Шығарма: Біздің өміріміз, айналамыз болашақта қандай болады екен?
Капизов Азат, Ақтөбе обл. Хромтау ауд. Абай негізгі мектебінің 8 сынып оқушысы
Адамдар әрдайым болашаққа көз жүгіртіп, қиялға ерік беріп отырған. Жазушылар армандарын қиял-ғажайып әңгімелер жазып, композиторлар ән тудырып, суретшілер суреттер салу арқылы көрсеткен.
Ең қызығы, адам сенгісіз дүниелер болашақта жүзеге асып отырған. Мысалы, бұрынғы замандағы адамдар бір орыннан екінші орынға жылдам жеткізетін ертегідегідей ұшатын кілемді армандаған. Қазір адамдар ұшаққа отырып, көзді ашып-жұмғанша алыс елге тез-ақ жетеді. Грек мифологиясындағы Икар Күнге ұшуға армандаған. Қазір адамдар ғарышқа ұшып, Айға жетіп, Марс т.б планеталарға баруын жоспарлап отыр.
Келешекте өмір қандай болады? -деген сұрақтар әрқашанда туындаған. 1911 жылы Францияда аса танымал емес суретші «2000 жылы өмір қандай болады?» тақырыбында ашықхаттар сериясын әзірлейді. Қарап шықсақ, үлкен ғимараттар, адам өмірін жеңілдету үшін жасалған сансыз сымдармен жалғанған механизмдер. Бір суретінде ауылдың көрінісі. Жайқалып тұрған егінді машина шауып жұр, адам оны сырттай бақылап отыр. Қазір бұл көрініс бізді ешқандай таңқалдырмайды. Ол біздің күнделікті тұрмысымыз. Электр жүйесі, байланыс құрылғылары, соңғы жылдары сымсыз байланыс, машиналар, механизмдер біздің тіршілігіміздің көрсеткіштері.
2006 жылы Біріккен Араб Әмірліктерінің Абу-Даби қаласында әлемдегі тұңғыш болашақтың экоқаласы - Масдар Ситиді тұрғыза бастады. Ол шөл даладағы жайқалған көгалды, саябақ, бау-бақшасы көп, ауасы таза қала болады деп жоспарлануда. Масдар энергия қуатын күннен өндіріп, дүниедегі қоршаған ортаға зиян келтіретін заттарды аз мөлшерде шығаратын бірінші қала болмақ.
Инженерлер көліктің жаңа түрлерін өңдеу үстінде. Сәулетшілер мен дизайнерлер ғимараттардың жобасын дайындап, қаланы безендіру жолында еңбек етуде. Болашақтың қаласы тек қауіпсіз ғана емес, сонымен қатар әдемі де болуы керек.
Қытайдың елді мекенінде көліксіз қала жобасы қолға алыны жатыр. Great city "Ұлы қала" деп аталатын қала 80 мың тұрғынға жоспарланған. Тұрғын үйлер орталыққа, ал ғимараттар жасыл аймаққа орналасады. Адамдар кез келген жерге не жаяу,не велосипедпен жетеді.
Бір жерде эко-қаланы тұрғызу жұмыстары басталып кетсе, басқа жобалар қазірше сәулетшінің шығармашылық қиялының жемісі болып жатыр.
Менің ойымша, Қазақстандада осындай эко-қалалар да орын алу тиіс. Біздің мемлекетімізде Қытайдағыдай жер мәселесі жоқ. Кең байтақ жерімізде әдемі қалалар салынып, көгалданып, бір-біріне ұқсамайтын ғимараттар бой көтеру керек. Соңғы уақытта " Ақылды қалалар" деген жобалар туралы әлеуметтік желілерде көп тарап жатыр. Дамыған елдерде экономикалық, экологиялық және әлеуметтік деңгейлері тұрақты, қызмет көрсету инфрақұрылымы дамыған қалалар жатады. Жаңа технологияларды игеріп, олармен жұмыс жасау арқылы "Смарт Сити" стандартын барлық өңірлерде қамти алатын дәрежеге жетуіміз керек.
Мен келешекте осындай "Ақылды қалада" жайлы өмір сүріп, жұмыс істегім келеді. Туған елім – Қазақстан бәсекеге қабілетті озық елдердің алдыңғы қатарына шығып, әлеуметтік және экономикалық жағдайы мықты елге айналатынына сенемін.

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: