Шығарма: Мектеп кітапханашысы – ақпараттық бапкер
Кітапхана – баспа туындылары мен басқа да ақпарат көздерін қоғамдық пайдалану жолын ұйымдастыратын мәдени-ағарту ақпарат мекемесі. Мектеп кітапханалары – мектеп оқушылары мен мұғалімдеріне кітапханалық қызмет көрсетуді ұйымдастыратын орын.
Кітапханашы – көп салалы еңбек адамы. Кітапханашының жұмыс жоспары адамдармен қарым- қатынас түрі болып табылады. Кітапханашылар әрбір оқушының талабын ескеріп, жан-жақты дамуын ұйымдастырушы бірден-бір тұлға. Кітапханашы оқырманның тек кітапты алуына көмектесіп қана қоймай, сол кітапты насихаттау жұмысын да қоса міндетіне алады.
Кітапхана оқырманы –ол белгіленген құжаттарды ресми тіркеу негізінде кітапхананы пайдаланатын адам. Кітапхананың негізгі жұмысы оқырмандармен байланысты. Сондықтан оқырмандарға қызмет көрсетуді ұйымдастыру дегеніміздің өзі –кітапхананың кітап қорының дұрыс орналасуы, каталог, картотеканың алфавитті дұрыс орналасуы. Кітап көрмелерінің дұрыс орналасуы. Мектептегі кітапханашы маман жұмыстың күрделігіне қарамастан біліктілік деңгейімен қоса, тәжірибесін де дамытып отыруы қажет. Кітапханалық қызмет көрсету көпшілік кітапханаларға қарағанда, мектеп кітапханаларында жалғыз кітапханашы маманның қолында. Ол мектепте кітапханашы мамандығымен қоса, психолог, оқытушы, тәрбиеші, маркетолог, менеджмент, бағдарламашы сынды түрлі мамандық иелері жұмыстарын қоса атқара білуі қажет. Сонымен қатар, жаңартылған білім беру жүйесі бойынша да бағдарлама негізін мұғалімдермен бірдей біле отырып, оқушылардың қабілет-дарынын одан әрі жетілдіруге үлес қоса білуі қажет. Фунционалдық оқу сауаттылығы бойынша кітапханашы маман ретінде өз қызметінде күнделікті тәжірибеге еңгізіп, осы негізде жұмасына бір рет оқушыларды қосымша ақпаратпен қамтып, мектеп бағдарламасына жаңадан қосылған «оқу сауаттылығы», «математикалық сауаттылық» сынды пәндерге әдістемелік көмек бере білуі де қажет. Мектеп кітапханашысы тек көркем әдебиетті ғана насихаттап, сол бойынша шара өткізіп қоймай, негізгі қор бойынша толық жұмыс жасауы қажет. Ол ең бірінші оқушылардың бейінділігін анықтай отырып (мыс, биология, физика, химия), сол бойынша жұмыс тәжірибесін жетілдіре дамытуы тиіс. Кітап пен кітапхананың тіршілігіне жан беріп, ұлттық құндылықтар мен оқырмандар арасын жалғастырушы – ол әрине кітапханашылар. Кітапханашы деген сөз бізге қарапайым болып естілгенімен, ол мамандықтың қыры мен сырын, қызығы мен қиыншылығын бір ауызбен айтып жеткізу мүмкін емес. Қасиетті қазынамызды көздің қарашығындай сақтап, насихаттап, ел игілігіне жаратып жүрген кітапханашылар – ең қажетті, абыройлы мамандық иелерінің бірі. Ойы зерек, қиялы ұшқыр, өзінің кәсіби шеберлігін шыңдаған, оқырмандарға білім мен қажетті ақпараттың тиімдісін беріп отырған, ой-өрісі кең, жан-жақты білімді, парасатты кітапханашылардың орны да өзінше бір бөлек. Бүгінгі күні кәсіби шеберлік, кез-келген маманның қоғамдағы сұранысы мен орнын анықтайтын басты ұстаным. Әр маман иесінің қызмет көрсету деңгейі ең әуелі қызметкерлердің кәсіптік деңгейімен анықталады.
«ХХІ ғасыр – мәдениеттің, ғылым мен білімнің ғасыры. Бар білімнің қайнар көзі – кітапхана»,-деп Тұңғыш Президентіміз Н.Ә.Назарбаев айтқандай оқуға ұмтылған әрбір жас ұрпақтың санасын, дүниетанымын кеңейтіп, жан-жақты білім алуына көмектесетін бірден-бір оқу орталығының киелі ордасы – кітапхана. Ал, кітапханашы оқырман мен кітап арасын байланыстырушы көпір.

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: