Шығарма: Дарқан елімнің патриотымын

Шығарма: Дарқан елімнің патриотымын

Тайжанова Мадина
6 сынып, №5 көпсалалы мектеп-лицей
Степногорск қаласы Ақмола облысы
Жетекші: Аяған Нұржан Алдоңғарұлы

Шіркін, дарқан менің елім-ай! Жусаны хош иіспен толған тұтас кең далам, асқар тауым, көк аспанның арасындағы жарқыраған күнім, жылқыда шапқан казақтың қара домалақ баласы, сумен ағып жатқан өзен ағысы, осының бәрі менің Алаш елім! Мен өз елімді мақтан тұтамын. Елімнің Ата Заңы, көз тартпас желбіреген көк туы, елтаңбасы және әнұраны, құлаққа жағымды ұлттық аспабы, мың бұралған өнерлі билері, дауысы әншілері, қызыл тілді ақындары, үстел үсті толған тәтті әрі, дәмі кетпес тағамдары, көркем ғимараттар, қызыққа тоймас ойындары, жүрекке жылыуын ұялатқан Алланың үйі, қазағымның асыл тілі, табаны жерге тимеген тұлпар аттары, ержүрек батырлары алаш халқымыз бар.
1995 жылы 30 тамызда Қазақстан Республикасының Конституция (Ата Заңы) қабылданды. Ата Заң дегеніміз – қоғамдық және мемлекеттік құрылыс негіздерін, мемлекеттік органдар жүйесін, олардың түзілу реттілігі мен қызметін, азаматтардың құқықтары мен міндеттерін айқындайтын мемлекеттік заң. Бізде Конституция болмаса, онда бізде осындай қонақжайлы, сыпайы, мейрімді әрі, батыл ел болмас еді.
Көз тартпас желбіреген көк туымыз және елтаңбамыз бар. Біздің туымыз өте әдемі. Мың ту ілініп тұрса да, мен өз мемлекеттік туымды бірден тауып, тамсана қарап тұрамын. Ал, елтаңбаны айтататын болсақ, маған елтаңбада бір ұнайтыны оны көріп қалсам бірден қазақ халқының өмірін елестетемін. Әнұранды патриотизм сезімімен орындау керек. Бұл патриоттық сезімді ұлғайта түседі.
Қазағымның ұлттық аспабы, әні, биі толған өнер. Өмірде ерекше орын алатын ұлттық аспабы – домбыра. Домбырамен күй тарта отырып адамдар өзінің ішкі сезімін, толғауын білдіре алады. Домбырадан да басқа аспаптар бар. Олар өте көп. Мысалы, шертер, асатаяқ, дауылпаз, жетіген, желбуаз, қылқобыз, қоңырау және т.б. аспаптары бар.
Әндер және әншілер. Қазақ халқында әндер және әншілер жеткілікті. Мысалы, Роза Рымбаеваның әндері: «Әлия», «Ақ тілек», «Атамекен», «Бір бала» және т.б.
Қазақстанда балалар билеуді жақсы көреді. Жастайынан бастап билейді. Менің ойымша, біздің ұлттық биіміз, Ол – «Қара жорға». Өйткені, көбі қазақ биінде осы биді көрсетеді.
Иә, сөзге аса құрметпен қараған қазақ халқы «Өнер алды – қызыл тіл» деп бір ауыз сөзге тоқтаған. Біздің халқымызда ақын, жыраулар бар. Олардың бірі – Жамбыл Жабаев. Жамбыл Жабаев атақты Сүйінбай Аронұлының шәкірті. Жамбыл атамыз өсиет, терме, өнегелі толғау, ұзақ дастандар жазды.
Қазақ асханасында тілден дәмі кетпес тәтті тағамдары бар. Әрине, біз сүйіп жейтін тағамымыз ол – бешбармақ. Бешбармақтан да басқа тағамдар жетіп артылады. Палау, бауыр, құйрық-бауыр, шұшық, қарта, қазы, т.б. тағамдар бар.
Біздің Қазақстанымыздың бас қаласы – Астана. Астанада көркем ғимараттар бар. Барлығына ұнайтын – Бәйтерек, содан соң Ханшатыр, Пирамида, Ақорда, көптеген басқа да ғимараттар бар. Тек Астанада емес басқа қалаларда да бар.
Қазақтар өте көңілді халық. Олардың да ұлттық ойындары бар. Маған қатты ұнайтын ойын – тоғыз-құмалақ. Ол өте қызықты әрі, ойлау қабылетін жақсартады. Қазақ халқының ойындары: асық, қыз қуу, қазақша күрес, бәйге және т.б. қызықты ойындары бар.
Жеті қазынаның бірі – жүйрік ат. Ер жігіттің жүйрік аты – қанаты. Біздің бірінші қолға үйреткен жануары жылқы. Біздің батырларымыз елді қорғау үшін астына серігін бірге алып жүретін. Ат батыр да ғана емес, әр адамда болуы мүмкін. Мысылға алсақ, Ақан серінің өзінде Құлагер атты серігі болған.
Міне, мен осы үшін елімді жанымдай қатты сүйемін. Мен елімнің – патриотымын!

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
шығарма Дарқан елімнің патриотымын туралы эссе шыгарма 16 желтоқсан 16 декабрь сочинение на казахском, эссе сочинение про Даркан елимнин патриотымын на казахском день независимости казакстан 16 декабря, эссе шығармалар жинағы тәуелсіздік 16 желтоқсан 16 декабрь жоспарымен, 16 желтоқсан тәуелсіздік күні шығарма, 16 желтоксан тауелсиздик куни шыгарма, Дарқан елімнің патриотымын

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]