Шығарма: Тіл - елдігіміздің іргетасы
«Ана тілің-арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте!» - деп жерлес ақынымыз Қадыр Мырза Әлі айтқандай, мемлекеттік тілімізді, сонымен қатар, өзге тілдерді үйренуге, білуге талпынуымыз тиіс. Қазақ тілі ғайыптан пайда болған жоқ.Оның да шығу тегі бар. Қазақ тілі «түркі тілдері» деп аталатын үлкен тілдердің тармағы. Әр адам өз ана тілін білуге міндетті. Сол арқылы мемлекеттің тұтастығын, бірлігін, ынтымағын қамтамасыз етуі керек. Тіл мен дінді өрістетуде халық тартынып қалмауы тиіс. Өйткені, тіл - ұлттық қазына, ұлттық мұра. 1913 жылы жүрегі «елім» деп соққан патриот ақын Мағжан Жұмабаев:
«Жарық көрмей жатсаң да ұзақ кен тілім,
Таза, терең, өткір, күшті, кең тілім.
Тарап кеткен балаларыңды бауырыңа,
Ақ қолыңмен тарта аласың сен, тілім!» -деген болатын. Шынымен, қазақ тілі жарық көрмей қараңғыда ұзақ жатты. Сөйтсе де, қазақ тілі таза әрі өткір болған. Сонау жылдары ұмыт қалған елді тек тілдің құдіреті арқылы қайтара алдық.
«Ерлік, елдік, бірлік, қайрат, бақ, ардың,
Жауыз тағдыр жойды бәрін не бардың» - деп келетін жолдарында ақынның тілге деген аяушылық сезімі көрсетіледі. Ана тілінің келешегіне деген ақын сенімі мен үмітінің өміршендігі бейнеленеді. Міне, бүгін осыншама қиындықтан кейін тіліміз өз орнын тапты. Тіл- тарихи мұра. Тіл арқылы біз өз ойымызды жеткізе аламыз. Қоғаммен байланысып, тілдің дамуына үлес қосамыз. Бүгінгі таңда тілдің алар орны ерекше. Еліміз тәуелсіздікке қол жеткізгеннен бастап ана тілімізге баса көңіл бөлініп келеді. 1995жылы қабылданған Ата заңның жетінші бабында «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік тіл - қазақ тілі» -деп нақты көрсетілген. 1997 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының «Тіл туралы Заңында»: мемлекеттік тіл-қазақ тілін барша адамзаттардың еркін меңгеруіне болатынын және тілге қажетті көмектің бәрін көрсететіні айтылған. Қазіргі уақытта басқа ұлт өкілдерінің мемлекеттік тілді үйренуге құлық танытушылардың көбеюі бізді қуантады. Тұңғыш Президентіміз «қазіргі таңда мемлекеттік тілді еркін меңгерген халықтың ішінде ересек адамдардың саны басым көпшілікті құрайды. Енді алдымызда мынадай міндет тұр: мемлекеттік тілді меңгерген қазақстандықтардың саны 2020 жылы 95 % -ға жетуі тиіс» -деген. «Жауапты шақтың жүгі ауыр» демекші, мақсатқа жетуге талпынайық! «Талпыныс тәуір болса, табыс өзі келеді» дегім келеді.
Тәуелсіздік алғалы жиырма сегіз жыл да өтті. Ана тіліміздің әлі де болса ақсап тұрғаны шымбайымызға батады, яғни әлі де «әттеген-ай» дегізетін жақтары бар екені аян. Солай десек те, тілге жанашыр азаматтардың барына шүкір етеміз.
Қазақ тілі осы мемлекеттің түпкілікті тұрғындары - қазақтардан баска, Қытай, Монғолия, Иран, Ауғанстан, Түркия мемлекеттері мен ТМД-ның Ресей, Өзбек, Қырғызстан, Түркіменстан сияқты республикаларында тұратын қазақтардың да ана тілі. Қазақ тілі мәселесі мемлекеттік деңгейде көтерілген. Кейінгі жылдары жұртшылық та ана тілі үшін белсенділік танытуда. Бірақ әлі де шешілмей жатқан түйінді мәселелер де баршылық. Халық болып қалыптасудың басты белгісі-оның ана тілі, ұлттық мәдениеті. Өзінің ана тілі, ұлттық мәдениеті жок ел өз алдына мемлекет болып өмір сүре алмайды. Дүниедегі барлық халық тәуелсіздікке ұлттық қадір-қасиетін, мәдениетін, ана тілін сақтап қалу үшін ұмтылады. Сондықтан кез-келген мемлекет өзінің аумақтық салт-дәстүрін, ана тілін ерекше қорғайды. Егер тіл болмаса, ұлт болмас еді, ал ұлт тілсіз болмайды. Сол себепті де біз тілімізді қорғап, дамытуымыз керек. Ана тілін дамыту, қорғау дегеніміз - өз ана тілінде таза сөйлеу және оны жақсы біліп, туған анадай сүю.
«Сүйемін туған тілді - анам тілін,
Бесікте жатқаным да –ақ берген білім.
Шыр етіп жерге түскен минутымнан,
Құлағыма сіңірген таныс үнін» -деп Сұлтанмахмұт Торайғыров ағамыз жырлап өткен. Ана тілінің күші мен құдіретін туған халқымыз әуелден-ақ бағдарлап, сөз өнерін бар өнердің басы деп санаған. Мысалы: «Өнер алды-қызыл тіл», «Тіл тас жарады, тас жармаса бас жарады» сөздері халқымыздың тіл құдіретіне қандай мән бергенін көрсетеді. Толғауы тоқсан қызыл тілдің құдіреттілігі сонша, ол Абайды даналыққа, Махамбетті батылдыққа, Бұқарды ақылгөйлікке жетеледі,рухтандырды.
Тіл - қастерлі де қасиетті ұғым. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Ана тілін сүйген адам туған жерін, елін, Отанын, атамекенін сүйеді деген сөз. Ал, бұлардың бәрі - адам баласы үшін ең қасиетті ұғымдар. Өмірдің алмастай қырын, абзал сырын түсіне білуіне басты себепкер - ана тілі. Қазақстан Республикасында қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде қызмет етуінің бірнеше алғышарттары бар. Атап айтқанда, сол тілді қолданушылардың санының жеткілікті болуы, республиканың барлық аймақтарында таралуы, қоғамдық өмірдің әр алуан саласында қызмет жасауы және ауызша мен жазбаша түрде қызмет етуі, сондай-ақ, қазақ тілінің құрылым жүйесі жетілген, лексика-фразеологиялық қоры аса бай болуы қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретінде қызмет етуіне мүмкіндік береді. Біздің ана тіліміз – қазақ тілі. Тіл - қай ұлттың болмасын тарихы мен тағдыры, тәлімі мен тәрбиесінің негізі, қатынас құралы. Тіл болмаса сөз болмайды. Сөз болмаса адамзаттың тірлігінде мән-маңыз болмайтыны белгілі. Демек, тілдің, сөздің орны ерекше. Міне, осы орай да ана тіліміз жайлы терең ойлану- әрқайсымыз үшін парыз. Жыл өткен сайын ана тіліміздің мәртебесі өсіп, абыройы арта түсуде. Тіл-халықтың жаны. Тілі құрыса, халық та жоғалады. Адамзат тарихында көптеген өркениетті елдердің өшіп кетуі, алдымен, тілді жоғалтудан басталатынын ғылым дәлелдеп отыр. Бүгінгі қазақ қоғамындағы мәңгүрттіктің басы да өз тілін тәрк етуден туды. Тілі мен дінінен айырылған ондай жан рухани кемтарлығын, адамдық болмысын түсінбей, көлденең көк аттының қолжаулығына айналады. Ана тіліміздің тағдыры үшін күресте халқымыз қал-қарекетсіз болған емес. Жиырмасыншы жылдары тіл тәуелсіздігін ту етіп көтерген Әлихан, Ахмет, Міржақып, Мағжан, Мұхтарлар, сексенінші жылдардың аяғында бостандықтың лебі білінісімен басталған бүкіл халықтық қозғалыс-соның айғағы. Жиырмасыншы ғасырдың ұлы жемісі-қазақ халқы үшін егемендіктің көк туы желбіреуі. Ата-бабаларымыздың көксеген тәуелсіздігіне қол жеткіздік. Ендігі мақсатымыз – ұлттық рухты, түскен еңсені көтеру. Ұлттық рух, ұлттық намыс, ана тілі жоқ жерде - ұлт та жоқ.
О,туған ана тілім! Тәуелсіздігімнің сый-бағы, дербестігімнің дидары - тіл. Қазақ тілі-ұлы тіл. Қазақтың басын құрайтын – қазақ тілі. Бүкіл түркі тілдерінің ұлысы-қазақ тілі. Осыны ұғайық! Қазақстан -, шын мәнінде , бақытты ел. Ендеше, ұлт рухын өсіріп, халық аманатын асырайық! Мен де бір тіл жанашыры ретінде ана тіліміз жайлы жүректен шыққан жыр жолдарымды арнасам деймін.
Ана тілім-қастерлі, дара тілім,
Туған тілім өзіңсің , дана бүгін.
Сан ғасырдан бабалар сыйлап өткен,
Даналығы қазақтың – ана тілім.
Ана тілім - қазынасы халықтың,
Ана тілім - шежіресі бар ұлттың.
Ана тілім - мақтанышы қазақтың,
Ана тілім, бір өзіңді ұнаттым.
Ана тілім - әлпештеген өз тілім,
Сенсің менің - мол мұрам да кеңішім.
Өзіңменен жетілдірем санамды,
Өзіңменен тани алам ғаламды.
Ана тілім, өсе берсін өркенің,
Жетілдірер ұрпағыңмын мен сенің.
Өзіңменен биіктерге шығамын,
Бір өзіңсің - болашағым, ертеңім.
Ұлы Абай қадірлеген тілімді,
Қасиетің ерекше боп білінді.
Оқып - өсіп, асып биік шыңдардан,
Ана тілім, қадірлейміз өзіңді!

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: