Шығарма: Мен - Қазақстан патриотымын
Есболсынова Алина
2- сынып, Қосарал негізгі мектебі,
Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы,Қосарал ауылы
Жетекші: Теміралы Шынар Есболсынқызы

Жеңіс кілті Отан сүюшілікте. Ол балаға
жергөкте жатқаннан бастап үйретілуі,
қанына ұлтын сүюшілік ұлттың дәстүрмен сіңіру керек
Бауыржан Момышұлы
Патриот - Отанның мерейін үстем ету жолында, өз халқына деген сүйіспеншілігі жолында қолда барын, өмірін аямайтын адам. Патриот - ұлтын сүйетін, өз тарихын, туған тілін құрметтейтін,ұрпақтан-ұрпаққа жалғасқан салт - дәстүрін дәріптейтін, ұлттық қадір - қасиетімізді арттыруға үлес қосатын саналы тұлға. Туған елі үшін үнемі тер төге қызмет етіп, халқымыздың мол рухани құндылықтарын бағалай білетін асыл тұлға. Патриоттық тәрбие,ең алдымен,әрбір жеке тұлғаның ата-анасын,туған туыстарын жақсы көруден басталады емес пе?! Өз баласына жақсы тәрбие беру кез келген адамның міндеті, мейлі ол мұғалім,мейлі ол жұмысшы,дәрігер, не тағы басқа маман иесі болсын қоғамда парасатты, адамгершілігі жоғары бала тәрбиелеу кез келген адамның міндеті болуы тиіс. Тату тірлік пен ауызбірлік жылы ұямызға арқасын кең жайғанда адамгершілік атты асыл қасиеттердің адам бойына нық қонатынына, әрине, еш шүбә жоқ. Абай атамыз айтқандай,бүгінгі жастардың дүниенің кетігін тауып, қалануды көздеу,қоғамдық өмірден қол үзбей, өз елін сүюге,өз елінің тұрмыстіршілігін,салт-санасын, әдет-ғұрпын білуге тәрбиелеу- нарықтық кезеңде маңызы жоғары тұрған зор міндеттердің бірі деп ойлаймын.Халқымыздың тарихына терең үңіле білсек,жасынан жарқыраған күміс көмей әнші,жау жүрек батыр, нар тұлғалы палуан елі мен жері үшін аянбағаны баршаға мәлім.
Қазақстан Республикасы тәуелсіз мемлекет екендігін бүкіл әлемге паш етті. Енді басты міндет осы мемлекеттің өркендеп өсуі. Қазақстанды"Отаным" деп таныған әрбір адам-осы мақсатқа өз үлесін қосуы тиіс. Отанның бүтіндігін сақтау,халықтың тыныштығын алатын лаңкестермен қарсы ұйымдықпен күрес ішкі,сыртқы күштерге қарсы тұрудың өзі жастардың отаншылдық рухта тәрбиелеу міндетін жүктейді. Осыған орай "патриоттық тәрбие"мәселесі ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келе жатқан ұлы мақсат болғандықтан,мектеп оқушыларының бойындағы Отанға деген сүйіспеншілігін,оның патриоттық санасын дамытуда халқымыздың біртуар ұлы,ержүрек ұлы ағамыздың кейінгі ұрпаққа үлгі етіп қалдырып кеткен өсиеттерінің және ерлікке толы шығармаларының алатын орны ерекше. Жиырма жылдық өмірін әскер қатарында өткізген Бауыржан ағамыз өмірінің соңына дейін әскер-патриоттық тақырыптарға шығармалар жазды.
Атамекен жер үшін,
Қасиетті ел үшін, -деп екінші дүниежүзілік соғыс кезінде атақты генерал Панфиловтың 8гвардиялық дивизиясында рота,батальон,полк, дивизия командирі қызметін атқарып,жауға қарсы соққы беріп,батальонды бірнеше рет жау қоршауынан алып шықты. Жауынгерлерге рух беріп,ерлік істерге шақыра білді. Ел деген-алтын бесік. Біз сол бесікте тербелеміз,сол елде өсіпөнеміз,жетілеміз,бойымызға күш жинаймыз. Түптеп келгенде,сол қажыр- қайратымызды ел болашағы жолында жұмсаймыз. Еліне пайдасын тигізу-әр адамның қасиетті борышының бірі. Өз елімізді,біз оның халқы, көркейтпесек,кім көркейтеді? Елді дамыту жолында аянбай күресу үшін әуелі бойымызда Отанға деген шексіз сүйіспеншілік қана. Әрқайсымыз"елім үшін не істей аламын"деп ойлап,бір мақсат қойып,оны орындау жолында бар күшімізді салар болсақ,еліміздің әлі жаңа белестерді бағындырып, дамудың жаңа сатысына түсері анық."Отанды сүю ана тілін, отбасын сүюден басталатынын ұмытпаған жөн". Біз ежелден ер деген даңқы шыққан халықпыз,ел бірлігі жолында әрқашан намысын бермеген ұланымыз. Біз алтын күн бедерлеген көк байрақты әлем биіктерінде желбіреткен елдің азаматымыз,кең байтақ жеріне бірлігі жарасқан алуан ұлт-ұлыстан тұратын біртұтас халықпыз. Біз оны зор мақтанышпен ұрпақтан-ұрпаққа табыстайтын боламыз. Мен бақыттымын,өйткені дербес елім,тәуелсіз жерім,ана уызымен қанға сіңген қасиетті қазынам - ана тілім бар. "Ойнап айтсаң да ойлап айт,күліп айтсаң да біліп айт,әзіл айтсаң да әділ айт","Ақылың болсаң сөз тыңда" деп отырады ғой аталарымыз. Ана тілінің байлығын пайдалана алмаған адам- пақыр,күлкіге ұшырайтын жан. Ана тілін білу-ол туған жерді,елді,Отанды, атамекенді сүйе білу деген сөз. Адам өмірін түзеуде,барлық адамдар тату тұруда негізгісі - адал еңбек, ақ жүрек, арлы,ақылды болу. Дүниеде бұл үшеуі үстем болмай,адам баласына тыныштық өмір сүруге мүмкіндік жоқ деп ойлаймын. Білімсіз,ғылымсыз өнер табылмайды. Сол тапқан байлықты барша адам баласының керегіне,пайдасына жарату керек. Ендеше "Ел боламын десең,бесігіңді түзе"деген дала заңы,баба заңына бағынуың керек. Елің үшін ар сақтап, адал қызмет етсең,ертеңің үшін тер төксең,келешек қамын ойлайтын ұрпақ тәрбиелесең,сонда ғана сен алмайтын қамал, сен алмайтын асу болмас!Алдағы уақытта да алған бағытымнан таймай,бар күш-жігеріммен жұмыс жасаймын. Осылайша болашақтың тұтқасын ұстар жас өрендердің бойына тәрбиенің құнды дәнегін сепкім келеді. Туған тілінде сөйлеп,Отанын, туған елін,туған жерін сүйе білуге титтей де болса өз ықпалымды жасай алсам - ол менің үлкен жетістігім.Ал менің осы жетістігім келешекте өз Отанымның дамуы жолында зор үлесін тигізуі мүмкін.Менің кеудемде дамылдаған жүрегім бір сәт те тоқтамай соғады, демек ол туған жерінің ауасын,табиғатын сүйеді. Ал ол жүрек - менің өмірім, менің Отаным. Белгілі орыс ақыны,жазушы Илья Эренбург"Қазақтар иен далада жел жетпес жүйрік мініп дағдыланған,ал бірақ қажет болса, олар еңбектей де біледі,жүгіре де біледі, биік тауларға өрмелеп те шығады, саз балшыққа малшынып та жата алады. Оларды ешкім де,ештеңе де тоқтата алмайды",-деп, қазақ халқына сипаттама береді. Бұл сөзден қазақтың қайсарлығы, батырлығы, батылдығы көрінеді. Не нәрседен болса да қаймықпай,ерлік істер көрсете білетіндігі байқалады. Осыншалық қайсар халықты мақтана да,марқая да айтсақ болады емес пе?!Мен - өз елімнің патриотымын,себебі мен Отанымды,туған халқымның тарихын,ана тілін,салт-дәстүрін,Ата Заңын құрмет тұтамын. Халқымның рухани құндылықтарын, мәдениетін, тілі мен дінін,дәстүрін одан әрі жаңғырту жолында өз үлесімді қосамын. Өнегелі де өнерлі,адамгершілік ар - ожданы жоғары намысқой азамат тәрбиелеуде еш аянып қалмасым анық."Барлық халық пен ұлт барлық ұлы және тамаша нәрселерді жасауға қабілетті, әрбір азамат өз ұлтын сүюге тиіс және өз ұлтына деген терең сүйіспеншілігі мен мақтаныш сезімі арқылы басқа ұлттарды танып, құрметтеп, оларды сүйе білуге тиіс"деген еді ұлтымыздың мақтанышы, ұлы патриот атамыз Бауыржан Момышұлы. Бұл сөздің астарында өз ұлтыңды ерекше сүй,сол арқылы өзге ұлтты сүюге үйрен деген ой жатыр. Туған жерге деген сүйіспеншілігімізді көрсету үшін оның әр тасын қадірлеп, бағалай білейік!

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: