Шығарма: Ұлт бедеріндегі Әбіш Кекілбаев қолтаңбасы
Аса өрнекті, әлеміш ажарлы ғұмыр күмбезінде дәуір баурайынан құтайып, керіш уақытқа із салған, кеніш көңілдің қыртысын жазып, адамзат аманатын айғақтаған өшпес із бар. Кезеңдерден қонып, дәуірлерден түскен – замансөз. Біздіңше, таңбалы хат, танымды публицистика, кесімді пікір. Ғарасатқа дейінгі адамзат баласының ақ қағаз бетіндегі үндеуі, жоғына жамау, барына сауап арқалаған құтпарақ. Абай бабам атаған келер заман – көк тұманның өлшемінен бөлек, өткен мен бүгіннің жаднамасы, ұлтқа ұстахана, жазарманға – қамсау сарай. Қисынды, сұлу болғаны өз алдына, жанның сарайы. Бағамдасам, ғұмырында қанатымен парасат мекенін қапқан көңіл құсын өз көкірегінде ұялатқан Әбіш Кекілбайұлы жансарайынынан осындай биік леп байқалады. Жүрекке жылы, жанға жайлы желемік. Халыққа тыныс, ұлтқа сая. «Арға тартпай арман тұл, намыс қумай мақсат тұл!» – дейді «Ұлттық намыс туралы ойласақ» тұрыпты толғамының әлқиссасында Әбіш Кекілбайұлы. Жазарман үшін бұл атаулы жезайыр ұран ұлт мінберіндегі тұтас борыштың жолашары, айнымас пейіл, ақжолтай ниеттің тұнығы. Ахаң, Ахмет Байтұрсынұлы, айтқан көсемсөздің нақ мұраты әрі жазумен айтылып, жүрекпен жеткен тіркес. Қазақ замансөзінің ұрпақ ауысып, дәуір көшкен өткелек шағы – тәуелсіз кезеңнің алғашқы адымында көтерген жүгі. Халықтық мақсат, елдік мүдде тұрғысындағы ақинақ сөз.
«Тарихта «кіндік кезең» деп саналатын тұстар болады. Ондайда белгілі бір саяси құрылыстың ғана емес, күллі қоғамдық тіршіліктің өзгеруі талап етіледі. Біздің бүгінгі бастан кешіп отырған көп ретте сондай кіндік кезеңді еске салады. Бұл орайда жиі талас тудырып жүрген мәселе – ұлттық мемлекет идеясы... Ал ұлттық сана дегеніміздің өзі де,.. әр ұлттың өз тіршілігін өзі бағдарлауы, өзінің барар жерін, шығар биігін өзі белгілеуі, өзінің алдына мақсат қоя білуі ғой» деген биік парасат иірімінде шыныққан азаматтық ойлар – ұлттық мемлекет ұстыны: ұлттық құндылық пен ұлттық сана биігінде қылаң береді. Өйткені, публицистикадағы басты құндылық – уақыт. Уақыт дәргейінде байыпты, екшеу-дәлдікпен айтылған Әбеңнің толғамы тәрбиелі-тағылымды мәнімен қоса, өткелек кезеңнің ажары, демократиялық сүрлеуде халықты жарыққа жетелеуді мақсат тұтқан пейіл, болашаққа сенім болды. Бұл орайда, «Публицистиканың функциясы – қоғамдық пікірді қалыптастыруға әсер ету арқылы қоғамдық сана мен қоғамдық практикаға ықпал жасау» дейді ғалым Тауман Амандосов.
Көсемсөзшінің көркем-публицистикалық жанрдағы толғамға құрылған еңбегінің негізгі арқауы – демократия аясындағы тәуелсіз ұлт қалыптастыру. Барлығынан биік мұрат, берекеге толы борыш. Бір басылым үшін емес, бар қазақтың үдесіне. Саяси-идеологиялық тарапта ішкі мәдениет пен парасат қағидасына құрылған ұлттық сана – өз шаңырағыңның кенерін айшықтаудағы басты алғышарт екенін Әбіш Кекілбайұлы дәлдікпен көрсетіп отыр. Мұны «Қазақ қалай орыстандырылды?» баянында ақсақал Мекемтас Мырзахметұлы қостайды, ұлттық сана – «саналы тіршілік иесінің рухани даму жолындағы ұлы табысы» – дейді, оны өркениеттің мәйегіне балап, қазақы сана ежелі дәуірден қалыпталғанын айтайды. «Жүз тілді планета, достық лабороториясы саналып келген Қазақстандағы қағажу көрген ұлттық сананың әлгіндей өз мұңын мұңдай бастағаны «қызыл метрополияға» жер астынан жік шыққандай көрінді» деп жалғайды көсемсөзші Кекілбайұлы. Кенезесі кепкен руханият алқабындағы буалдыр тұманнан ұлттық сана тасқайнарын тек азаматтық деңгей дөңесіне аяқ басқандар ғана аңдайды. Әбіш Кекілбайұлы – ұлт мұратына келгенде қырағы жазарман. Оның жанары мұнар шалған дәуір кеңістігінен ұлты үшін болашаққа қажеттіні таңдап алады. Ендеше, біздегі тәуелсіз ел болудың алғышартты ой-толғамдағы Әбіш Кекілбаевтың интеллектуал өресі, адамдық келбетімен таңбаға түскен айшықты із болды. Өркениет үштағанының тұрғысы: ұлттық мемлекет пен сана дедік, Әбіш Кекілбайұлы аңдауындағы үшінші тұрғыңыз – тіл болыпты. «Ұлттық тілді жетілдірмей тұрып, ұлттық даму ойдағыдай өрістей алмақшы емес. Біздің демократиялық заманда халықтың жаппай білім алуы ана тілінде сабақ беру арқылы ғана жүзеге асары хақ. Басқа тілде білім алу – ежелгі мағұрып араптарының тілімен айтқандай, хассалық білім алуға тән құбылыс. Публицистиканың ұйымдастырушы-насихаттық функциясы. Пікірді үгіттеу мен мәжбүрлеу деп ұғыну қисынсыз болар еді, қапысыз сенім. Задында, экономика мен ғылымдағы қазақы коммуникация – ана тіліміздің өркендеуіне ықтасын екендігін жұмыр жердегі индустриалды революциялар шеруінен бағамдау аса қиындық тудырмайды. Билік жүйесіндегі қазақ тілінің мән-маңызы, егемендіктің іргетасын қалаған Алаш қайраткерлерінің арман-мұраты – Әбіш Кекілбайұлының жазу үстелінде ақ қағаз, ала сияға түскен құбылыс болыпты. Әбең ғылыми аударма мен банк тілін қазақшаландыруды айрықша атайды. Қазір қатқыл аударма мен, өрескел қателіктерге қарап, бұл үрдістің аса қажеттілігі аңдалды. «Тіл мерейі – ел мерейі. Бабаларымыз баяғыда ескерткендей, адамзат тарихына қарасақ, тілі мақұрым қауымдардың өздері де мақұрым болыпты. Ал тілдерін дамытып, кемелдеріне келтірген халықтардың өздері де дамып, кемелдеріне келіпті». Сөз соңы, көсемсөздегі бар қазаққа болысқан жазармандық өсиет. Өркендеу, өсу жолындағы амал. Бұл ғана емес екен, ішкі саясат, этникалық әртектілік мәселесі тағы бар. – Мемлекетіміз сол ұйытқыны қалыптастыра алатындай ұқыпты саясат жүргізуге міндетті. Ол үшін ұлт пен территорияның барлық құрамдас бөліктерінің бәрінің де мүдделерін бірдей ескеріп отыруға күш салғаны шарт. Өйткені, егемендіктің ең үлкен жауһарлары – жікшілдік те, алауыздық та тек әділетсіздіктен өрбиді[6], - дейді Ә. Кекілбайұлы. Аса сақтық, арнайы байыппен келетін мәселе. Көсемсөзші бұл тарапта әлемдік ау-жайды назарда ұстап, оңтүстік-шығыс Азиядағы ұлтаралық қайшылықтар секілді бұрқасын-бөгесіндерден тәуелсіздіктің босағасын енді аттаған азат та асқақ мемлекетін сақтандырады. Кесапат жікшілдік, кембағал алауыздық, кесірлі әділетсіздік – азаматтық қоғам үшін ауыр қашан да ауыр трагедия. Оның түртпегі елдік күретамырыңды қиып, киіз туырлықты отауыңды тәуелсіздік аясының күнгей тұсынан теріскей жағына тықсырады. Әбіш Кекілбаевтың бұл көзқарасы – бір күннің уысында қалыптасқан азаматтық пікір емес, әлемнің даму тарихын, ондағы мемлекеттер құрылымын, хандықтар мен патшалықтардың қалыптасу заңдылықтарын ой елегі, көңіл тарасына салып, аса мұқият зерделеген орасан энциклопедиялық білімнің жетегінде қалыптасқан көзқарас. Әбішше айтсақ, «Ұрпақтың ұрпаққа қалдырар ең асыл мұрасы – өзі бастан кешкендерден түйген азды-көпті рухани тәжірибесі. Одан қол үзген қауым – келешегінен қол үзген қауым». Осылай бүгінді келешекпен, өткенді тарихпен жалғаған Әбіш ой-толғамдарының, саяси әрі проблемалық мақалалары: «Тәуелсіздікті толғау», «Дуадақ қонған боз төбе», «Ұлтты ұлы мұраттар алға жетелейді», «Тіл және тәуелсіздік», «Абай болсақ, опық жемейміз», «Ортақ үйдің түтіні түзу ұшсын», «Айналаң – алтын бесігің» тағы да өзгелерінің идеялық өзегі, идеологиялық сынасы публицистикадағы ұлттық арнаның қуатты ағынын қалыптастырыпты. Тегінде, қазақ көсемсөзінде Әбіш Кекілбайұлы құйған сөз сүймені – жаңа кезең салқынынан тоңазыған көпшілік көңілінің сеңін бұзған. Тайғанақ көсемсөз сүрлеуінде ар мен адалдық жүгін көтере аяңдаған қаламгердің асқақ талант, қарпымды қалам қуаты төгілген жылдар – ұлттық мүдде тұрғысында Отандық публицистиканың адамзаттық биіктікке көтерілген жаңа кезеңі еді. Жалынға – сағдар, жанарға – нысан... Қазір тәуелсіздік пен жаңа кезең көсемсөзінде ақиқат шұғыласына шомған ар сәулесі жарқырайды. Ұшқын атқан жолдар түйінінде автор – «Ә. Кекілбайұлы» деп қолтаңба қойыпты. Қол ғана емес, жұмыр жерге әйдік ұлттық мемлекет қалыптастырғанымызға айғақ, қалыптағанымызға кепілтаңба! Ұзағынан болсын!

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: