Шығарма: Тәуелсіздік - тәңір сыйы

Шығарма: Тәуелсіздік - тәңір  сыйы

Таджигалиева Ақбота
Астана қаласы, «№ 74 мектеп-гимназия» КММ 8 сынып оқушысы
Жетекшісі: Бакирова Айгүл Мұханбетқалиқызы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Әлемдегі жер көлемі жағынан тоғызыншы орынды иеленген қазақтың көңіліндей кең-байтақ жер – менің туған өлкем, қазақ жері. Атыраудан Алтайға дейінгі, Есіл мен Алатауға дейінгі шексіз жерді аталарымыз қызғыштай қорғап, бізге тарту еткен үлкен сый. Келер ұрпағына «асыл мұрам, ал балам» деп айту үшін қиын-қыстау кезеңдерді бастан кешкен еді. Туған жер туралы ойларымыз дәлелді болуы үшін Елбасымыздың сөзінен мысал келтіре кетейін: «Құдай қазаққа қырын қаратпаған: пейіліне сай етіп ұлан-ғайыр жер берген, астын-үстін толтырып кен берген, мейірбан, ақ көңіл, адал ел берген, жаны үшін малын, ары үшін жанын садаға ететін ер берген». Елінің елдігін, жерінің байлығын сақтап қалу жолында талай тарландарының, ержүрек, ел бірлігін ойлаған би - шешендерінің бастауымен «Есім ханның ескі жолы», «Қасым ханның қасқа жолы», «Тәуке ханның жеті жарғысы» деген қағидаларды сақтап, «Абылайдың ақ жолы», «Нұрсұлтан Елбасымыздың нұрлы шапағатына» дейін ұласып отырғаны айғақ. Екі жүз жыл бойы қазақ халқына тыныштық бермей, бейбіт елге көз алартқан жоңғар басқыншыларына қарсы елін бастап, ерлікпен жерін қорғаған – Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шапырашты Наурызбай бастаған батырлардың, әз Тәуке, Абылай хан, Кенесары тәрізді хандардың ел үшін бастарын бәйгеге тіккен ерліктерін бүгінгі таңда ұрпақтары ұран қылып, мақтан етеміз. Иә, айта берсе кім менің байтақ далама көңілі ауып қызықпады десеңізші?! Сол қиын-қыстау кезінде бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығаруға үндеген Абылай сияқты хандарымыз батырларын, елін сүйген ерлерін, қарапайым халықын достық, бірлікте ұстаған. Жағадан алған жауды тарыдай шашып, қоқаңдап қыр көрсеткен Қохан хандығымен де, қалың қара Қытаймен де, ормандай орыспен де тіл табысқаны бабамыздың даналығының арқасында. Сол бабаларымыздың сары майдай сақтап қалдырған асыл мұрасы, өмір сүріп отырған аяулы Отанымыз – Қазақстан!
Осы асыл мұраны келешек ұрпаққа сақтап қалу жолында атабабамыз қаншама азапты күндерді бастан өткерді. Зұлмат ашаршылық, зиялы қауымды «халық жауына» балаған тоталитарлық қысым, қаншама боздақтардан айырған 1941-1945 жылдардағы қиян-кескі соғыс, 1986 жылғы желтоқсан оқиғаларында айбатынан жау жасқанған дұшпандарын жеңіп шыққан – қазақтың жауынгер батыр ұлдары, төзімді де, тәуекелшіл «қазақ» деген ұлы халық.
Қазақ халқы ұзақ уақыт бейбіт өмір сүре алмады. Елмен елдесті, жаумен жауласты, дәуірлеу мен тоқырау, шарықтау мен құлдырау кезеңдерін бастан кешті. Ақырында отаршылдықтың кейпін киді. XVIII-XIX ғасырларда халқымыз еркіндігінен айырылды. Еркіндігінен айырылып қана қоймай бірінші, тілден, діннен, мәдениеттен, әдет-ғұрыптан, жерден, өнерден айырылды. Екінші, халқымыздың біртуар ұл-қыздарынан тағы айырылды. Атап айтқанда рухани отарлау жолымен біз орыс халқына тәуелді болдық. Патша үкіметінің қазақ даласындағы отарлық саясатының басты мақсаты жергілікті халықты орыстандыру, тілінен, дінінен айыру еді. Патша үкіметінің отарлау саясаты көптеген шарттармен жүзеге асып отырды. Осылайша орыстандыру қазақ елінің барлық жерінде қарқынмен жүріп отырды. Патша үкіметі өз өскерлерін әкеліп қорғандар сала бастады. Бұл - қазақ жеріне іштей ену еді. Қазақ елі бұдан кейін өкімет басына келген коммунистік партиядан азапты жылдарды жылдарды көрді. Қазақ даласында емін-еркін жайылып жүрген төрт түлік мал большевиктік шоқпармен тартып алынды. Жұрт бас суғалап туған жерден кетуге мәжбүр болды. Байлар жер аударылып, қанаушы тап ретінде жойылды. Барлық жерде мектептерде де, жұмыстарда да коммунистік идея қалыптасты. Осымен қоймай қазақ тілінде арыз, шағым жазуға тыйым салынды. Мұның бәріне 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан тәуелсіздігінің салтанатты жариялануы нүкте қойды. Ешкімге дес бермеген, ешнәрсеге моймаған халқымыз бертінде тап болған бостандықтың бұғауынан босап, еркіндік туын қайта тікті. Сол күннен бастап біз өнерімізбен, әдебиетімізбен, мәдениетімізбен, қайта табыстық. Міне, биыл сан жылдар бойы сабылып іздеген, армандап аңсаған, қуана күткен тәуелсіздігімізге жиырма бес жыл толғалы отыр. Бүгінгі таңда қазақ еліне,жеріне тамсанбайтын жан жоқтың қасы. Бір кездері атын атауға болмайтын ардақты ағаларымыздың еңбектерін қызыға оқитын болдық, өз ана тілімізде жасқанбай, еркін әрі мақтана сойлеуге де жеттік, төрткүл дүние көз тіккен байрақты бәсекелерде де Әнұраны шарықтай шырқалса, Туы желбіреп, биіктен көріне білді, әлем танып, тамсанды. Ендігі жерде біздің бір ғана Отанымыз бар. Ол – тәуелсіз Қазақстан.
Менің елім тәрізді қаһарман ел жоқ! Асты қазынаға, бетіндегі елі бірлікпен біте қайнасқан туған жерімнің қай қыры болмасын – ыстық та қимас мекен. Қазақ жері жайлы ішкі толғанысымды Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың мына ойларымен сабақтай кетсем деймін: «Тәуелсіздіктің қайта оралғаны – біздің ата-бабаларымыздың сан ғасырлық азаттық күресінің заңды өтеуі. Жаратқан Иенің жасаған әділдігі. Атабабаларымыздың осыншама байтақ жерді ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен қорғап қалғанның арқасы. Мұндай жер болмаса, мұндай ел де болмас еді!». Иә, мұндай жер болмаса, мұндай ел де жоқ еді. Осындай ғажап өлкеде туып-өскен жан ғана емес, ауасын жұтып, топырағын басқан адам да тәуеп етері анық. Қиын заманда өз елінен шеттетілген қаншама ұлт пен ұлыс баласын өзекке теппей, бауырға басқан кеңпейіл өлке – осы қазақ жері емес пе еді?! Біз - өткен күрестер жеңісінің жемісін жеп отырған бақытты ұрпақпыз.
Өздерін ағалата алмаса да, елін табалатпаған ерлеріміз жері мен елін ұрпаққа аманат етті, өмірлері өксімей еркін болса, тәуелсіз өмір сурсе деп армандады. Тәуелсіздіктің тірегі, туған жердің тұғырына қонар жас қыраны – бүгінгі ұрпақтың алдында тұрған ұлы міндет – бабаның қанымен келген туған жерді кең байтақ қалпында, туған тілді өзге тілмен алмастырмай, өз қалпында келешек ұрпаққа аманат етіп қалдыру. Біз бақытты жандармыз, себебі, біздің туған жеріміз, еліміз, ана тіліміз, дініміз, салт-дәстүріміз, тәуелсіз Отанымыз бар. Еңсемізді көтеріп, жан-жағымызға мақтана қарағанда, жұдырықтай жүрегіміз қуанышқа бөленеді. Тәуелсіздікке қол жеткізген осынау жарқын күндерде менің санамда туған өлкемнің, байтақ Қазақстанның басына қонған бағы баянды болып, мәңгілік ел тұғырынан таймаса екен деген тәтті тілек қана...
Аяулы Отаным – Қазақстан туралы жазарымыз да, айтарымыз да, кеуде кағып мақтанарымыз да коп-ақ... Ендеше, туған жерім – Қазақстанды көркейтетін де, байытытын да, өз бақытының иесі болуына қол жеткізетін біз сияқты ұландары.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Тәуелсіздіктің бес жылы» деп аталатын еңбегінде былай дейді: «Біздің туысымыз – тәуелсіздік, тілегіміз – бейбітшілік, тыныштық. Күш қолдану мен жанжал атаулына бар ерікжігерімізді аямаймыз. Осы мақсат жолында Қазақстандағы барлық ұлт өкілдерінің бір кісінің баласындай, бір қолдың саласындай күш біріктіруге мүдделіміз». Менің түсінігімше, туған жер дегеніміз – дүние есігін ашқан, кіндік қаның тамған ауылың немесе қалаң ғана емес, өзің өмір сүріп жатқан тұтас туған елің, отқа түсер Отаның болуы тиіс. Менің туған елім, туған жерім кең-байтақ – қазақ жері! Ал , Қазақстанның тәуелсіздігі – Тәңірдің сыйы!

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
шығарма Тәуелсіздік - тәңір сыйы туралы эссе шыгарма 16 желтоқсан 16 декабрь сочинение на казахском, эссе сочинение про Тауелсиздик - танир сыйы на казахском день независимости казакстан 16 декабря, эссе шығармалар жинағы тәуелсіздік 16 желтоқсан 16 декабрь жоспарымен, 16 желтоқсан тәуелсіздік күні шығарма, 16 желтоксан тауелсиздик куни шыгарма, Тәуелсіздік - тәңір сыйы

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]