Шығарма: Қазақстан - тәуелсіз ел
Еслямбекова Мәдина
Ақмола облысы Степногорск қаласы
С.Сейфуллин атындағы №5 көпсалалы мектеп-лицейінің
9 сынып оқушысы
Жетекшісі: Ракишева Роза Сейтхазиновна

Тәуелсіз ел! Бір қаламның ұшымен жазылып, барша қауымның жүрегіне орнаған, бір ауыздан айтылып, кең көлемде шарлаған осынау бір ыстық сөз, ыстық көңіл лебізі бүгін ғана емес, бар уақытта да қан тамырымыздың лүпіл-бүлкіліндей естіледі.Иә, бұл-бүкіл қазақ жұртының, дүйім Қазақстан елінің қызу кұштарлықпен, сарқылмас сүйіспеншілікпен айтар, ардақ тұтар асыл лебізі.Ол-өлең, ол-ән, ол-сұлулық, ол-асқақ арман, ол-шалқыған дәулет, көркейген сәулет! Елдік туымыз тігілген үлкен үйіміз, алтын шаңырағымыз.Қазақ жері.
Қазақстан-тәуелсіз ел.Сол тәулсіздік жолында қазақ бабам не көрмеді десеңізші?! "Тамырсыз ағаш,тарихсыз халық болмайды"демекші, қазақ елінің азаттық,бостандық жолындағы тарихына бір сәт көз жүгіртіп өтетін болсақ, басынан қаншама қиын-қыстау ауыр сәттерді өткіздігін көреміз.Қазақ хандығы құрылған кезден бастап, ұшса құс қанаты, шапса тұлпар тұяғы талатын кең-байтақ жерімізге көз алартқан жауларымыз аз болмады.Ең алдымен, Жоңғар халқы жерімізге баса көктеп кірді.Олардың жасаған шабуылынан еліміз аз зардап шеккен жоқ.Ел арасында "Ақтабан шұбырынды,Алакөл сұлама"орын алды.Алайда елінің тыныштығын ойлаған хас батырларымыз бен ел билеген хандарымыз бір жағадан бас, бір жеңнен қол жинап, атамекенін, жерін жаулардан қорғай білді.Одан кейін де халқымыздың ел тарихында қаншама ұлт-азаттық көтерілістер орын алды.Олардың барлығы халқымыздың тағдырына өшпестей із қалдырды.Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев ол туралы былай деп еске алады:"Қазақтар талай рет тұтасымен қырылып кетуге шақ қалды.Бірақ өмірге деген құштарлық, азаттық аңсары еңсесі түскен елді қайра түлетіп, қайтадан тәуекел тұғырына қондырып отырды".
1916 жылдағы көтеріліс, 1920 жылдардағы аштық, 1930 жылдардағы тотолитарлық жүйе, 1986 жылғы жерді дүр сілкіндірген Желтоқсан оқиғасы.Бұның барлығы да қазақ жеріне ауыр жара салды.Тарихымызда Желтоқсан оқиғасының алатын орны ерекше.Өз басының амандығынан гөрі, ел намысын жоғары қойып, тәуелсіздік жолында еш аянбастан қасық қандары қалғанша асқан ерлікпен күрескен Ләззат,Қайрат,Сабира,Ербол сынды қазақтың қайсар ұл-қыздарын мақтанышпен еске аламыз.Қанша қиыншылық келсе де, біз оларды ешқашан ұмытпаймыз.Себебі,бұл тарих."Өткенімізді ұмытсақ,болашақ бізді кешірмейді"деген ұлы даналық бар емес пе? Осы даналықтың әрдайым жадымызда сақталғанын қалаймын.
Тәуелсіздіктің 25 жылында талай-талай белестерді бағындырып үлгердік.Қазақстанның өзінің рәміздері, Ата заңы қабылданды, Қарулы Күштері ретке келтірілді, өзінің валютасы-ұлттық теңгеміз айналымға түсті, экономикамыз дұрысталды, білім жүесі бір арнаға түсті.1992 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының мүшелігіне қабылдандық.1998 жылы ерке Есіл бойынан жаңа астанамыз-Астана қаласы бой көтерді.1993 жылы экономикалық ауыр кезеңде Елбасы әлемнің алдыңғы қатарлы оқу орындарына жоғары санатттағы мамандар даярлау бағдарламасын жасауды тапсырған еді."Болашақ"бағдарламасы Тәуелсіз Қазақстанға әлемдік дәрежедегі алғашқы буын мамандарын қалыптастыра білген инвестициялық тиімді жүйе болды.Алдыңда 50 мемлекеттің құрамына ену көзделсе, қазіргі таңда сол мақсатымызға қол жеткіздік. Өз халқына қолынан келген жақсылықтың бәрін жасап жатқан Елбасымызбен мақтанамын. Елімізді асқан көргенділікпен басқарып келе жатқан тұңғыш президентіміз-халқымыздың ең таңдаулы адамы.Елімізде болып жатқан іргелі жаңалықтар мен елеулі жетістіктер Елбасы есімімен тығыз байланысты.
2011 жылы өткен "Қысқы Азия ойындарында" Қазақстан 1-орынды иеленіп,70 медаль алсақ, Лондон олимпиадасында Қазақстан ұлттық құрамасы дүниежүзі бойынша 12-орынға табан тіреді.Ал осы жазда Бразилианың Рио-де-Жанейро қаласында өткен жазғы олимпиада ойында елімізге 3 алтын, 5 күміс, 9 қола медальды елімізге дарынды спортшыларымыз тарту еткен.Бұл-біздің спорттан көрсеткен нәтижеміз.2010 жылы өткен ЕҚЫҰ-қазақстандықтардың мақтанышы.Әлемнің 56 елінен келген басшылар Елбасы сындарлы саясатын бірден қолдады.Бұл-ерекше атап өтетін жетістік.11 жыл бойы өтпеген мұндай деңгейдегі басқосуды Астана алғаш рет қабылдады."EXPO-2017"көрмесі келесі жылы Қазақстаның бас қаласы-Астанада өтпек. Бұның өзі-тәуелсіз жас Қазақстанның осындай аз уақытта жетіп үлгерген жетістіктері.Алда әлі талай-талай биік шыңдарды бағындыратынымыз сөзсіз. Тәуелсіз Қазақстанды одан әрі көркейтіп,гүлдендіру біздердің,жастардың қолында.Сол үшін де біз аянбай еңбек етеміз.Мен нық сезіммен "Менің болашағым-Тәуелсіз Қазақстан"деп айта аламын.Себебі, мақсаты айқын, болашағы жарқын Қазақстан мені жеті қараңғыда адастырмайтын "темірқазығым" іспет-ті.Бірде жүгіріп,бірде жығылып жүрген қазақ елі енді еңсесі биік,көңілі көтеріңкі,қадамы мығым,"Менің тірегім-Қазақстан"деп мақтанышпен айтатын болдым."Ел қуатты болмай,қуаныш тұрақты болмайды",-дейді дана халқымыз.Бірлігіміз, достығымыз әрқашан мықты болсын!Ортақ үйіміз,атамекеніміз Қазақстан аман болсын!

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: