Шығарма: Тәуелсіз елім – тұғырың сенің биікте

Шығарма: Тәуелсіз елім – тұғырың сенің биікте

Кеңес Алсу
9 а сынып оқушысы Әсет Бейсеуов атындағы орта мектеп
мектепке дейінгі шағын орталығымен КММ
Жамбыл ауданы, Алматы облысы Жетекшісі: Якубова А.П.

«Тәуелсіз Қазақстан!», «Қазақстан Республикасы!» Неткен керемет, киелі ұғымдар! Бұл ұғымдардан, Отанымыздың тәуелсіз, еркін мемлекет екенін бірден аңғаруға болады. Бүгінде біз қанатын көкке жайған егеменді елміз. Көк туымыз желбіреп, сол жағымыздағы мақтаныш сезімімен дүрсілдеп тұрған жүрек әнұранымызға әуен қосып, әнұранымыз асқақтай шырқалуда... Ата-бабаларымыз сан ғасыр армандаған Тәуелсіздіктің 25 жылдығы еліміздегі іргелі істермен айшықталып, сәт сайын жақындап келеді. Тоғыз жолдың торабындағы алпауыт елдер қатарындағы алып мемлекетімізді әлем жұртшылығы құрметтейді. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев та Қазақстанның 20 жылда биік тұғырға көтерілуіне үлкен үлес қосты. Ерен еңбегімен Қазақстанның әр азаматының жүрегінен орын алған осындай көшбасшымыздың болғанына да мақтанамын.
Мен тәуелсіз елдің патриотымын! Ешқандай қиыншылық көрмей жүргенімде, ата-анамның жүздерінен қуаныш пен шаттық іздерін байқағанда, көкірегімді керіп «Тәуелсіз елдің патриотымын!» деп айта бергім келеді. Еліміздің бейбітшілігінің, тәуелсіздігінің арқасында күліп-ойнап, еркін білім алып жатқан ерікті елдің еркін ұландарының бірімін! Н. Ә. Назарбаев: «Алдымызда асу-асу белдер бар, ұлт жолында ұйтқи соққан желдер бар. Бел де талар, жел де беттен қағар. Бәріне төзу керек, бәріне көну керек, жас ұрпақ!» - деп айтқандай, біздер, жас ұрпақ тәулсіздігіміздің баянды болуы үшін жауапты екенімізді, аға ұрпақ зор сенім артып отырғанын түсінуіміз керек. Бүгінгі партада отырған оқушы – ертеңгі азамат, ел патриоты. Сол азаматардың ең бірінші міндеті – өзінің тәуелсіз елдің өркені екенін ұмытпау, екінші міндеті – сол елдің іргетасының берік болуына үлес қосу, тәуелсіз елдің патриоты екенін дәлелдеу. Жылдар бойы, көптеген жетістіктерге жетіп, қазақ елін көркейтіп, дүние жүзіне таныта білдік. Бұл үлкен – жетістік. Әрине, бұның бәрі елбасымыз Нұрсұлтан атамыздың арқасында. Әрине, бұл күн бізге оңайшылықпен келген жоқ. Осы азат күн үшін ата-бабамыз, әпке-ағамыздың қаншама көз жастары төгілді, көптеген қан төгілді. Бұл бостандықты халқымыз бұрыннан тілеген.
Сонау «Кіші Қазан» төңкерісі, Қабанбай, Бөгенбай, Исатай мен Махамбет көтерілістері, осы азат күн үшін күрескен. Осы көтерілістерден кейін енді ғана есімізді жиып келе жатқанда, Ресей бодандығына кірдік. Одан көрмеген азаптарымыз қалды ма? Тіптен тіліміз бен дініміз жойылып кете жаздады. Қаншама халық аштықтан қырылды. Дәл осы кезде Германия Ұлы Отан соғысын ашты. Бар жиған-тергенін, азық-түлігін халқымыз майданда жүргендерге берді. Ұлы Отан соғысы жеңіспен аяқталғаннан кейін, қанша Ресей бодандығында болсақ та, есімізді жиып, 1986 жылы Атыраудан Алтайға, Сарыарқадан Алатауға дейінгі байтақ жерімізге Желтоқсанның дауылы үдей түсіп, дүрбелең жайлады. Қазақтың көптеген азаматтарының мойнына қыл шылбыр салынды. Әділдік үшін бой көтерген жас боздақтардың маңдайы тасқа соғылды. Желтоқсан оқиғасына қатысып, жауапқа тартылғандар қатарында Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Сабира Мұхаметжанова, Ербол Сыпатаев бар. Осы әпке-ағаларымыздың арқасында 1991жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Тәуелсіз күні болып жарияланды. Осы жылы 1 желтоқсан күні Президентіміз сайланды. Осыдан 25 жыл бұрын егемендігіміз жарияланды. Ата-бабаларымыз сан ғасырлар бойы армандаған арманға қол жеткіздік. Тәуелсіздігімізді алғаннан кейін, қазақ халқының басын біріктіріп, ел қылуына Елбасымыздың үлесі зор. Тәуелсіздік!
Осы бір қасиетті сөзді естігенде қалайша тебіренбейсің! Бодандықтың бұғауынан, қыспағынан құтылған қазақ халқы еркіндік, азаттық ауасымен тыныстауда. Қанымызда бар ұлттық қасиеттеріміз қалпына келуде. Тәуелсіздік – ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздік, ең алдымен, қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ арманы мен қайсар рухының жемісі. Сондықтан да біз үшін тәуелсіздік күші – ең қадірлі күш. Еліміз тәуелсіздігін жариялап, дербес мемлекет ретінде әлемге танылды. Бүгін Қазақстан әлем назарында, өзінің болашағынан үлкен үміт күттіретін, жері, халқы бай ел. Міне, бүгінгі күнде еліміз бақытты күн кешуде. «Отан үшін Отқа түс күймейсің» дегендей, Отан үшін өмірін қиғандардың есімдері, әрқашан халықтың жүрегінде сақталады. Мен Отанымды жақсы көремін. Мұқағали атамыз айтқандай Отан – біздің бақытымыз. Біз Отанның болашағымыз. Елімізді әрі қарай көркейтетін мына бізбіз! Баяғыда бір ойшыл: «Саясаткер – сайлау мен сайлаудың арасында ғана көзге көрінетін белсенді. Ал, шын мемлекет қайраткерінің тағдыры халқының тағдырымен байланысты. Оның мұраты – халқының бігіні мен ертеңі» деген екен.
Елбасының тәуелсіздік туын қолға ұстағалы бері әлем алдындағы көрсетіп келе жатқан ұлан-ғайыр қажыр-қайраты осының дәлелі. Қазіргі кезеңде жер жүзіндегі 200-ге тарта мемлекеттерді ішінде Қазақстан әлем таныған алдыңғы қатарлы елдердің бел ортасында келеді. Дүние жүзілік бірқатар ықпалды ұйымдарға мүше болып, мемлекетіміздің мерейін асырып, іргесінің нығая түсуіне Елбасымыздың ат үстінде жүріп, ел үшін еткен еңбегі ұшан-теңіз. 1997 жылы Елорда Ақмола қаласына көшірілді. 1998 жылы «Астана» деген атберілді. Стамбулда өткен түркітілдес халықтар Саммитінде Астана 2012 жылғы Түркі әлемінің астанасы деп жарияланды. Осы шақта бізде ойымыз толып, бойымыз өсіп, санамыз жетіліп, мектепті бітіргелі отырмыз. Сыныптың, мектептің қоғамдық жұмыстарына белсене қатысамыз. Бос уақытымызда спортпен шұғылданамыз. Сабақты жақсы оқимыз.
Біз 30 жыл өткеннен кейінгі Қазақстанды қалай елестететін болсақ: Біздің жас мемлекетіміз өсіп-өніп, кемелденеді, балаларымыз ер жетеді. Оларжауапты да жігерлі, білім өресі биік, денсаулығы мықты болады. Олар бабаларының игі дәстүрлерін сақтай отырып, нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуге даярболады. Олар бейбіт, жылдам өркендеу үстіндегі күллі әлемге әйгілі, әрі сыйлы өз елінің патриоттары болады, түрлі мамандықтарды игереді. Олардың Қазақстаны Евразияның орталығы болады. 2030 жылы Қазақстан ауасы таза, мөлдір сулы, жасыл желекті елге айналады. Өздерін Қазақстанның азаматы деп санайтын көптеген ұлттардың өкілдері мекендейтін болады. Әрине, бұл – болашақты ой көзімен көру, оның моделі, асқақ мұрат, армандар. Тәуелсіздік, көк тудың желбірегенін көріп, кең тыныстайтын барлық жастар үшін тым қымбат. Қыран бүркіт асқар таудың шыңынан кең далаға қарай қанат қағып, қалықтап ұшқанда өзін қалай еркін сезінсе, бүгінгі егеменді елді жастары да өздерін сондай еркін, асқақ сезінеді.

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
шығарма Тәуелсіз елім – тұғырың сенің биікте туралы эссе шыгарма 16 желтоқсан 16 декабрь сочинение на казахском, эссе сочинение про Тауелсиз елим – тугырын сенин биикте на казахском день независимости казакстан 16 декабря, эссе шығармалар жинағы тәуелсіздік 16 желтоқсан 16 декабрь жоспарымен, 16 желтоқсан тәуелсіздік күні шығарма, 16 желтоксан тауелсиздик куни шыгарма, Тәуелсіз елім – тұғырың сенің биікте

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]