Шығарма: Ата-баба арманы - Тәуелсіз Қазақстан
Тәуелсіздік. Еркіндік. Бұл ұғымдар айтар ауызға қауырсындай жеңіл болғанымен, сайып келгенде қорғасындай ауыр, талай аққан тер мен төгілген қанның, жаңбырша тамған көз жастардың дәлелі. Бабаларымыздың сан ғасырдан бергі арманы, қазақ еліне 1991 жылы 16 желтоқсанда «тәуелсіздік» таңбасы өшпестей мөр болып басылды.
Тарихтың тереңіне үңіліп, әрбір тас бетінде қалған таңбаларға қарап, бабаларымыз жасап келе жатқан дәуірлердің есебінде кеткен шайқастар, аштық, жау тылында қалған жұрттың әрбір қаны мен көз жасына қарап тәуелсіздіктің қандай керемет ұғым екенін сезінесіз. Япыр-ай, қайран қазағымның басына нендей күндер тумады десеңші? Елі қанбай, ері сусын ішпеген, аттың жалында, түйенің қомында, ат ауыздығымен алысып, ер етегімен күн кешкен аласапыран заманда бесіктегі нәрестенің де басы алыныған-ды. Ер азаматтарымызбен қатар ақ жаулықтыларымыз да қолға қару алып, атқа да қонды. Біреудің көлеңкесінде жүруді көксемеді, біреудің тізесіне бас имеді. Тек азат ел болуды мақсат етті, «Алаш» деп ұрандатқан ата-бабаларымыздың аманатына қиянат етпеді.
Азалы жылдардың атасы атанған ашаршылық та қазақ елін айналып өткен емес. «Елім-ай» деп еңіреп, бір уыс нан да таба алмай аштан бұратылып өлген халқымыз бүгінгі азат күннің туарын білді ме екен? Жаңадан туған шаранасына ақ сүтін де бере алмай, тіпті бір- бірінің еттерін де жеуден тайынбаған қасіретті жылдар да сүйегімізге таңба болып басылды.
Қарша бораған оққа да кеудесін тосып, судай аққан қанның куәсі болған 41-дің қаһарына да ұшырадық. Шайқаста халқы үшін жанын берген, «Отан үшін отқа түскен» даңқты батырларымыздың арқасында қазақ алғаш рет « Жеңіс» сөзін тілге тиек етті. «Жеңіс» деп алғаш рет ұрандатты. Соғыстың жанайқайында қасқырша ұлып, арыстанша алысқан боздақтарымыздың қиылған жаны, төгілген қаны егемендігімізге салынған айрықша дара жол еді.
Бодан болған бірнеше жылдың ішінде баяғы қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған кезді кім аңсамады дейсіз?! Кең даланың төсінде ән салып тазы жүгіртіп, бүркіт баптаған қазаққа тар қапаста күн кешу оңай болмағаны белгілі.
Атының өзінен адам шошырлық атом бомбасы да қазақ даласын дүр сілкіндіріп, дүниенің астын үстіне шығарды. Уланған жер, суша қайнап, бу болып ұшқан үйлер, жүндері түсіп тентіреген жануарлар мен неше түрлі ауруға шалдығып, жарымжан болған адамдардың халін қазіргі таңда елестетудің өзі қорқынышты.
Махамбет бабамыздың «Мұнар да мұнар, мұнар күн, бұлттан шыққан шұбар күні» артта қалған заманда атойлатып қазақ елі алғаш рет азат ел атанды. Қайрат, Ләззат, Сәбирадай рухты жастарымыз «Желтоқсан» оқиғасында қасқалдақтай қанын төгіп, жанын берді. Өзіміздің қазақ тұрғанда, өзге елдің адамын билік басына қоюға қарсы болған өрімдей ғана қаракөздеріміздің шыбын жаны шырқырап, етіктері қаннан қатса да, тәуелсіздік жолында «тар жол тайғақ кешті».
Иә, жүректерден өшпейтін, есімізде мәңгі қалатын сол зұлмат тағдырлардың ізі қалған жердің төсінде біз бақытты күн кешудеміз. Тәуелсіз мемлекеттің желбіреген туының астында өмір сүріп жатқан біздің ата- бабамыз кешкен тағдырды ұмытуымызға хақымыз жоқ. Қара қазан, сары бала қамы үшін кеткен қыршындардың ерлігі мәңгілік жадымызда.
Қазіргі таңда ұлттың ұлы арманы орындалды. Көлеңкелі күндер де келмеске кетті. Керей мен Жәнібек қазығын қадап, Қасым мен Есім керегесін кеңіткен, Тәуке мен Абылай шаңырағын шайқалтпаған Атыраудан Алтайға дейін созылған, ұшқан құстың қанаты талатын, ұлан- ғайыр атыраптың бәрі де- азат. Елбасымыз сол қара шаңырақты шайқалтпай, елімізден шашу шығармай, болашаққа бағыттап, кемеміздің желкенін нық ұстап келе жатыр.
Азаттықтың арқасында алпауыт мемлекеттермен иық тіресіп, жер шарына "Қазақстан" деген есіммен танылдық. Ұлан-ғайыр жеріміз әлем картасынан кім-кімді болса да алаңдатары сөзсіз. Дербестіктің нәтижесінде өзіндік дара да даңғыл жолымыз бар. Бөрі бөрілігін танытпай қоймайды. Алты құрлыққа атымыз мәлім. Жас та болса, бас болып әлем елдерімен тереземіз тең ойысып, түтіні түзу ұшқан, тұрмысы бақуатты елге айналдық.
Ендігі жерде бабалар арманы болған, ащы термен келген тәтті жеңісімізді көзіміздің қарашығындай сақтап, келешек ұрпаққа аманаттау өз еншімізде. Сол себептен, көзіміздің ағы мен қарасындай болған ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен, ата-баба қанымен келген ұлған- ғайыр жеріміз бен ана сүтімен дарыған, кеше ғана Абай, Мұхтар сөйлген қасиетті тілімізді сақтауымыз керек. Мемлекеттік рәміздеріміздің қашан да алатын орны төр болғай! Тәуелсіздік тұғыры әрқашан да биік болсын!

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: