Шығарма: Тәуелсіздік тұтқасы - бізге аманат
Есболсынова Назымай
10- сынып, Қосарал негізгі мектебі,
Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы,Қосарал ауылы
Жетекші: Теміралы Шынар Есболсынқызы

Тәуелсіздік алғаннан кейінгі кезеңде, небір тар жол
тайғақ кешулерден сүрінбей өтіп, әлеуметтік -
экономикалық, саяси жаңару жолына түскен Қазақстан
бүкіл әлемдік қауымдастықтағы өз орны, өз беделі
бар абыройлы мемлекетке айналды
Н.Ә. Назарбаев
Тәуелсіздік Қазақстанға оңай келген жоқ. Бұл жолда қазақ халқы алапат шығындарға ұшырады, мыңдаған боздақтарынан айырылды, зиялы қауымын жоғалтты. Бірақ түбінде аңсаған арманына қол жеткізді. Халқымыз ұлт ретінде жойылып кету қаупінен құтылды. Соңғы жылда елімізде көптеген ауқымды, әрі ұтымды істер атқарылды. Мемлекет нышандары өзгерді. Тарихымызды жаңғыртып, зиялылардың есімдерін қайтарып алдық.
Ата заңымыз қабылданды. Қазақстанды,оның Президентін әлем танитын болды. Қазақ тілі мемлекеттік тіл мәртебесіне ие болды. Мәдениет, дәстүр қайта жанданды. Кезінде шетел асып кеткен қандастарымыздың ата жұртына қайта оралуына жол ашылды.
Ел тәуелсіздігі үшін болған Желтоқсан оқиғасындағы қазақтың қайсар жастарының өшпес ерлігі әлемді дүр сілкіндірді. Тарихи бағасын алды.
Иә, осынау тәуелсіздіктің бастауы, арқауы болған Желтоқсан оқиғасы барша қазақстандықтардың жүрегінде мәңгілікке орын алып, өшпес тарихқа айналары сөзсіз.
1991 жылдан бері елімізде түрлі өзгерістер болды. Қазақстан халқымыздың ынтымағының, бірлігінің арқасында көркейіп, өсіп келеді. Еліміздің мақтанышы, егемендігіміздің қайсары Қайрат Рысқұлбеков 22-ақ жасында халқын сүйетінін, қорғай білетінін әлемге танытып, табындырып кетті. Ел тәуелсіздігі үшін күрескен басқа да боздақтарымыз қаншама. Оларды біздер ұмытпаймыз!
Тәуелсіздікпен бірге төл теңгеміз, әнұранымыз, елтаңбамыз, туымыз өмірге келді. Еліміз елу елдің қатарына иығын тіреп келеді. 1998 жылы Елордамыз-Астана қаласын Есіл өзенінің бойына қондырдық. Осының бәрі мемлекетіміздің мықтылығын дәлелдейді.
"Әрбір адам артында ғибратты алар із қалдырса, шынайы бақыт-осы" деп білемін. Адамда жақсы қасиет болмаса, ойшыл-филосов Жүсіп Баласағұн айтқандай, оған бақ та, бақыт та қонбайды. Ұлтын шын сүйетін адам ешқашан елін, халқын сатпайды деп ойлаймын. Осындай адамдар көп болса, еліміздің болашағы бұдан да жарқын болары сөзсіз.
Тәуелсіз елдің ертеңі- ел мұраты. Біз-тәуелсіз елміз. Байтақ жеріміз, шұрайлы табиғатымыз, жайдарлы халқымыз бар. Елдің ертеңі болғандықтан, осы баға жетпес байлығымызды қорғауға өсіріп, өркендетуге міндеттіміз. Ел еңсесін көтеріп, туымыз көкке желбірегелі 25 жыл болыпты. Жаңадан отбасын құрған жас шаңырақ сияқты Қазақстан өзінің мықтылығын, халқының қайсарлығын, жүректілігін көрсетті. Қаламыз, ауыл-аймағымыз көркейіп келеді. Қазақстан экономикасы дамыған елдер қатарында өркендепөсу үстінде. Осындай елде туып-өскеніме мақтанамын.
Тәуелсіздіктің басты жемісі-еркіндік. Кешегі бабалар қаны тамған сайын дала төсінде Астанадай алып шахардың бой көтеруі және басқа да жетістіктеріміздің бәрі-тәуелсіздіктің жемісі. Тарихты сараласақ, дұшпанды басындырмаған, басынан сөз асырмаған рухты елміз. Қазақ елі аштықты да, қызыл қырғынды да, Сталиндік репрессияны да бастан кешті. Қайсар рухты көсем Амангелділер жерін қорғауда аянбай күрессе, бар ғұмырын ұлт мүддесіне арнаған бес арысымыз: Арқада -Ахмет пен Міржақып, Шығыста- Әлихан, Түстікте - Мұстафа, батыста - Халелдер халқымыздың ояну дәуіріндегі арыстар мен алыптар. Бүгінде осы жолды жалғастыратын - бізбіз. Біз - тәуелсіз елдің ұланымыз. Біздің ата - бабаларымыз ежелден еркіндікті аңсаған. Бабалар тілегі орындалып, Қазақстан тәуелсіз ел болды. Тәуелсіздік халқымыздың басты байлығы.Сондықтан әр саналы ұрпақ ел тәуелсіздігіне жауапты. Ол үшін ана тілімізді қастерлеуге, келер ұрпаққа аманаттауға міндеттіміз.
Біздің болашағымыз Қазақстан болашағымен тікелей байланысты. Қазақ болып туылғаныма мақтанатындай, мен де елімнің бір бөлшегімін.
Еліміздің егемендік алған алғашқы жылдары бар күш-жігерімізді экономикалық,әлеуметтік жағдайларды көтеруге салсақ, ендігі мақсат-сол экономикалық,әлеуметтік даму бағытымызда әлем алдындағы бәсекелестікке төтеп беру. Бұл деген Елбасының сөзімен айтсақ:"Біздің стратегиялық міндетіміз-бәсекеге қабілетті елдердің қатарынан лайықты орын алу". Ол үшін біздер, жастар заман талабына қарай білім алып, еліміздің ертеңі жарқын болуына аянбай еңбек етіп, тер төгіп, еліміздің экономикалық өрлеуіне үлес қосуымыз керек. Бұл,әрине,біз үшін - заңдылық, үлкен мақсат. Мұнайымен, байлығымен, қонақжайлылығымен, қарқынды дамыған экономикасымен еліміз өзге елдерге үлгі болуда. Соның айқын дәлелі-Қазақстанда өткен Саммит пен Қысқы Азия ойындары. Екеуі де жоғары деңгейдегі дайындығымен төрткүл дүниені өзіне қаратқанын теледидардан мақтанышпен көрдік. Мемлекетіміздің бұдан басқа ауыз толтырып жетістіктері жетерлік. "Мұның бәрі халқымыздың ауызбіршілігі мен Елбасымыздың темірқазықтай бағытының арқасында",-деп білемін.
Біз тәуелсіз елдің болашағымыз. Сондықтан осы бағытыммен сабағымды жақсы оқып, ата-анамның,ұстаздарымның үмітін ақтаймын. Арманым - жоғары оқу орындарының бірінде оқып, тәуелсіз елімнің дамуына үлес қосу.
Ел ертеңіне үлес қосу үшін мен де, менің құрбыларым да сабақты жақсы оқып, жастардың білімді,озық ойлы екенін дәлелдегіміз келеді. Сонымен қатар келешекте "тәуелсіздік"ұғымының қадір-қасиетіне терең бойлап, ұлтымыз үшін тер төксек дейміз. Тәуелсіздігіміз - халқымыздың ғасырлар бойы армандап, екі ғасыр тоғысында қол жеткізген бақыты. Оның іргетасының мықты болып нығаюы жас ұрпақтың терең білімі мен тиімді тәрбиесіне тікелей байланысты.
Халқымыздың тату-тәтті,бейбітшілікте өмір сүріп жатқаныма қуанамын. Мемлекетіміздің білім алуға жасап жатқан мүмкіндіктерін пайдаланып, мен де білімімді шыңдап, үлгілі, ұлт болашағына үлес қосатындай азамат болып өсемін.
Тәуелсіздік халқымыздың арманы еді, ғасырлар бойы аңсаған тәуелсіздігіміз құтты болсын! Тәуелсіздікті нығайта беруге атсалысайық. Бақытымызды қастерлейік! Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік болсын!

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: