Шығарма: Тәуелсіздік - қол жеткен мұрат

Шығарма: Тәуелсіздік - қол жеткен мұрат

Қажымұқанқызы Әдина
7- сынып, Қосарал негізгі мектебі,
Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы,Қосарал ауылы
Жетекші: Теміралы Шынар Есболсынқызы

Біз тәуелсіздікке аңсап, зарығып жеттік. Енді сол
тәуелсіздіктің қасиетті белгілерін де ерекше қадірлеуіміз,
қастерлеуіміз керек. Әрбір азамат Қазақстанның туын,
елтаңбасын, әнұранын тұмардай қасиет тұтуы қажет.
Елдігіміздің сыналатын бір тұсы осы
Н. Ә. Назарбаев
Тәуелсіздік - ең басты құндылығымыз. 25 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып,нарықтың қиын өткелектерінен аман өтіп келеміз. Тәуелсіздік ата-бабаларымыздың асыл арманы, мақсат-мұраты еді. Ол күнге жетіп отырған өзімізді бақыттымыз деп есептейміз.Қазақстанның жаңа дәуірде қол жеткізген барлық табысының қайнар көзі-Тәуелсіздік. Тәуелсіздік...
Осы бір ғана сөздің астарында қаншама қайғықасірет,қаншама жүрегім,елім,жерім,халқым деп соққан,арыстандай айбатты,жолбарыстай қайратты,қырандай күшті қанатты жастарымыз бен ұрпағым деп қасықтай қаны,шырқыраған жаны қалғанша ұлтарақтай жері үшін,атамекен елі үшін жанын пида еткен ата-бабаларымыздың рухы жатыр. Тәуелсіздік-тәңірдің біздің ұрпаққа берген үлкен бақыты, халқымыздың мәңгілік құндылығы. Біз бүгінге дейінгі барлық жетістіктерімізге Тәуелсіздіктің арқасында қол жеткіздік. Жиырма бес жыл ішінде елдің әл-ауқатын көтеріп, төл мәдениетіміз бен мемлекеттік тілді жаңғырту ісінде қыруар жұмыстар атқардық. Елімізде білім, ғылым, денсаулық, спорт салалары айрықша даму үстінде. Тәуелсіздік - біздің ең басты игілігіміз, баға жетпес құндылығымыз. Жас мемлекет тарихындағы жаңа дәуір дәл осы Тәуелсіздіктен бастау алады. Дәуір жасампаздығы сенімді және серпінді дамуға байланысты. Бұл күнге сан ғасыр бойы армандап жеттік. Тәуелсіздікке қантөгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізіп, елімізді әлемнің өркениетті елдерінің қастарына қостық. Барша қазақстандықтар үшін Тәуелсіздіктің мәні де, маңызы да айрықша. Өйткені біз Тәуелсіздіктің арқасында тарихымызды түгендеп, тілімізді,дінімізді, және ділімізді қайта оралттық.
Мемлекетіміздің ұлттық рәміздері қабылданып, ұлттық салт - дәстүрімізді жандандырдық. Егемендік! Тәуелсіздік! Осыдан 25 жыл бұрын бұл сөздердің қаншалықты мағыналы екенін біз дәл қазіргі уақыттағыдай түсінбеген шығармыз. Ешкімге тәуелді болмауды арман еткен Кенесары секілді айбарлы ханымыз, Наурызбай, Ағыбайдай айбынды батырларымыз найзаның ұшымен, білектің күшімен күресіп құрбан болса, Төле, Қазыбек, Әйтеке секілді дуалы ауыз билеріміз ел тыныштығын сақтады. Сол заманнан бері азаттық, егемендік елімнің арманы болды. Халқының қамын жеген атабабаларымыздың қайсар ұрпағы 1986 жылы арман еткен тәуелсіздіктің,азаттықтың туын көтереді. Тәуелсіздіктің түп тамыры Желтоқсан оқиғасына тікелей байланысты екендігіне ешкім дау айта қоймас."Түбін білмегентексіз"дейтұғын қазақтың ғажап сөзі осындайда шықса керек. Себебі тәуелсіздіктің түп тамыры сонау бабалар арманынан туындап жатқан жоқ па?1986жылы қазақтың рухын мүлде құртпақшы болды. Жанартаудай бұғып жатқан ұлттың ыза-кегі сыртына бұрқ етіп, қазақ жастарының көтерілісі басталды.Қанша жыл,қанша ғасыр өтсе де ұмытылмайтын оқиғалар болады.Ұмытылмайтын себебі ол оқиғалардың халық тағдырымен байланыстылығында. Қоғам құрсағында жетілген қайшылықтардың салдары ретінде көрінген мұндай құбылыстардың талайы тарихтан белгілі. Соның бірі -дүниені дүр сілкіндіріп тәуелсіздік туын ең алғаш көтерген әйгілі 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы."Елім бар жұрт едім ғой,елім қайда,төрім бар жұрт едім ғой,төрім қайда?"дейтін қаһарлы ұранмен желтоқсанның үскірігіне қарамай ұл-қыздарымыз жойқын батылдығымен дүниежүзін дүр сілкіндірді. Бұл 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы-қазақ халқында бұрын болмаған ең ауыр көтерілістің бірі. Желтоқсан көтерілісіне қатысқан ағаларымыз бен апайларымыздың арқасында ата-бабаларымыз үш ғасырға жуық уақыт бойы армандаған тәуелсіздікке қол жеткіздік. Қылбұрауға маталған қазақ халқы да 1986 жылдың желтоқсанында тар жол, тайғақ кешуден өтті. Қазақтың басы бірігіп,бір жұдырықтай жұмылған әрі қайғылы,әрі бақытты күн сол еді. Желтоқсан жаңғырығы көзден де, көңілден де кетпейді. Желтоқсан оқиғасынан кейін елімізде көптеген өзгерістер болды. Ұлттық сана-сезіміміз оянып,тәуелсіздік туын көтердік. Қазақтың құрсағы қашанда қайратын жиып,елдіктің туын мығым ұстаған талай ерлерді тарих сахнасына әкелді. Тарыдай шашырап, жер бетінен жойылып кетер шақта қазақтың басын біріктірген, тәуекелге бел буған Абылай хан еді. Бірақ Ресей мемлекеті өз мақсаты үшін жерімізді отарлап, халықты аяусыз езгіге ұшыратты.
Осы саясатқа көзін жұмып қарап отырған жергілікті хандар мен билерге,орыс үкіметінің озбыр саясатына қарсы Исатай мен Махамбет, Кенесары,Сырым,Есет,Нұрмұханбет бастаған және тағы басқа қаншама көтерілістер найзағайдай бұрқ етті. Енді бұрынғыдай атқа мініп, зеңбірекке қарсы шауып,қанға бөккеннен мән шықпайтын еді. Ендігі жол-қараңғы халқының санасына сәуле шашып,өнер-білім арқылы ұлттық санасын оятуды ойлаған қазақ зиялыларының жолы. Олардың ізашары-ұлы Абай. ХХ ғасырда ұлттың ұлт ретінде өзін тануы үшін"Ұлттың болашағы не болады?" деген сұраққа жауап іздеген ұлт зиялылары тарих сахнасына көтерілді.Олар Ахмет Байтұрсынұлы,Міржақып Дулатов,Сұлтанмахмұт Торайғыров т.б.еді.Қазан төңкерісінен кейін ұлт зиялылары"Алдымен мемлекеттімізді құрып алайық,қалғанның бәрі содан соң болады?"деп Қазақ Автономиясын жариялады. Бұл ұлы қадамның көшбасшылары Әлихан Бөкейхан,Мұстафа Шоқай еді. Еліміз өз тәуелсіздігіне қол жеткізгеннен кейін ана тіліміз"Мемлекеттік тіл"деп бекітілді. Азаттық қазақ халқының ежелгі арманы еді,талай қиындықты бастан кешірді. Бірақ ешқашан мойымады,күресе білді,азаттық таңы туатынына кәміл сенді. Біз ана тіліміздің ұрпақтан-ұрпаққа қастерлеп жеткізер қасиетті қуанышы мен қызығына қызмет етеміз.Қазақстан- тәуелсіз мемлекет. Мемлекетіміздің тарих тағдыры,мақсаты тіл арқылы баянды болмақ.
Тіл-байлығымыз,төл тарихымыз,тіл-мәдениетіміз,тіл-әдебиетіміз. Тіл-біздің ұлттық намысымыз,арымыз.Ана тілімізді қастерлеп,құрметтей білу- біздің қасиетті борышымыз. Тәуелсіздік біздің алдымыздағы жарқын болашаққа жол ашып берді. Біз сол жолдан бұлтармай алға баса береміз. Осы бақыт үшін баршамыз тәубә дейміз,осы жолда біліміміз бен білігімізді,қайратымыз бен қабілетімізді,қажет болса жанымыз бен қанымызды аямай жұмсаймыз. Тәуелсіздік-атабабаларымыздың бізге аманаты. Ал біз еліміздің тәуелсіздігінің асқақтай түсуіне әрқашан да дайынбыз.Әрқашан да Тәуелсіз Қазақстанның таңы нұрлы болып,егемен елдің ұрпағының еңсесі биік болсын!Қазақстанға оңай келмеген Тәуелсіздікті қастерлей,қадірлей білейік!

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
шығарма Тәуелсіздік - қол жеткен мұрат туралы эссе шыгарма 16 желтоқсан 16 декабрь сочинение на казахском, эссе сочинение про Тауелсиздик - кол жеткен мурат на казахском день независимости казакстан 16 декабря, эссе шығармалар жинағы тәуелсіздік 16 желтоқсан 16 декабрь жоспарымен, 16 желтоқсан тәуелсіздік күні шығарма, 16 желтоксан тауелсиздик куни шыгарма, Тәуелсіздік - қол жеткен мұрат

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]