Шығарма: Тәуелсіздік – неткен керемет ұғым!
Күмісбекова Уазифа
Алматы облысы, Ескелді ауданы, Қоңыр ауылы
Қоңыр орта мектебінің 11- сынып оқушысы

«Еліңнің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса, азаматтық намысың болса, қазақтың ұлттық жалғыз мемлекетінің нығайып-көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі өзің екеніңді ұмытпа!» Талай-талай қас батырлар жанын қыйып, қорғап қалған, талай арулардың махаббаты құрбан болған, талай өзегі өртенген өкінішті жандар мен қуаныштан жүрегі жарыла шаттанған пенделердің куәгері болған қасиетті Отанымыз - Қазақстан.
Қазақстан – тәуелсіз ел. Сол тәуелсіздік жолында қазақ бабам не көрмеді десеңізші?! Еліміздің басына азап та, аштық та, сұм соғыс та өтті. Әсіресе, XX ғасыр қазақ халқы үшін ауыр тиіп, қайғыға толы кезеңмен есте қалды. «Өткенімізді ұмытсақ, болашақ бізді кешірмейді» деген ұлы даналық сөз бар емес пе? Осы даналықтың әрдайым жадымызда сақталғанын қалаймын.
Тәуелсіздік- ұлттық тілдің , дәстүрдің, салт-сананың мызғымас тірегі, күші, алтын діңгегі, халықтың бақ жұлдызы. Тәуелсіздік- арман! Жер бетінде қанша ұлт болса, сонша арман бар. Сол арманға біздің қазақ халқы жетті. 1991 жыл - еліміздің Қазақстан деген атпен бүкіл әлемге алғаш қадам басқан жылы. Сол сәттен бері міне 25 жыл өте шықты. Қазіргі Қазақстан әлем сахнасында мақтанарлықтай беделге ие. Жас мемлекетіміз осындай аз ғана уақыттың ішінде көптеген эканомикалық, саяси және әлеуметтік жетістіктерге қол жеткізді. Қазіргі таңда Қазақстан жас мемлекет бола тұра, көптеген мемлекеттен әлде қайда алда. Еліміздің аяғынан нық тұруы, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және экономикамыздың жедел қарқынмен дамуы қазіргі таңда негізгі стратегиялық бағыттар. Бүгінгі Қазақстан – тек өзі орналасқан аймақта ғана емес, бүкіл әлемдік проблемаларды талқылауда және шешуде ықпалды рөл атқаратын ел. Қазқстан үшін, қазақ халқы үшін тәуелсіздік аспаннан түскен сый емес еді. Халқымыз бостандықты аңсап, Тәуелсіздікке зарыға жетті.
Тәуелсіздік деген ұлы жеңіске қол жеткізуде санамызда жаңғырып тұрған кешегі Желтоқсанның ызғарыда кете қойған жоқ. Студент жастардың көшеге шыққан үндеуі және егемендік үшін зардап шегуге дайын екендігін көрсете білуі, барша халыққа сенім мен жігер берген болатын. Қазіргі таңда Тәуелсіздік – барлығымыз үшін ерекше қасиетті күн. Бірлік, ынтымақтастық пен татулықтың күші. Мемлекетіміздің тәуелсіздігі-ең алдымен халқымыздың бақыты. Тәуелсіздігімізді жариялағаннан бері мезгіл ішінде көптеген елеулі табыстарға қол жеткіздік. Еліміздің тыныштығы мен қауіпсіздігі, көп ұлтты Қазақстан халқының жарастығы мен ынтымақтастығы, Президентіміздің жүргізіп отырған парассатты, көреген саясатының нәтижесі. Қазақстан - қазақ халқының ата-баба мекені, ежелгі қонысы. Еліміз өлшеусіз табиғат байлығымен ғана емес, ең алдымен сан түрлі ұлттардан құралған халқымен ерекше екенін ұмытпағаны абзал. бүгінгі бейбіт те шуақты күндерді бағыттай отырып, жаңа биіктерге ұмтылу - біздің буынның бағыты болуы тиіс.
Бүгінгі партада отырған оқушы ертеңгі азамат ел патриоты. Өршіл ақын Мағжан Жұмабаев: «Мен жастарға сенемін» - деп өз үмітін артты емес пе? Ақынның өлеңінде келтірілген көркем сөздерге біз лайық бола аламыз! Елімнің ертеңінен, болашағынан жүрегім қорықпады, керісінше, қуанышпен қарсы алады. Ендеше, келешегім нұрлы болмақ. Мен қазақ болып туғаныма, бай әрі байтақ өлкеде өмір сүріп жатқаныма бақыттымын. Өйткені, мен тәуелсізбін, тәуелсіз елдің ұланымын!

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: