Шығарма: Аңызға айналған Қостанай қаласының көрікті жерлері
Қостанай облысы, Арқалық қаласы
Орындаған: Диана Сапарғали
Жетекші: қазақ тілінің оқытушысы Муханбетжанова Жазира

Жоспар
І.Кіріспе
1. Қойнауы астыққа толы Қостанай қаласы
ІІ.Негізгі бөлім
1.Қала атауының шығу тарихы
2. Көк желек жамылған Қостанайдың көрікті жерлері
ІІІ.Қорытынды
Жүйіткіген жолдардың арасы,
Тобыл мен Торғайдың саласы
Бақыты – асыл дән, қалықтап құс әні,
Айтады ашылған Қостанай құшағы!
Серік Тұрғынбеков
Иә, шынымен де бүгінгі таңда алқабы астыққа толы алтын аймаққа айналған Қостанай – Қазақстан қалаларының ішіндегі ерекше шаһарлардың бірі.
Әдебиет тарихында өзіндік дара жолы бар, қазақ поэзиясының лирика жанрын дамытуға елеулі үлес қосқан Торғайлық талантты ақын Сырбай Мәуленов те Қостанай туралы:
Көшелері көп емес,
Көлемі онша кең емес.
Бірақ та сол Қостанай
Еш қалаңнан кем емес.
Көк ну орап көлемін,
Болмаса да безенген.
Үлкен өмір бөлегін,
Бұл қаладан сезем мен.
Жеті орасаң жершарын,
Жете тұғын жібегі;
Завод жатыр қаланың
Секілді от жүрегі.
Жерінің кен қатпары —
Қөмір, темір, тас түбі.
Республика мақтаны —
Қостанайдың астығы.
Жаны жайсаң досқа бай
Жібек желі тұр есіп;
Өзімізбен Қостанай
Осы бір шумақтарды оқып-ақ Қостанайдың толық сипаттамасын, бет-бейнесін, қалаға тән байлық пен қадір-қасиетін көруге болады. Өлең арқылы құдды бір қаланың өзіне саяхат жасап тастағандай әсер аласың.
Тарихи деректерге сүйенсек, Тобыл өзенінің жағасына салынған Қостанай (1878 жылдан 1905 жылға дейін Николаевск, 1997 жылғы 17 маусымға дейін Кустанай) деп аталып келген. Қостанай – ежелден қалыптасқан жер атауы. Қостанай Орынбор және Торғай облыстары губернаторының жоспарында Ордабай қаласы деп көрсетілсе, 1879 жылдан бастап Қостанай деп аталады. 1893 жылы қаланың аты Ново-Николаевск болып өзгертілген. 1895 жылы Қостанай атауы қайтарылған.
1997 жылғы 17 маусымда Қазақстан Президентінің Жарлығымен орыс тіліндегі «Кустанай» атауының транскрипциясы «Костанай», ал «Кустанайская область» — «Костанайская» деп өзгертілген.
Қазақстанның солтүстігінде орналасқан облыста 5 қала, 16 аудан бар. Рудный, Жетіқара, Арқалық, Лисаковск қалалары және облыс орталығы — Қостанай қаласы.
Қостанай қаласы атауының шығу тарихы жайында алуан түрлі аңыз-әңгімелер көптеп кездеседі. Солардың бірі – Тобыл жағалауында Қос және Тана есімді егіз қыздың өмір сүргені туралы оқиға.
«Қостанай – ежелден қалыптасқан жер атауы. Алайда, осы аттың қашан, қалай қойылғаны туралы алыпқашпа әңгіме көп те, жүйеге түсірілген зерттеу жоқтың қасы. Осыған орай, әсіресе, орыс тілінде сөйлейтін ағайындар білместіктің кесірінен Қостанай атын орыстың «кусты», яғни бұта сөзімен де шатастырады немесе толып жатқан ақылға қонбайтын дәлелдер айтады. «Танай деген кісі болған екен. Соның Тобыл жағасында жыртық қосы болған екен… Қостанай – Танайдың қосы деген сөз болу керек» деген аңыз да бар» [2] , - деген дерек келтіреді жергілікті ақын Ақылбек Шаяхмет.
Тіпті кей жерлерде қала атауының шығуын Асан қайғы есімімен байланыстырады-мыс.
