Шығарма: «Бейбітшілік» - қастерлі ұғым

Шығарма: «Бейбітшілік» - қастерлі ұғым

Шнайдер Виктория
9 сынып, Қ. Оспанова атындағы №3 жалпы білім беретін орта мектебі
Качир ауданы
Жетекшісі: Мухаметкалиева С.Қ.

«Бейбітшілік» деген - нұрлы сөз. Жанымызға жылылық сыйлап, көңілімізге бақыт ұялататын қастерлі ұғым. Бейбіт өмірге бұл дүниеде еш нәрсе тең келмейді. Бір кезде еліне шұрайлы қоныс, жерұйық іздеген Асанқайғы бабамыз да қой үстіне бозторғай жұмыртқалайтын бейбіт күнді аңсаған еді. Атамыздың бұл арманы орындалып, халқымыз бірлігі жарасқан, тату-тәтті мемлекетте, тәуелсіз Қазақстан Республикасында, бейбіт өмір кешіп жатыр. Қазақстандықтар бейбіт күннің қадірін жақсы түсінеді. Себебі өшпестей із қалдырған Ұлы Отан Соғысы әлі де еліміздің жүрегінде әрі есінде. Дүниені жаулап алмақ болған «фашизм» деген зұлымдыққа қарсы тұрған 61қаһарман мемлекет, сан миллиондаған адамдардың тілегі бір болатын. Ең ауыр да қаһарлы төрт жыл бойы абыроймен ел қорғаған батырлар, тылда қызмет еткен аталар мен әжелер, аналар мен балалар әр минут, әр сағат сайын жеңісті аңсаған еді. Жеңіс оңайлықпен келген жоқ. Жеңіске жету жолындамиллиондағаназаматтар қаза болды. Жаумен шайқасып ерліктің ерен үлгілерін көрсетті. Ана баласын,жарын жоғалтып,бала әкесінен, анасынан айырылып, жетім атанды. Фашистердің тұтқынында қаншама ана мен бесіктен белі шықпаған балалар соғыстың қасіретін арқалады.Бірақ ешкімнің сағы сынбады.
Бұл халық рухының, ел жігерінің мықтылығын білдіреді. Биыл Ұлы Отан Соғысы басталуының 75 жылдығы болса, Ұлы Жеңістің 71 жылдығы. Жеңіс үшін барлық халықтар біріге, жұмыла отырып әрекет етті. Бұл соғысты қайсар жүректер, батыл білектер, шыдамды әрі төзімді мінездер жеңді. Бір мақсат, бір мүдде үшін күрескен азаматтар жеңді. Отанын қорғау ең негізгі парызы деп білген, жанын аямаған қазақстандық қаһармандарымыздың ерлігі де барлық дүниеге аян. Рейхстагқа ең алғаш болып ту тіккен Рахымжан Қошқарбаев, «Шегінуге хақымыз жоқ, артымызда Мәскеу» деп ерлік көрсеткен Қеңес Одағының батыры Бауыржан Момышұлы, Шығыстың қос жұлдызы - Әлия мен Мәншүк апаларымыз, әуе кеңістігін жаудан қорғаған Кеңес Одағының екі мәрте батыры Талғат Бигелдинов, әйгілі партизан атанған Ұлы Отан Соғысының ержүрек батыры Қасым Қайсенов және тағы да басқа ерлерімізді мемлекетіміз мақтан тұтады. Адамның баласы бола білген бұл қаһармандардың ерліктері еш уақытта ұмытылмақ емес. Оңайлықпен келмеген Ұлы Жеңісті, Отан үшін жанын пида еткен батырларымыздың ерлігін құрметтеу әр жас ұрпақтың парызы деп білемін.
Ата - бабаларымыз аманат еткен Жеңісті сақтау, бейбітшілікті қастерлеу біздің қолымызда. Мен өзімнің бейбіт еліме ғасыр ақынымыз Мұқағали Мақатаев жырлап кеткендей тыныштықты ғана тілеймін.
Қайырлы түн! Жер - Анам,
Көк аспанды жамыл да,
Таңға дейін дін аман,
Тәтті ұйқыда дамылда.
...Шамыңды өшір,
Түсіре ғой пердеңді,
Қайырлы түн алып Жер!
Дүбірлетіп сенің ұлы кеудеңді,
Таптамасын танктер.
Қайырлы түн, Ақ аспан,
Алып жерді төсен де,
Боз көрпеңді айқара жап иыққа.
Сенің нұрың тыныштықпен жарасқан.

Доп      


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Іздеп көріңіз:
шығарма «Бейбітшілік» - қастерлі ұғым туралы эссе шыгарма жеңіс женис 9 мамыр 9 май сочинение на казахском, эссе сочинение про «Бейбитшилик» - кастерли угым на казахском языке скачать день победы 9 мая, эссе шығармалар жинағы жеңіс женис 9 мамыр 9 май жоспарымен, «Бейбітшілік» - қастерлі ұғым

Пікір жазу

  • [cmxfinput_gallery][cmxfinput_youtube]