Шығарма: Абай және ХХІ ғасыр

Шығарма: Абай және ХХІ ғасыр

Еспембет Қамарсұ

Өзі өмір сүрген заманның нағыз озық ойлысы, елден ерек туған еңселі ері, қараңғы қазақтың шам шырағы атанған ардақты Абайдан алар тағылым мен түйер ойлар орасан зор. Тыңғылықты тыңдаған мен терең түсінген жанға Абай айтқан асыл сөздер- адасқанда жолына жарық болса, сүрінгенде сүйенер сенімді серігіндей болатыны анық. Абайдың ой- тұжырымдары баршамызға қашанда рухани азық бола алады. Мысалы, жұп- жұмыр жалғыз ғана «Сегізаяқ» өлеңінің өзінде қазіргі кезде белең алып, етек жайған сан түрлі жағымсыз қасиеттерді қатты мінейді. «Тамағы тоқтық, жұмысы жоқтық, аздырар адам баласын» деген ойлы- өнегелі сөзі қаншалық қастерлі, көп аузынан түспейтін халық мәтеліне айналып та кетті. Расымен-ақ көзіміз күнде жетіп жүр, еріншектік, масылдық, тойымсыздық, босаңдылықтың адам өмірінің астан- кестеңін шығарып, тіпті түбіне жетіп азғындалатыны өзегімізді өртей түседі. Нәпсі мен дүниеқоңыздық адамды адам санатынан хайуандай жиренішті әрі бишаралық күйге түсіріп жібереді. Ақынның кесек ақыл мен жетік білгірлігі соншалық мұншалық маңызды мәселелер мен түйткілді ойларды орамды тілмен, кестелі сөзбен, аз сөзге көп мағына сыйғыза білдіруі сөз ұққанға мол өнеге. Айтып ауыз жиғыза алмастай, бұдан өзге де ақын қырын жан- жақты дамытып, оқырман көңіліне кереметтей сергектік, әсіресе, жастарға жаңаша серпімділік пен жадына жақсы тұтар тәлім- тәрбие беретін дана ақынның ойлы туындылары есепсіз көп. Аз ғана мысалмен айтпағымды айқын жеткізгім келеді, яғни Абай сөзінің бүгінгі заманымыз үшін көкейкестілігін ақын шығармаларынан анық аңғарамыз. Осыдан бір ғасырдан астам уақыт бұрын қараңғы қазақты, қалың елді, қадірлі ұлтын білімділікке, кесел мінездер мен жат әдеттерден аулақ болуға, ғылымға бейіл бұруға шақырған үндеуі, үні, айтқан асыл сөздері естен мәңгі кетпестей қасиетті мұрамыз болып сақталып келеді.

Биыл ұлы ақын Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойы. Осыған сәйкес Қазақстан Республикасының президенті Қасым- Жомарт Тоқаев «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласында: «Абайдың әлемдік деңгейдегі ойшылдардың қатарындағы ғажайып тұлға ретінде дәріптей отырып, Абайды жаңа Қазақстанның бренді ретінде әлем жұртышылығына кеңінен таныстыру қажет» деген өте керемет жайдың басын ашып берді. Менің ойымша, Абайды әлемнің түпкір- түпкіріне кеңінен таныту үшін әуелі өз елімізде Абайды, оның айтқан, жазған, жырға қосқан шығармаларын білмейтін адам қалмау керек. Абайдың өлеңі дегенде күмілжімей әр қазақ, әрбір жас жалындап тұрып жар салу керек. Нақыл сөздері, қара сөздерін көшелердегі үлкен тақтайларға көрнекті етіп жазып қойсақ, керексіз жарнамалардан жақсы болар еді деп ойлаймын. Қытай дегенде- Конфуцийді бәрі таниды, себебі олар үнемі Конфуций жазып қалдырған үлгілі сөздерді еш ұмытпай, қашанда айтып жүреді және сондай қағидалармен күн кешеді. Әрине, меніңше, жақсы ұстанымға Абай айтқан сөздерді үнемі ерекше айтып жүруді қоссақ. Сосын жамандықтан жиреніп, жақсылыққа қадам басып, бес нәрседен қашық болып, бес нәрсеге асық болып тамаша тағылымды өмір сүрсек, барша әлем де бізден үлгі- өнеге алады, Абайдай асылды олар да ардақтап, қадір- қасиетін одан сайын шарықтата түсіретініне кәміл сенімдімін. Осындай қағидаттарды қазірден және тал бесіктен балаға да, жасқа да, қазыналы қартқа да айта түсіп, айшықты, өнегелі, үлгілі бола білуіміз керек.

Мен де Абайды танытуда өз үлесімді қосқым келеді. Бастамасын өз өлкемнен, өз ортамнан, қарапайым мектебімнен, сыныптастарым мен достарымның арасынан бастамақ ниеттімін. Әуелі Абай өлеңдерін, қара сөздерін жаттап, жатқа оқып қана қоймай, астарын аңғарып, үлгілі- өнегелі ой түйсем, түйсінген әрбір ойым мен алған тағылымды тәрбиемді тақырыптарға бөліп күнделік жазсам, кейін әлеуметтік желіде көп оқырмандарыма ой саларлық посттар жазып, көпшілікке Абай айтқан сөздерді кеңінен таратсам деймін.

Қорытындылай келгенде, менің ойымша, Абай әлемі- өте шұғылалы, сәулесі жолымызға жарық, білім қуған балаларға бағыт берер бағамы бөлек мекен деймін. Сол нұрлы әлемге, яғни биік білімге біздер мақсатты қадам басайық дегім келеді.

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
шығарма Абай және ХХІ ғасыр туралы эссе шыгарма казакша сочинение на казахском, эссе сочинение про Абай жане ХХІ гасыр на казахском языке скачать бесплатно, эссе шығармалар шыгармалар жинағы жоспарымен, Абай және ХХІ ғасыр

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]