Шығарма: Астана және Президент
Жүсүпқали Данагүл
6 «Д» сынып, № 32 КММ. ЖББМ. Алматы қаласы, Түрксіб ауданы.
Жетекшісі: Буранбаева Наталия Қуановна e-mail:buranbaieva54@mail.ru

Шығарманың жоспары
1.Кіріспе: Елім, жерім - Қазақстаным, Ата Заңым – тірегім.
2.Негізгі бөлім:
а) Астана қаласының тарихы.
ә) Елорда және Елбасы.
б) Астана – Азияның ең солтүстігінде орналасқан елорда.
в) «Бәйтерек» кешені жаңа ел орданың - басты символы.
г) Астана - Еуразия кеңістігінің орталығы.
3.Қорытынды:
а) Елбасының - ізгі саясаты, арманы.
ә) Астана - бүгін өскелең қала.
Қазақстан Республикасының Конституциясы — Қазақстан мемлекетiнiң Ата (негiзгi) заңы. 1995 жылы 30 тамызда Республика референдум өткізу (бүкіл халықтық дауыс беру) жолымен қабылданды. Конституцияны қабылдай отырып, Қазақстан халқы мемлекеті билiктiң қайнар көзi — өзiнiң егемендiк құқығын баянды етті. Ата заң қабылданған күн демалыс — мемлекеттік мереке — ҚР Конституциясының күні деп жарияланды. Бұл жаңа Конституция Қазақстанның төртiншi Ата заңы (1937, 1978, 1993, 1995). Оның құрылымы кiрiспеден, 9 бөлімнен, 98 баптан, көптеген тармақтар мен тармақшалардан тұрады. Жаңа Конституцияның ең жоғары заңдық күші бар және ол ҚР-ның бүкіл аумағында тікелей қолданылады.
Бүгінде Қазақстанның негізгі ұлтын қазақ халқы құрайды. Одан кейін славян халықтарының өкілдері орыс және украин халықтары. Сонымен қатар ең елеулі этносты құрайтындар өзбек, немістер және татар халықтары. Осы біздің елдегі халықтар басын біріктіріп, олардың ұлттық тегіне қарамастан, теңдігін бекітетін құжат бар. Ол еліміздің Ата Заңы, Конституциямыз. 2а) Қазақстанның ең бірінші астанасы 1920 жылы Орынбор болған. 1925 жылы астана Қызылордаға көшті.Түрксібтің салынғанына байланысты астана Алматыға көшті. Заң түрінде бұл оқиға 1927 жылдың 3-ші сәуірінде болды, шындығында көшу 1929 жылы болған. Ақмоланың тарихы 1830 жылдан бастап, яғни Қарауыткөл алқабында Ақмола бекінісі салына бастаған кезден басталады. Ақмола – Есіл өзені жағасындағы Ақмола округінің Сібір қазақтарының негізгі қаласы болған. XIX ғасырда да Ақмола сол кездегі сауда – экономикалық орталығы болды. 1863 жылдың 16-шілдесінде Ақмола ашық түрде округтік қала болып саналды. 1868 жылдың қазанында “Орынбор және Батыс Сібір генерал губернаторлығының уақытша басқару жағдайына” байланысты Омбы орталығымен Ақмола облысын тудырды.
Облыстың ең ірі өзендері – Есіл, Нұра, көлдері – Теңіз, Қарасор, Қорғалжын, Балықтыкөл, Қыпшақ т.б. Жануарлар әлемі: 55 сүтқоректілер түрі, 180 құстар,30 балықтар түрі, өсімдіктің 66 түрі өседі. Жасыл әлемінің аумағы 4391,6 га. Оның жер қойнауында алтын, уран, сүрме, боксит, мыс, қоңыр көмір, кварц құмдары және т.б пайдалы қазбалары бар. Ата бабаларымыз көп жылдар бойы тәуелсіз ел болуды армандады. Наурызбай, Бөгенбай, Қабанбай батырларымыз, Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлин және тағы басқа ақынжазушыларымыз тәуелсіздік үшін күресіп, көбі репрессияға ұшырады. ә) 1991 жылы 16 желтоқсан күні Қазақстан елі тәуелсіздік алды. Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды. Әрине мемлекет құрылған кезде тіл де, рәміздері де, қалыптасады. Қазақстанның заманға лайық жаңа астанасын салу идеясы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевқа тиесілі.Елорданы Алматыдан Ақмолаға ауыстыру туралы шешімді Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі 1994 жылы 6 шілдеде қабылдады. Астананы ресми көшіру 1997 жылғы 10 желтоқсанда жүзеге асты. Президенттің 1998 жылғы 6 мамырдағы Жарлығымен Ақмоланың атауы Астана болып өзгертілді. Жаңа астананың халықаралық тұсаукесері 1998 жылғы 10 маусымда өтті. 1999 жылы Астана ЮНЕСКО шешімімен «әлем қаласы» атағын алды. Қазақстанның бас қаласы 2000 жылдан бастап Астаналар мен ірі қалалардың халықаралық ассамблеясының мүшесі.1991 жылдан 2016 жылға дейін Қазақстан Республикасы Тәуелсіз Мемлекеттер Достығы, Біріккен Ұлттар Ұйымы және басқа ұйымдарға кіріп, 2010 жылы Азиаданы өткізді.
Еліміздің басқа да жетістіктері көп.Қазақстан жерінде Менделеев кестесінің 99 элементі бар. Бұл біздің үлкен мақтанышымыз. б) Астана – Азияның ең солтүстігінде орналасқан елорда. Қазіргі уақытта Астананың аумағы 722 шаршы шақырымнан асады, тұрғындар саны – 853 мыңға жуық. Қала үш ауданнан – «Алматы», «Сарыарқа» және «Есіл» ауданынан тұрады. Астана қаласында парламент үйі, Ақ орда және бәйтерек орналасқан. Қазақстанның бұдан басқа Алматы, Атырау, Көкшетау, Қостанай, Орал, Ақтау, Петропавл, Павлодар, Семей, Өскемен, Қарағанды, Жезқазған, Шымкент, Тараз, Қызылорда қалары мен көп деген ауданы, ауылдары бар. Қала экономикасының негізі – сауда, өнеркәсіп өндірісі, көлік, байланыс және құрылыс салалары. Қаланың ірі кәсіпорындары қатарында Целиноград вагон жөндеу зауытын «Еврокоптер Казахстан инжиниринг» ЖШС тікұшақ құрастыру зауытын айтуға болады. Астананың сәулеткерлік тұжырымдамасын жасау барысында Нұрсұлтан Назарбаевтың ел ордада Батыс пен Шығыстың мәдени дәстүрлері үйлесім тапқан ерекше еуразиялық стиль қалыптастыру идеясы негізге алынды. Астаналық бас жоспардың авторы белгілі жапон сәулеткері Кисе Курокава. в) «Бәйтерек» кешені жаңа елорданың басты символына, оның өзіндік бойтұмарына айналды.
Өзге де бірегей сәулеткерлік ғимараттар қатарында белгілі архитектор Норман Фостердің жобасы бойынша пирамида үлгісінде салынған «Бейбітшілік және келісім» сарайын, әлемдегі ең биік шатыр үлгісіндегі ғимарат - «Хан Шатыр» сауда, ойын-сауық орталығын, теңізден алыс орналасқан океанариум – «Думан» орталығын, «Астана опера» мемлекеттік опера және балет театрын, Орталық Азиядағы ірі мешіт – «Әзірет Сұлтан» мешітін, Әулие Үспен Богородица кафедралдық соборын, Әулие Мария Архиепархиясы рим-католиктік кафедралдық соборын, «Бейт Рахель Хабад Любавич» синагогасын, «Қазақстан» орталық концерт залын, «Қазақ Елі» монументін, қазіргі заманғы өнер музейі мен Президенттік мәдени орталық ғимараттарын атауға болады. 2016 жылы Қазақстан мен Орталық Азиядағы ең биік ғимарат – 88 қабатты «Әбу-Даби Плаза» кешенін іске қосу жоспарланған. Жаңа спорттық нысандар арасында 30 мың көрерменге арналған «Астана-Арена» жабық стадионы, 2011 жылы әлемде үздік деп танылған, 10 мың орынға арналған «Сарыарқа» бірегей велотрегі бар. Тағы бір маңызды спорттық кешен – ең жоғары халықаралық стандарттарға сай келетін «Алау» мұз айдыны. Мұнда отандық білім беру ісінің жетекшілері – Назарбаев Университеті, Л.Гумилев атындағы Еуразиялық ұлттық университеті, Қазақ ұлттық өнер университеті, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті, М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің филиалы, Астана медициналық университеті орналасқан. г) Бүгінде Астана халықаралық маңызы бар түрлі форумдар, конгрестер мен өзге де іс-шаралар өтетін Еуразия кеңістігінің орталығына айналды. Елордада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съездері, Астана экономикалық форумы және өзге де маңызды халықаралық оқиғалар тұрақты түрде өтіп келеді.
Астанада ЕҚЫҰ-ның тарихи саммиті, ШЫҰ мен ИЫҰның мерейтойлық саммиттері болып өтті. 2011 жылдың басында республиканың елордасы VII Қысқы Азия ойындарының қатысушылары мен қонақтарын қабылдады. Енді 2017 жылы Астанада «EХРО-2017» халықаралық көрмесі өтеді. Қазақстанның Тұңғыш Президентінің идеясымен іргесі қаланған жаңа елорда қысқа мерзім ішінде жалпы ұлттық идея мәртебесіне ие болып, жас мемлекеттің тәуелсіздігінің символына және жаhандық табысына айналды.Нұрсұлтан Назарбаев Астананың мерейтойына арналған өзінің бағдарламалық сөзінде жаңа елордалық қаланың даму философиясын өте анық және бейнелі түрде айқындап берді:«Осында ежелгі Сарыарқа жерінде тек астана емес, еліміздің болашақ бесігі өмірге келді. Астана тарихы мен қазақстандықтардың тағдыры бір-бірінен ажырағысыз. Астана барша қазақстандықтарды біріктіретін және алға қарай қадам басқан жарқын, қуатты, гүлденген қалаға айналды». 3а) Ертеңге қалдырар, ұрпаққа табыстар мирас-мұрамыз да, байлық базарымыз да - сол елмен, жердің тағдыр талайы. Аңыз бен ақиқаттың шындық шырайындай Асан бабамыздың желмаямен жаһанды кезіп, халқына құт мекен болатын жерұйықты іздеуінде жан тебірентерліктей сыр жатыр емес пе? Ұлытаудан басталар ұлы көшіміздің кеңес дәуірі кезінде Астана қазығын бірде Орынбор, бірде Қызылордаға қадап, одан жасыл желекті, түсті кілем Алматыға тұрақтауы Мәскеудің пәрменімен болған еді. Еліміз тәуелсіздігін алғаннан кейін ғана елорданың қай жерде болуын таңдау мүмкіншілігіне Елбасымыз ие болды. Оның өзі Елбасының ізгі саясаты, көрегендігі мен кеменгер ойының жемісі, арманы, мақсаты, халқының тарихынан нәр алғандығы шығар. Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның Еуразиялық ел екенін, оның астанасының орасан зор қос құрлықтың, өкпе тұсында орналасқанын, демек келешекте қаланың осынау ұлан-ғайыр кеңістіктің қуатты желілері тоғысқан торабына, XXI ғасырдағы экономикалық, технологиялық, ақпараттар тасқынының арнасына айналатынын атап көрсеткен болатын. ә) Астана - бүгін өскелең қала.
Есілдің мәрмәр жағалауынан зәулім ғимараттар салуға да, қаланың орталық бөлігінде еуропалық үлгідегі шағын орамдар тұрғызуға да орын жетерлік. Ендеше, шаһардың кейбір кең де түзу көшелері дәстүрлі шығыс байтақтарын, мәселен, көргендерге Каир мен Делиді елестететіні сөзсіз. Еліміздің жаңадан орын тепкен ордасын көркейту мақсатына орай президентіміз 2001 жылы «Астана жаңа қала» деген арнайы экономикалық аймағын құрған болатын. Астанамыздың кескін-келбеті Европа материгінде орналасқан Париж қаласының дәл өзінде жүргендей сезіндіретін шығар. Парижге барғандар ең алдымен Эйфиль мұнарасын іздесе Астанаға келгендер биіктігі 97 метрге жететін «Астана-Бәйтерек» монументін іздейтін сияқты. Осының өзі әлем төрінен орын алатындай көрініс, шіркін! Бас алаң төріне көз тастаған жан бүкіл тарихы- бірігу тарихы болған халқымыздың өмірінде келісімді билігімен, әділ сөзімен, елінің басына ауырпашылық түскенде шешендігімен алғырлығымен еліне қорған болған, асқан беделге бөленген дана үш би- Әйтеке, Қазыбек, Төле бас қоса отырған сәулетті ескерткіш орнатылыпты. Көшелері де тап-тұйнақтай, қазақ даналарының есімімен аталады. Елорданың өркендеуі еліміздің өркендеуінің белгісі. Ендеше бас қаланың жаңадан қаланып жатқан іргетасының берік болуы да мемлекетіміздің болашаққа нық сеніммен жасар қадамының нағыз кепіліне айналмақ. Келер ұрпақтың да, жастардың да болашағы бір өзіңде! Ал сенің гүлденуіңе біз-жас ұрпақ, біз-атсалысамыз. Келешегің жарқын болсын, халқымның ақ ордасы, көркейіп, биіктерден көріне бергейсің!
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
Қазақстан Республикасы: Ақпараттық төлқұжат.-Алматы, Жеті ЖАРҒЫ, 1998.-110 б.
Назарбаев Н. Еуразия жүрегінде.-Алматы: Атамұра, 2005.- 192 б.
Назарбаев Н.Ә. Сындарлы он жыл.- Алматы: Атамұра,2003.-240б.
Назарбаев Н.Ә. Туған елім – тірегім / Н. Назарбаев : Құрас.: М. Қасымбеков. – Алматы : Рауан , 2001. – 127 б.
Ежелгі Қазақстан : Қазақстан балалар энциклопедиясы.- Алматы: Аруна, 2002.- 224 б.,илл.
Жанайдаров О. Менің елім – Қазақстан : балаларға арналған энциклопедия /
О. Жұмаханов Т. Алтын Орда: Қазақ хандығы (Iбөлім):Қазақстан балалар энциклопедиясы.- Алматы: Аруна, 2004.- 224б.

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: