Шығарма: Ұстаз берген бағыт
Шымкент қаласы №3 жоббм
6 «д» сынып оқушысы Құдайбергенов Руслан

Жүректе тұрар жалқы үнің,
Жанымнан жалын жігер күт.
Ұстазым, сенің әр күнің,
Әр сәтің тұрған бір ерлік!
Фариза Оңғарсынова
Ұлықбек атындағы жалпы орта білім беретін мектебіндегі еңбекке баулу пәнінің мұғалімі, менің сүйікті ұстазым Бабаханова Гүлнар Қорғанбайқызына арнаймын.
Ұстаз-таудан аққан өзен секілді, жер бетін нұрландыратын, шәкірттеріне шуақ сыйлайтын Күн-Ана.Мен үшін ұстаз –екінші ата-анам, болашаққа айқын жол сілтер ақылшы. Оның жүрегі мейірімге толы.Біздің ағаттықтарымызды кешіре біледі.. Сондықтан үлгі-өнеге болған сүйікті мұғалімімді ұстазым деп атаймын.
Ұстазым менің, ұстазым! Өзіңмен өткен қыс- жазым. Менің ұстазым-Гүлнар апайымның үні әсерлі, асықпай мәнерлеп сөйлейтін жан. Оның бойынан бізге деген қамқорлығы,аналық сезімнің дана ойдың ыстық лебі есіп тұрады.Иә, апайым менің жанымды түсінеді, ренжітпей, қателігімді сездіреді. Бұл тек қана дүниетанымы терең және кең жүректі адамның қолынан келеді.Ол -нағыз ұстаз. Өз кәсібін, өз пәнін, барлық шәкіртін шексіз сүйеді.
Гүлнар апай-өте қарапайым, сыпайы адам. Киім киісі, мәдениетті сөзі,әдепті жүріс-тұрысы, жинақы іс-әрекеті бізге өнеге.Ол бізге құрметпен қарайды.Алғаш бастауыш сыныбынан кейін ортаңғы буынға өтер сәтте кішкене қорқақтап, қобалжығаным рас. Алайда сынып жетекшім Гүлнар апаймен алғаш танысу сәтінен бастап, қорқынышым су сепкендей басылды.Ол өз мейірімділігімен баурап алды .Бізді зор ықыласпен қарсы алды.Анам қандай қадірлі болса, ұстазым да мен үшін қымбат жанға айналды.
Әлі есімде ұстазымды көргенім,
Өз анамдай болған еді ол менің.
Содан бері мұғалімімді қадірлеп,
Білім деген асқар тауға өрледім.
Мына өлең жолдары Гүлнар апайыма арналғандай.Ұстазымнан талай қызықты әңгімелер тыңдап,өмірлік кеңестер алудамын.Бірде тәрбие сағатында өз ойымды айтып болғаным сол еді, ұстазым маған бұрылып, мені мақтай бастады. Кеудемде мақтаныш сезімі билеп, сыныптастарымның алдында өзімді тік ұстап, іштей қуандым.
Менің апайым ешкімге ұқсамайтын еңбекқор, білімді, мейірімді жан. Ол кісі әр сынып сағатын қызықты етіп өткізеді. Мектепте өтетін шараларға бізді дайындайды.Көркемсөз өнеріне дауыс ырғағын үйретеді.Тіпті үзіліс кездерінде қызықты ойындар ойнатып, әңгімелер айтып,еңбек сабақтарында әдемі ойыншықтар жасауға үйретіп қызықтырады.Бәрімізді өз баласындай көріп,ақыл айтып, көп нәрселерді үйретіп жүретін ардақты жан.Өмірде неғұрлым адаспай, дұрыс жолмен жүруге үйретеді.Өмір сүрудің мәнін ұғындырып, оның қыр-сырын ашады. Дана Абайдың мына сөздері еске оралады: «Бес нәрседен қашық бол, бес нәрсеге асық бол.Адам болам десеңіз! Өсек, өтірік,мақтаншақ, еріншек бекер мал шашпақ».Бұл қасиеттерден аулақ жүру керек. «Талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым ойлап қой». Бұл асыл қасиеттерге жақын болу керек.Иә, неткен дана сөздер! Апайымыз: « Дана Абайдың сөздерін үнемі жадыларыңа сақтаңдар!»- дейді.Міне ұстазымның берген бағыты осындай. Мен Гүлнар апайыммен мақтанамын да, мақтан тұтамын.Менің ұстазым ең беделді, керемет жан.
Ғалым да, батыр да, ақын да, малшы да, заңгер де бәрі-бәрі ұстаздан білім, тәлім алған.Сондықтан ұлағатты ұстаздарға бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді.Білімді, тәрбиелі, ел болашағын ойлайтын саналы ұрпаққа тәрбие беретін ұстазыма мың алғыс! Гүлнар апайым, деніңіз сау болсын, бізге әрдайым әділдіктің, еңбекқорлықтың, білімділіктің, тәрбиеліктің Ұлы Ұстазы болып жүре беріңіз.Біз ,шәкірттеріңіз, әрдайым сізден үлгі-өнеге алып, Білім тауына тасымызды домалатып жүре берейік! Ұстаз, Сіз, берген бағыттан таймай, тура жолмен жүремін деп уәде беремін.

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: