Шығарма: Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25-жыл

Шығарма: Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25-жыл

Генералова Злата
6 класс, гимназия №5 г. Астана
Жетекшісі: Аубакирова Айнагуль Аманжоловна

Мен Қазақстанда дүнеиеге келіп, тұрып келемін. Бұл менің Отаным, менің үйім. Адамның дүниеге келіп, өскен жері мәңгілікке әр адамның жүрегінде қалады. Ата-бабаларымыз бізге қазақ халқының мәдениеті мен дәстүрлерін ұрпақтан ұрпаққа жеткізіп келеді.Ұлттық әндерді тыңдай отырып біз қазақ елінің кең-байтақ жазықтарын, биік шыңды асқар тауларды көз алдымызға елестетеміз. Еліміз қазіргі біздің уақытымыздағыдай болуы үшін ата-бабаларымыз үшін көптеген ғасырлар қажет болды. Тарихымызға көз жүгіртсек, онда біз Қазақстанға тәуелсіздігін алу үшін екі жүзден астам жыл кеткенін байқаймыз. Ұлы Отан соғысы жылдарына Қазақстан үлкен үлес қосты. Он мыңға жуық адам Отанымыздың бостандығы мен болашағы үшін күрескен. Соғыс жылдары Қазақстан майданға қару-жарақпен, азық-түлікпен және барлық қажетті заттармен қолдау көрсеткен. Осы адамдардың арқасында біз еркін және тәуелсіз мемлекетте тұрып жатырмыз. 1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан тәуелсіз мемлекет атанды. Осы күннен бастап міне 25 жыл өтті. Н.Ә.Назарбаев – тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Президенті.
Қазақстанның жеке мемлекеттік рәміздері бар, бұл – Ту, Елтаңба, Әнұран. Олар мемлекет тәуелсіздігін, бостандығын және ұлтын білдіреді. Қазақстан туы көк түсті – бұл бейбітшілік пен аман-саулықты білдіреді. Алтын күн – тыныштық пен байлықты білдіреді. Қалықтаған қыран – жомарттық, қырағылық пен ой биіктігін бейнелейді.
1993 жылдың 28 қаңтарында тәуелсіз Қазақстанның алғашқы Конституциясы қабылданды. 1995 жылдың 30 тамызында осы уақытқа дейін қолданылатын еліміздің екінші Конституциясы қабылданды. Еліміздің әнұранның алғашқы мәтіні 1992 жылдың желтоқсан айында қабылданды. 2006 жылдың қаңтар айында қабылданған жаңа әнұран мәтінінің авторлары – Ж.Нәжімеденов пен Н.Назарбаев. 1993 жылдың 15 қарашасында тәуелсіздігіміздің тағы бір рәмізі пайда болды, бұл – ұлттық валюта. Қазақ халқының балалық шағынан бастап музыка өнеріне деген махаббаты ерекше етеді. Музыка – халық өмірі мен мәдениетінде ерекше орын алады. Қазақстан әртүрлі бағытта дамып келеді. Заманауи Қазақстанда ұлттық мәдениетпен бірге кәсіптік мәдениеттің басқа да салалары дамып келеді, бұл: балет, кино өнері, театр, бейнелеу өнер және басқалары. Осы мәдениеттің ең маңызды жетістіктерінің бірі болып қазақ операсы танылады.Қазақстанда жыл сайын «Жас қанат», «Азия дауысы» атты жас орындаушылар байқауы өткізіледі. Сәулет өнері де дами бастады. Көптеген тұрғын-үй кешендері, сауда үйлері, оқу орындары, мұражайлар салынды. Елордамыздың бейнесі қатты өзгерген. Астана күн сайын көркейіп келеді. Қысқа уақытта «Ақ Орда», «Бәйтерек», «Думан», Бейбітшілік және келісім сарайы, Астаналық цирк, Хат-Шатыр сияқты жаңа ғасыр объектілері салынды. Бәйтерек – Астананың басты көрікті жері. Бәйтеректің биіктігі – 105 м құрайды. Сондай-ақ, Астанада көптеген ескерткіштер салынған. Мысалы, Кенесары ханға арналған, С.Сейфуллинге, А.С.Пушкинге, ұлттық батыр – Бөгенбай батырға арналған ескерткіштер бар. Егер тарихқа үңілсек, Астананың бірте-бірте дамығанын білуге болады. Астана тарихы 1830 жылы Ақмола қамалының құрылысынан бастап басталады. 1961 жылға дейін қала Акмолинск, 1961-1992 жж. Целиноград, 1992-1998 жж. Ақмола деп аталып келді. Астана Қазақстан астанасы болып 1998 жылдың 10 желтоқсанында жарияланған. Қазақстанда 100-ден астам ұлт өкілдері өмір сүреді.
Барлығымыз тату өмір сүреміз. Біздің басымызды біріктіретін тек бір: БізҚазақстан халқымыз. Біз Президентіміз – Н.Ә.Назарбаевты құрметтейміз, оның арқасында біз кең байтақ, бейбіт және көркейіп келе жатқан елде өмір сүріп келеміз. Әр адам өз Отанын сүйіп, құрметтеуі, отансүйгіш болуы тиіс. Мен, Отанымыз – Қазақстанның дамуына өз үлесімді қосуға тырысатын боламын. Қазақстан халқы - біртұтас!

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
шығарма Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25-жыл туралы эссе шыгарма 16 желтоқсан 16 декабрь сочинение на казахском, эссе сочинение про Казакстан Республикасынын Тауелсиздигине 25-жыл на казахском день независимости казакстан 16 декабря, эссе шығармалар жинағы тәуелсіздік 16 желтоқсан 16 декабрь жоспарымен, 16 желтоқсан тәуелсіздік күні шығарма, 16 желтоксан тауелсиздик куни шыгарма, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25-жыл

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]