Шығарма: Тәуелсіздіктің бақытты балалары

Шығарма: Тәуелсіздіктің бақытты балалары

Жұмабек Аяулым
10 сынып оқушысы Облыстық ерекше дарынды балаларға
арналған мамандандырылған «Дарын» мектеп-интернаты
Жамбыл облысы Тараз қаласы
Жетекшісі: Дүйсенбаев Базарбай Рысбайұлы

Дүниеде тәуелсіз Қазақ елі бар. Әлемде егемен Қазақстан бар. Оның көп ұлтты, тату, ынтымақшыл халық бар. Қуатты экономикасы, сенімді саяси жүйесі бар. Ең бастысы – бүгіннен нұрлы, бүгіннен кемел болашағы бар. Сол күнге берік сенім бар! Нұрсұлтан Назарбаев Халықтың тілеуі бабалар арманы орындалған, Тәуелсіздігіміздің 25 жылы құтты болсын»,-деген құрбымның хаты мені ерекше жылулық нұрымен өзіне тарта түсті.Әрбір Ұлы Даланың перзенттері бұл мерекені жүрегімен сезіне және мақтана білу керек... Одан әрі досым ойын жалғастыра түсіп:
- Бәйтерек –Астананың сондай-ақ менің мәңгілік мақтанышым. Мұнда өзге ұлт өкілдерінің балаларымен бірге сабақ оқимыз және ойнаймыз. Бір шаңырақтың астында тату-тәтті тұрамыз. Біздің өзгелерден ерекшелігіміз осында,- депті. Хатты оқып шығып, мен де бір сәт ой құшағына бөлендім: - Мен Тәуелсіз еліміздің бақытты ұрпағымын. Халқымызда «Бақ берерде елге ырыс қонады, ұстанған жолы дұрыс болады» деген даналық сөз бар. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Біздің жас мемлекетіміз өсіп-жетіліп, кемелденеді, біздің балаларымыз бен немерелеріміз онымен бірге ер жетеді» деген Елбасы сөзі менің келешегімнің жарқын болатынына сенім ұялатады,- дедім құрбыма жазған хатымның алғашқы сөйлемінде.
Естеміс, Бумын, Ер Түрік,
Сөз сөйле содан келтіріп.
Білге қаған, Елтеріс, Жеңіске жеткен жең түріп
Күлтегін, Тоныкөк тегіміз, Ежелгі түрік еліміз.
Алтайдан Альпыға дейін
Созылып жатқан жеріміз.
- Құрбым, қарашы біздің Тәуелсіз жеріміз қандай кең, бабаларымыз «Мәңгілік Ұлы даланың» тарихын атының тұяғымен жазған дегені осы емес пе?. Көк айдынды Каспийден – кенді Алтайға, қарт Оралдан – ақ басты Алатауға дейінгі аралықты алып жатқан кең байтақ қазақ жеріне - тұтас алғанда: 40 Израиль, 10 Швейцария, 2 франция, 6 Албания, 5 Белгия, қос Германия сыйып кетеді екен. Қазақтың осы ұланғайыр маң даласын Қоңыраттан шыққан Алпамыс батыр, Қарақыпшақ Қобыланды, Қамбар батыр мен Ер Тарғын, Қабанбай мен Бөгенбай, Бұқарбай мен Ағыбай, үш жүздің басын қосқан Абылай, Кенесары мен Наурызбай, Жалаңтөс пен Жанқожа батырлар қоғап келді, қорған болды. Иә, бұл – Үлы Даланың тарихы.. Енді, міне, сол Тәуелсіздігімізге 25 жыл. Көне тарих халықтары өзінің ерік-жігерін, ақыл-парасатын, қажыры мен қайратын биік мұрат жолындағы жасампаздық істерге жұмылдырған кезеңдерде небір қиындықтарды еңсеріп, дамудың ғажайып асқар биігіне көтерілгенін көрсететін жарқын мысалдары көп. Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өз сөзінде «Біз өзіміздің ұлттық ойлау жүйемізді, тарихи танымымызды, рухани мәдениетімізді барынша терең дамыта отырып, барлық салада рухани тәуелсіздікке жетуіміз керек ...» деуі және бұл жолда «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» деп халықтан бөліп жармайтын аталы сөзі - Тәуелсіз еліміздің әрбір азаматының ел алдындағы, Отан алдындағы парызы. Бүгінгі жаһандану дәуірінде әлемдік мәдениетке жұтылмай, өз салтдәстүрін сарқыттай емес, сары алтындай сақтап, ұрпағына аманат етіп отырған, дәстүрін дәрменсіз күйде қалдымай дәуірлетіп отырған ұлттар мен ұлыстар жер бетінде аз.
Ойыма Кеңшілік Мырзабековтың
Туыңды көтер, Туыңды көтер, туыңды!
Туыңды көтер! Таптатпау үшін тұғырды.
Неліктен ерлер көтеріп туын жығылды,
Неліктен ерлер астына тудың жиылды.
Отаның – біреу, Жүрегің – біреу, Ту – біреу.
Сондықтан жөн ғой «жүректен туым туды» деу.
Отаны, жүрегі, туы біреу ел-
Қазақстан деп мақтанышпен айтар едім.
Жақында ғана теледидардан Елбасының әлем жұртшылығына қарата айтылған мына сөздері адамзат баласына ой салатыны сөзсіз.
Н.Ә Назарбаев: «Ғаламшардың бүгінгі шиеленістер, соғыс және тұрақсыздықтар жайлаған аймағында 1,2 миллиард адам тұрады. Күн сайын 42 мың адам қауіпсіздік жолында өз үйлерін тастап кетуге мәжбүр, 33 мың адам жер шарында жасалған 13 мыңнан астам террорлық актілердің құрбаны болған, 100 миллионнан астам адамның баспанасы жоқ, 300 миллионнан астам адам жұмыссыз, бір миллиардқа жуығы ашығуда, бұдан балалар да, үлкендер де қаза болуда. Мұндай мысалдарды көп келтіріп берер едім»,- деді. Елбасының келтірген мысалдары балалықтың балғын шағын бастан кешірген менің жүрегімді дір еткізді. Ойпырмай, әлемде талай қиын сәттер өтіп жатыр екен-ау. Ендеше, сол мыңның, миллионның бірі болмаймын десең, оттан ыстық Отаныңды сүй, ел ынтымағына үлесіңді қос деп түсінем. Шүкір, Қазақ елі мүлдем басқа жағдайда, ынтымақ пен бейбітшіліктің арқасында, «қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған» заманда өмір сүріп жатқанымызды бағалауымыз қажет. Әрине, Елбасының арқасында. Ел бірлігі, татулық - Қазақ елінің сиволы, бабалар тілегі. Бүгінде Елбасының «Төрткүл дүниенің төрт құбыласынан тұрақты дос, айнымас әріптес, сапарлас серіктес, қоңсысы бұзылмас көрші тапқан Қазақстан жаңа мыңжылдықтың ұлы көшінде керуен тартып келеді» деуі тәңірі нәсіп еткен қазақ даласы – Ұлы Түрік елінің қара шаңырағы екенін делелдей түскендей. Біз әрқашанда Елімізбен, Елбасымызбен, Тәуелсіздігімізбен мақтанамыз. Алаштың ардақты ұлы Ә. Бөкейханұлының монологі Тәуелсіздік жолындағы бүкіл ұлттың тілегі мен арманы сияқты.
Мені әлдилеп өсіріп ең дана жыр
Сақал қойып шалға айналып бала жүр.
Жаратқаннан жалбарынып сұраймын
Қазағыма көз қырыңды сал жүр
Мендік көңіл ағыл – тегіл жылап тұр
Соған қарап халқым енді құлақ түр
Жүрегіңде батпандай боп тас жатса
Ауырса да жұлып алып лақтыр.
- Бүгін біз - Тәуелсіздіктің бақытты балаларымыз. Біздің жадымызда үнемі Елбасының мына сөзі жатталуы тиіс. «Халық кешпейтін бір – ақ нәрсе бар: елдің қолына зарықтырып келіп қонған бақыт құсынан – Тәуелсіздіктен айырылуды кешпейді» 25 жыл бойы көздің қарашығындай қорғаған, өсірген, аялаған Тәуелсіздік енді біздің мәңгілік біздің еншімізде, - деп аяқтадым досыма жазған хатымды.

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
шығарма Тәуелсіздіктің бақытты балалары туралы эссе шыгарма 16 желтоқсан 16 декабрь сочинение на казахском, эссе сочинение про Тауелсиздиктин бакытты балалары на казахском день независимости казакстан 16 декабря, эссе шығармалар жинағы тәуелсіздік 16 желтоқсан 16 декабрь жоспарымен, 16 желтоқсан тәуелсіздік күні шығарма, 16 желтоксан тауелсиздик куни шыгарма, Тәуелсіздіктің бақытты балалары

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]