Шығарма: Біздің даңқты бабаларымыз

Шығарма: Біздің даңқты бабаларымыз

№ 19 Д.Қонаев мектеп-гимназиясы

Отан! Отан!
Бәрінен биік екен
Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем
М. Мақатаев

Сан ғасырлық тарихында қазақ халқы өзінің қауіпсіздігі мен аумақтық
тұтастығын, ана тілі мен ділін және басқа құндылықтарын сақтап қалу үшін қилы кезеңді
бастан кешірді. Аттары аңызға айналған көшпенділер – сақтар, ғұндар мен көк
түркілердің ұрпағы ретінде біз басты байлығымыз – қазіргі Қазақстанның ұлан-байтақ
даласы.

Біздің даңқты бабаларымыз – ұлы хандар мен батырлар терең ақыл, биік намыс,
ержүректілік арқасында ел мен жердің тәуелсіздігі үшін күресті. Бүгінде өз тарихымызға
көз салып, ой екшеген біз Тоныкөк, Күлтегін, Білге қаған секілді көреген билеуші, ұлы
қолбасшылардың қадірін түсіне бастадық.
Әкеміз, ағамыз құрғақ халықтың
Аты, даңқы өлмесін деп,
Түркі халқым үшін
Түнде ұйықтамадым
Күндіз отырмадым
Біріккен халықты от-су қылмадым,– деп Күлтегін бабамыз айтқандай,
олардың тас ескерткіштерге қашап жазып қалдырған сөздері түркі халқының талайлы
тағдары мен тәуелсіздік үшін күресін ұрпақтар санасына мәңгіге бекітті. Түркілерге тән
ержүрек, өршіл, қайсар, қайтпас мінезді бойына сіңірген Бауыржан Момышұлының
Күлтегін заманынан неше ғасыр өтседе ер түріктің ерлігін қайталауы қазақ қанында ерлік,
қайсарлық ежелден сақталып қалғанын көрсетеді.

Алтай мен Атырау арасына кеңінен жазылған Қазақстан жері басқыншы
жаулардың шабуылынан аз зардап шеккен жоқ. Сонау ежелгі заманда-ақ ата-бабамыз
“Жау жоқ деме, жар астында, бөрі жоқ деме бөрік астында”, - деп бекер айтпаған еді. Осы
мәселеге байланысты тәуелсіздік алған кездегі алғашқы қойған мақсаттарының бірі
қорғаныс болатын. Бұл жайлы Н.Ә.Назарбаев «Ғасырлар тоғысында» атты кітабында:
«Менің әскери мәселелерге тоқтауым тегін емес. Бәрінен бұрын осы әскери-техникалық
және әскери-стратегиялық салада қоғамдық-саяси жүйелердің шын қауқары анық
көрінеді”, – деп жазады. Қазақстан Республикасының Президенті Қарулы Күштердің
Жоғарғы Бас Қолбасшысы ұлттық қауіпсіздік ұстанымдарын бекітті, Қазақстан әскерінің
қазіргі заманға лайық даму бағдарларын айқындап берді.

Мен келешекте өзімде әскер қатарына алынып, мемлекетіміздің тыныштығын
сақтауға өз үлесімді қосқым келетінін айқындап алдым. Алдағы уақытта Қазақстанның
келешегін жарқын ететін ұрпақтың қатарынан болғым келеді және боламын!

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
шығарма Біздің даңқты бабаларымыз туралы эссе шыгарма 7 мамыр 7 май сочинение на казахском, эссе сочинение про Биздин данкты бабаларымыз на казахском языке скачать день защитников отечества 7 мая, эссе шығармалар жинағы отан 7 мамыр 7 май жоспарымен, 7 мамыр отан қорғаушылар күні шығарма, 7 мамыр отан коргаушылар куни шыгарма, Біздің даңқты бабаларымыз

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]