Сондай-ақ, бертін келе өңірдгеі жергілікті баспасөз бетінде жарияланған («Қостанай таңы» газеті) Қостанай облысы Лисаков қаласының тұрғыны, еңбек ардагері Қ.Наурызбаевтың хатында қала атауының шығуы жайында тағы бір дерек көрсетіледі: «…Ертеректе бір жігітке ағайын арасында жер тимей, еліне өкпелеп, «көз көрмес, құлақ естімес жерге кетемін» деп көшіп кетіп, осы Қостанай тұрған жерге келіп жалғыз үй қоныстаныпты. Ол кез бұл маңда ел болмаған екен дейді. Осы жерге қоныстанғаннан кейін бұл жігіттің 13 жасар қызы қайтыс болады. Аты Танай екен. Сол қызы осы жерге қойылады. Қызы қайтқаннан кейін тағы бір қыз бала дүниеге келеді. Ата-анасы қуанып, «Танайдың орнына Танай болды» деп, бұл қызға да Танай есімін қояды. Өкінішке қарай, 2-3 жасында бұл қыз да қайтыс болып, апасының жанына жерленеді. Сол себепті «қос Танайдың моласы» атанып, ақыры елді мекеннің атына айналады».
Бұл деректің дәлелі ретінде Омар Шипиннің дастанынан алынған мынадай шумақтарды келтіруге болады:
"Сарыарқа жері жазық, ағаш шұбар,
Басында ағаштардың үкісі бар.
Желпілдеп желді күні жапырағы,
Болады тігілгендей қызыл тулар.
Ән қосып ерте-кешті жер жаңғыртып,
Сайраған бұтағында бұлбұл құстар.
Қостанай Тобыл өзен жағасында,
Аты еді бір моланың о басында.
Бір мыңда осы жерге қала түсті,
Сегіз жүз сексен жылдың шамасында.
Қостанай торы қыпшақ баянтаңат
Туысы нәсілінің бәрі осында" [3].
Расында да, қандай дерек көздеріне жүгінсек те қала аты – сан ғасыр бойы қалыптасқан, ана тіліміздегі мән-мағынасын сақтап қалған төл атау. Сондықтан да оны ең алдымен туған жер тарихымен байланыстыра қарау керек деген ой айтады белгілі тарихшылар мен жазушылар.
Бүгінгі таңда Қостанайда жеңіл өнеркәсіпті құрайтын комвол-шұға комбинаты, «Баян-сұлу» кондитер және «Большевичка» тігін, аяқ киім фабрикалары, тамақ өнеркәсібін құрайтын ет, сүт, ұн-жарма және нан комбинаттары, құрылыс материалдар өнеркәсібінің темір-бетон мен қызыл және силикатты кірпіш заттары, құрылыс-монтаж құралымдар комбинат, машина жасау мен металл өңдеу өнеркәсібінің авиақозғалтқыш, автомобиль және ауыл шаруашылық техникасын жөндеу зауыттары, химия өнеркәсібінің химиялық талшық зауыты, электроэнергетика өнеркәсібіне қарасты жылу электр орталығы, автомобиль жөндеу зауыты, жиһаз жасау өнеркәсібі, тұрмыс қажетін өтейтін комбинат, 30-дан аса ірі кәсіпорын, т.с.с. көптеген бірлестік жұмыс істейді. Қалада Солтүстік Қазақстанның геология басқармасы мен оның орталық лабораториясы, А.Байтұрсынов атындағы мемлекеттік университет, ауыл шаруашылық институты, мемлекеттік ауыл шаруашылық және егіншілік жобалау институттарының, су құрылысын жобалау институтының бөлімшелері, кооперативтік, автомобиль, құрылыс колледждері, 2 қалалық кәсіптік-техникалық, медицина мекемелері, облыстық тарихи, өлкетану және геология мұражайы, гидрометеорологиялық бюро, 60 шақты мектеп, 2 мәдениет үйі, Ілияс Омаров атындағы қазақ драма театры және М.Горький атындағы орыс драма театрлары, филармония, 15-ке жуық кітапхана жұмыс істейді. Денсаулық сақтау және сауықтыру мекемелері тұрғындарға қызмет көрсетеді.
Қалаға қонақ бола қалған жалпақ жұрт Қостанайды бірнеше сәулеттік дәстүрді сіңіре отырып салынған, өзіне тән стилі бар деп есептейді. Оған қаланы аралап жүріп көз жеткізген абзал.
Қаладағы тарихи орындар да өзіндік ерекшелігімен көздің жауын алады. Ұлтының ұлы ұстазы Ахмет Байтұрсыновтың алаңында А.Байтұрсыновтың ескерткіші орналасқан, сондай-ақ тарихи тұлға, 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің қайраткер қолбасшысы, батыр-сардар Амангелді Имановтың ескерткіші, саяси қуғын-сүргін құрбандарына ескерткіш, Жеңіс саябағында Ұлы Отан соғысының құрбандарына арналған естелік мемориалы бар. Қалаға бара қалсаңыз, өлкетану мұражайы мен Ыбырай Алтынсариннің мұражайына арнайы соқпауға тағы болмайды.
Шіркеулер мен мешіттердің, батыстық немесе сібірлік сәулет дәстүрлеріне сай салынған үйлердің, ескі ғимараттар мен жаңа ғимараттардың қатарласа бой көтеруі Қостанайға көрік беретіні анық.
Көк желек жамылған Қостанайдың өз заманынан сыр шерткен осы тектес қайталанбас ғимараттары қазіргі уақытта мемлекет қорғауында. Қазір жаңа заман талабына қарай түрленіп жайнай түскен Қостанай қаласының болашақ бейнесі бұдан жарқын болатындығы күмәнсіз.
«Шет жүрсе сағынар қазақтың баласы,
Аққуы, қазы бар айдынға қарашы!
Ғасырдың сазы бар, көңілдің наласы
Ән салсам жазылар жанымның жарасы.
Даңқымен танылған Торғайдың қаласы –
Көк желек жамылған Қостанай қаласы», - деп Торғайдың тумасы, Халықаралық "Алаш" әдеби сыйлығының лауреаты Серік Тұрғынбеков жырлағандай, құшағы дархан Қостанайдың көркіндей халқының көңілі де кең екені рас.
Қостанай − қонақжай қала, ол ешкімді жатырқамайды. Бірнеше ұлтты бауырына басқан бауырмал шаһарға қонақ болып келе қалсаң, көрікті жерлерімен қатар, орталыққа жақын жерде ағып жатқан Тобыл өзенінің балықтарын аулап, көк құрақтың аясында әсем табиғатты тамашалауға болады. Сонымен бірге, қалаға жол тартқан туристердің назарын аудартатын, жалпы саны екі мыңға жуық тарихи және мәдени ескерткіштер ғана емес, туристердің ағайынды Яушев пассажы және Воронова және Сенокосова саудагерлер үйлері сияқты тарихи ғимараттары назарын аудартады. Мәдени демалысын жақсы көретіндер қуыршақ және орыс драм театрына, І.Омаров атындағы Қазақ театрына және тамаша облыстық филармониясына бара алады.
Қысқасы, Қостанайда тек қана демалмай, сонымен қатар санаторияларда және профилакторияларда емделуге болады. Кез келген жан үшін шаһардың орталық көшелерін шарлап шыққан соң-ақ көптің таңдайын қақтырар саябақтарда демалып, жаныңды жадырап қалары сөзсіз.
Ендеше, болашақта астықты аймақтың экономикасы еселеніп, мәдениеті мен ауыл шаруашылығы саласының өркендеп дами түсіп, көркіне көз жетпейтін әсем қаланың келешегі кемел әрі жарқын болса екен деймін.
Өсе берші, өркендей бер, Қостанай!
Даңқың әлі арта берсін тоқтамай!
Облыстың орталығы өзіңсіз
Келген адам кетсін тойсыз тарқамай!
Пайдаланылған әдебиеттер
1. Ғаламтор/ http://bilim-all.kz/olen/3417-Qostanai
2. А.Шаяхмет «Пирамида» кітабы, Қостанай, 1996 ж.
3. Ғаламтор/https://massaget.kz/layfstayl/alemtanu/Qazaqstanym/
4. «Қостанай таңы» газеті, №85. 06.08.2014.

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: