Шығарма: Қорғауға сені дайынбыз
Төлеген Дильназ
7 сынып, Абай ОМ Ақтоғай ауданы
Жетекшісі: Ташенев К.Ш.
7 сынып, Абай ОМ Ақтоғай ауданы
Жетекшісі: Ташенев К.Ш.
Осыдан 75 жыл бұрын, дәл осы күні ерте таң ата бере фашистік Германия Кеңестікң Социлистік Республикалар одағына шабуыл жасады. Соғысты бірінші болып қарсы алғандардың қатарында Кеңес одағының батыс шекарасын күзеткен ондаған мың қазақстандық шекарашылар болды.Атақты Брест гаризонының өзінде 1941 жылдың көктемінде біздің 3 мыңдай жерлесіміз қызмет еткен,шілде айында олардың көпшілігі елге әскерден қайтулары керек болған,бірақ жаудың шабуылы олардың жоспарларын талқан етті.Жау ішке қарай тез еніп,Брест қамалынан тірі қалған қорғаушылар,партизан қозғалысына қосылды.Олардың қатарында 190 қазақстандықтар болған,олардыңкөбінің сүйегі белорусь жерінде мәңгілік қалды.Соғыс кенеттен басталғанымен,Қазақстан бүкіл Кеңес одағы сияқты,алғашқы күннен бастап жұдырықтай жұмылды.Республиканың түкпір-түкпірінде әскери комиссариаттарға еріктілер ағылды.Кеше ғана мектеп партасында отырған бозбалалар мен бойжеткендер,ауыл мен қала тұрғындары да соғысқа өз еркіммен сұранды.1939 жылдың дерегі бойынша республикамызда 6,2 миллион адам тұрып жатқан,соғыс жылдары Кеңес Армиясының қатарына 1 миллион 200 мың қазақстандық шақырылған,20дан астам атқыштар дивизиясы мен басқа да құрылымдар жасақталған.Фашистермен болған шайқастарда 328-ші,310-шы,312-ші,314ші,316-шы,387-ші,391-ші,8-ші,105-ші,106-шы каварелиялық девизиялар,74ші және 75-ші теңіз атқыштар бригадасы,209-шы,Зайсан,219шы,минометтік,85-ші зениттік,662-ші,991-ші және 992-ші авмяциялық полктер ерекше көзге түсті.
Қазақстаннан майданға 14100 жүк және жеңіл көлік,1500 шынжыр табан трактор ,110 және 400 жылқы 16200 ат арба жөнелтілді.Қазақстан армия мен флот үшін офицерлік кадрлар және резервтік күштер дайындады.1941-1945 жылдары әскери оқу орындарына 42 мыңнан астам жас қазақстандықтар жлданды.ал қазақстан аумағында сол жылдары 27 әскери оқу орын,толық емес мәлімет бойынша 16 мың офицер дайындап соғысқа аттандырды.Біздің жерлестеріміз майданда ерлікпен шайқасты.Жауынгерлік ерліктері үшін,жүздеген мың қазақстандық медаль,ординдерімен марапатталды.500 адамға Кеңес Одағының батыры атағын берді,100-ден астам адам (Данқ) орденімен марапатталды.Төрт қазақстандық екі мәрте Кеңес Одағының батыры атанды,олар ұшқыш-Талғат Бигельдинов,Сергей Луганский,Иван Павлов және Леонид Беда.Кеңес Одағының Батырларының қатарында қазақтың екі қызы –мерген Әлия Молдағұлова,пулеметші-Мәншүк Маметова бар.Жаудың ұясынын төбесіне,яғни Рейхстагка Жеңіс туын тіккендердің бірі қазақ жігіті Рақымжан Қошқарбаев болды.жаудың тылында,партизан қатарында,қазақстандық шайқасқан Қасым Қайсенов.Танымал қолбасшы,әскери жазушы,Бауыржан Момышұлы және 28-панфиловшылардың ерлігін білмейтін қазақ жоқ шығар.Біздің жерлестеріміз павлодарлықтар барлық елдегі сияқты,фашистік Германияның басып кіруі каһарлы және қатты ашумен,адамдардың кез келген сәті Отан қорғаушыларының қатарына қосылуға әзірлігімен қарсы алынды.1941 жылдың маусым –шілде айларында облыста жастың 14 жасындағы адамдар әскерге шақыртылды.Олар негізінен атқыншылардың 314-девизиясына қабылданды,бұл девизия соғыстың алғашқы күндері Петропавл қаласында жасақталды.Көп ұзамай Ленинградтың манына жіберілді.Павлодарлықтар Ленинград үшін көптеген шайқастарға,оның ішінде 1943 жылғы 18 қаңтарда қоршауды бұзуға қатысты.Осы шайқастарда біздің көптеген жерлестеріміз саперлер бөлімшесінің командиры,Ақсу ауданы Қызылжар ауылының тұрғыны Слем Әлібаев,аға сержант,барлаушы Қайсар Әлейінов (Ақтогай ауданы),мерген Рамазан Өмірзақов (Железнинка ауданы),ефрейтор Антон Денисовичь Горбенко (Успенка ауданы) бұл адамдар ерліктері мен көзге түскен. Ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмақ емес! Соғыс – күйретуші күш! Дәл солай! Барды жоқ ететін, тауды жер ететін. Жер бетіндегі тіршілік атаулының бәрін жалмап жұтатын тажал. Сол қанды кезеңді еске түсіріп, елестететін газет-журнал матералдары немесе радиотелехабарлар, кинолар аталар ерлігін мақтаныш тұта бізге жеткізді. Біз Ұлы Отан соғысындағы Ұлы Жеңіске ештеңеге теңеспейтін ғажап күшпен жеттік. Ол күш - әрине, "бірлік”. Қаншама халық бір тудың астына бірігіпкүштерін бір арнаға салды.Ұлы Жеңіс он бес одақтас болған мемлекеттердің ортақ мерейтойы.
Қорғауға сені дайынбыз, - деп жазған Нүрпейіс Байғанидің өлеңінен халқымыздың Мәскеу қаласына деген ерекше құрметі байқалады. Сол кездегі Кеңес Одағының басқа халқымен бірге жауды талқандап, жеңіске жету ісіне Қазақ халқы да өзінің лайықты үлесін қосты. Қазақстандық жауынгерлер Брест қамалынан бастап Берлинге дейін барды. Олар Сталинград түбіндегі шайқаста, Днепр өткелінде, Москва мен Ленинград үшін болған ұрыстарда ерен ерліктер көрсетті. Қазақ ел басына күн туғанда толарсақтан саз кешетін жауынгер халық. Ұлы Отан соғысының қатпарлары парақтарына үңіліп қарасақ, қазақтардың қанды қырғынға қаймықпай соғысқанына ашық көзіміз жетеді. «Өз халқын құрметтеп, сүймеген адам – опасыз, оңбаған адам»,- деп Бауыржан Момышұлы айтқандай, Отан үшін өз басын өлімге байлап, ажалмен алысып, өз ұрпақтарының, өз халқының намысын қорғағаны өз халқын шын сүйетіндігінен болса керек.
Сондай қиыншылық жағдайда дұшпанның қаптаған қарақұрым күшіне төтеп беріп, олармен табан тіресе шайқасқан аталарымыздың ерлігі біздің көкірегімізге мақтаныш сезімін ұялатады. «Ерсiз ел болмайды, елсiз ер болмайды»,- дейдi батыр бабамыз Бауыржан Момышұлы. Ұлы Отан соғысында ел күйреп, талай адам ажал құшты. Сол соғыста өзiнiң қайсар ерлiгiмен, қайратты мiнезiмен жауынгерлерге жiгер берген бабаларға мың алғыс. Осы ержүрек бабалар қатарында Бауыржанның еңбегi ерекше. «Отан үшiн отқа түс, күймейсiң» деп ұран тастаған батыр атамыз, келер ұрпақтың болашағы үшiн өз басын өлiмге байлап, ажалмен алысып, жеңiс туын тiктi. Бауыржан ата бiр естелiгiнде: «Мен – өзге ұлттарды құрметтеушi, өз ұлтын сүюшi адаммын»,- дейдi. Батырдың әр қазақтың жүрегiнде сақталуының себебi де, ұлтын сүйгендiгiнен шығар. Бауыржан Момышұлының тұлғасы маған қашанда мұзарт шыңның басында, мұнартып қалықтаған ақиық, мұзбалақ қыран болып елестейді. 1941 жылы Мәскеу түбiндегi қанды шайқастарда теңдесi жоқ ерлiгiмен әлемдi дүр сiлкiндiрген қазақстандық 316 - атқыштар дивизиясының батальон командирi ретiнде қапияда ой тауып, қараңғыда жол тауып, ерен ерлiгiмен аты әлемге аңыз болып, батыр қолбасшы атанды. Жеңiстiң 70 жылдық мерейтойы қарсаңында қаһармандық пен өшпес ерлiгі үшін Мәскеу халқы құрметтеп, үлкен сый жасады. Мәскеу қаласынан ұлан - ғайыр, ұзын көше, зәулiм мектепке батыр атамыздың есiмi бердi. Бұл Бауыржан ерлiгiн мойындау және бүкiл қазақ халқына деген құрмет едi.
Оның «Ежелден ер тiлегi – ел тiлегi, Адал ұл ер боп туса – ел тiрегi» деген өсиетiнің өмiрде орындалғанын көрiп қуандық. Ержүрек батырдың кiтаптарың оқып отырып, терең ойға қалам. Отанға деген сүйiспеншiлiгiнен, халқыңа деген махаббатынан, ұлттық биiк рухынан қуат аламын. Бауыржан атаның қаламынан шыққан «Москва үшiн шайқас», «Қанмен жазылған кiтап», «Ұшқан ұя», т. б. шығармаларыңызды оқып шықтым. Оның шебер суреткерлiгiңе, адам психологиясын танып - бiлудегi сезiмталдығыңа таң қаламын. Шығармаларыңызда әр кейiпкер өзгеше бiр әлем... Әр сөйлемде тұнып тұрған сыр жатыр. Бұларды оқып қана қоймай, жаттап, үлгi өнеге алуымыз керек. Оның бiзге қалдырған мәңгiлiк өшпес, ғасырдан ғасырға жетер мұралары үшiн ұрпақтары мәңгi қарыздар.
Бақытты болашақ, Тәуелсiз ел - аңсаған арманы едi. Бүгiн сiздiң арманыңыз – ұлттық тiлдiң, дәстүрдiң, салт - сананың мызғымас тiрегi, күшi, алтын дiңгегi – халықтың бақ жұлдызы жарқырап жанған күн. Жеңіс күні соғыстан оралмай қалған ерлеріміздің рухына бас иіп, арамызда жүрген соғыс ардагерлеріне құрметпен қарап, олардың қайсарлықтары мен ерліктеріне тағзым ететін күн емес пе?! Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Ұлы Жеңіс – Қазақстан тарихының жарқын беттерінің бірі. Бұл – қан майданда от кешкен соғыс ардагерлері мен сол жылдарда «Бәрі де майдан үшін, бәрі де жеңіс үшін»деп, құлақтары жастыққа тимеген тыл ардагерлерінің мейрамы» деп атап өткен болатын. Табан ет, маңдай термен келген осы Ұлы Жеңіске қаруымен де, қаламымен де үлес қосқан, аты аңызға айналған қаһарман жазушыларымыздың бірі де, бірегейі - Бауыржан Момышұлының қаһармандық рухы ұрпақтан - ұрпаққа өнеге болады деп санаймын.

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: