін көріп, бәрін ұмытып, ерекше көңілдене бастады. Кенет:

- Сәлем!-деп қуана жүгіріп, Хамиттің жанына түсіндегі Фавлун келді. Хамит

те қуана:

- Сәлем, Фавлун,-деп түсіне қалай кіргені және неге оны ғана таңдағанын

бүге-шүгесіне дейін сұрап алды. Хамит бұл жақта көрмеген беймәлім тіршілік иелерімен дос болып алды. Көп ойнап, көңілденген Хамитке «Егер мен болмасам, анамның жай не болмақ?» деген ой келіп, көңіл-күйі бұзылады.

-Уайымдама, Хамит, бұл жақта бәрі сенің әлеміңнен өзгеше. Айтқым келгені, сенің әлеміңдегі 1 секунд біздің әлемдегі 1 сағатқа тең. Яғни, сен бұл жақта небәрі 2 сағатыңды өткіздің, демек сен өз әлеміңде 2 секунд болмадың.

Хамит бұл сөздерге қатты қуанды. Және бұл жаққа жиі келіп тұруды шешеді. Ол көңілі түскенде ылғи осында келіп тұруды ұйғарады. Ол сөйтіп анасына да көмектесіп, ертегідегі достарымен де көңіл көтеріп келеді.

Бағанағы айтып өткендей Фавлунның өз қасиеті бар және ол тек бір адамға мәңгілік өмір сыйлау. Ол өз қасиетін жақын досы Хамитке береді. Сөйтіп ол ертегі еліне Хамиттен басқа ешкім де бара алмайды. Және Хамит мәңгі жасайды.

Сонымен қазірге дейін сол ертегі әлемі бар көрінеді. Сол ертегі елінің ханзадасы Хамит екен. Және де Хамит қазірге дейін ертегіге сенетін балалардың бар қалауын орындайды екен.

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
шығарма Фантастикалық әңгіме туралы эссе шыгарма казакша сочинение на казахском, эссе сочинение про Фантастикалык ангиме на казахском языке скачать бесплатно, эссе шығармалар шыгармалар жинағы жоспарымен, Фантастикалық әңгіме

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]