Шығарма: Бақытым - Отаным
Елім!
Саған ғашықпын.
Ғашықпын саған:
Құмарымды қандырмап едім.
Батыр болып ,бақ қонып,асып тұрса адам,
Қаруы жоқ құлың ғой алдыңда сенің.
М.Мақатаев
Қазақстан, әскер, отаншылдық..... Бұл сөздер - мен үшін өте қымбат, менің өмірім
үшін өте маңызды. Бұл сөздердің аясында халқымыздың басынан өткерген қиын да
тартысты тарихы жатыр. Сонау жаугершілік заманда жоңғар-қалмақтарының тепкісінде
қалып, елінен, жерінен айырылған ата-бабаларымыз еркіндікті аңсады. Шамасы
келгенінше күресті, тартысты.
Осы жолда тарихымызда талай батырлардың есімі қалды.
Бөкейді айт, Сағыр менен Дулаттағы,
Деріпсәлі, Маңдайды айт Қыпшақтағы.
Өзге батыр қайтса да бір қайтпайтын
Сары менен Баянды айтУақтағы
Ағашта биікті айтсаң қарағайды айт,
Жігіттік, ерлікті айтсаң Бөгенбайды айт,
Найзасының ұшына жау мінгізген
Еменәлі Керейде ер Жабайды айт,-деп Тәтіқара ақын жырлағандай, батыр бабаларымыздың ерлігі,
өжеттігі, батылдығы біздің кеудемізде Отанды қорғауға деген жалынды отты лапылдатады.
Халқымыздың тәуелсіздігі үшін қолына қару алып от кешкен, басын өлімге тіккен
Хан Абылай, Сырым, Кенесары, Махамбет, Исатай сынды батырларымыздың ерлігін
айтпай кетуге болмайды.
Қазір Қазақстан - егеменді тәуелсіз мемлекет. Жақында ғана тәуелсіздігіміздің 20
жылдығын тойлап өттік. Біздің егемендігіміз бен тәуелсіздігіміз - тек бір ұрпақтың еңбегі
емес, жоғарыда айтып өткен барша ұрпақтың еңбегі. Біз бейбіт өмір сыйлаған батыр
бабаларымызға борыштармыз. Олардың халық үшін жасаған ерлік істері үнемі біздің
жадымызда болады. Осы тұста Қазақстан халқының тәуелсіздігі үшін, бақытты да баянды
болашағы үшін бар саналы ғұмырын арнаған Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевты мақтанышпен
айта аламыз. Ол Қазақстанды жан-жақты дамыған өркениетті мемлекеттердің қатарына
жеткізді. Мемлекет болғаннан кейін оның Туы, Елтаңбасы, Әнұраны, Ата заңы қабылданды.
Олардың әрқайсысының өзі – бір тарих.
Елбасымыздың алдына қойған маңызды мәселелерінің бірі - Қазақстан Қарулы
күштерін құру еді. Ол өз сөзінде: «Ішкі және сыртқы саясаттың құрылымындағы негізгі
іргетас -қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Сонымен бірге ел егемендігін қорғау мүддесі үшін
кез келген қатерге төтеп беретін, сапасы биік заманауи әскер қажет”, - деп айтқан.
Жазушы Ә.Кекілбаев: «Өзгелердің қолынан келетін менің неге қолымнан келмейді деп
ойлау – адамды да, халықты да қатарға қосатын намыстылық. Өзгелердің қолынан келген
менің қолымнан келмейді деп ойлау - қатардан қалдыратын намыссыздық. Оларға о
дүниеде тәңірдің, бұ дүниеде ешкімнің жаны ашымайды. Намыстыға ғана қолдау
көрсетіліп, намыстының ғана жоғы жоқтасылады”, - деп айтқандай, елім деп соққан әрбір
жүректе намыс оты лаулап тұру қажет. Кеудесінде намысы бар азамат қана Отаны үшін
бәріне де дайын болады.
Қорыта айтқанда, менің замандастарым, жастар, ата -бабамыздың тар жол, тайғақ
кешіп әперген тәуелсіздігін сақтап қалайық. Отанымызды қорғайық! - дей келе,
М.Мақатаевтың “Үш бақытым” өлеңімен аяқтағым келеді.
Ең бірінші бақытым-халқым менің,
Соған берем ойымның алтын кенін.
Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын,
Қымбатырақ алтыннан нарқым менің.
Ал екінші бақытым - Тілім менің,
Тас жүректі тіліммен тілімдедім.
Кей-кейде дүниеден түңілсем де,
Қасиетті тілімнен түңілмедім.
Бақытым бар үшінші - Отан деген,
Құдай деген кім десе, Отан дер ем!
...Оты сөнген жалғанда жан барсың ба?
Ойланбай-ақ кел-дағы от ал менен.

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: