Шығарма: Атамның рухына арнаймын
Серік Камила
8 сынып, Дарынды қыз балаларға арналған
облыстық қазақ-түрік лицей-интернаты Павлодар қаласы
Жетекшісі: Жумабекова А.С.

Ақ сиса, қызыл сиса, сиса, сиса,
Жарасар қамзол сұлу, белін қиса.
Шорманның Мұстапасы атымды алып,
Атандым сол себептен Жаяу Мұса.
Адамдар үшін кейде бір әннің өзі өмірінің мәні, естеліктер қоймасының кілті сияқты болатыны бар. Біздің әулетіміз үшін ол - «Ақ сиса» әні. «Ақ сисаны» менің атам жақсы көруші еді, қоңыр дауысқа салып айтып та жүретін еді. Менің атам Оспанов Тұрсын – Ұлы Отан соғысының ардагері, Баянауылдың құрметті азаматы. Тұрсын атам 1922 жылы Баянауыл ауданындағы Қарақуыс деген жерде, қазіргі Қарабұлақта дүниеге келген. Атама дейінгі аға-қарындастары дүниеден қыршын кезінен оза берген, сондықтан ата-анасы ырымдап, атын «Тұрсын» деп атаған. Атамның өмірі жетімдік пен бейнетке толы болған: анасы Бибігүлден 1213 жасында айырылады, сол күннің кешіне қарай қарындасы қайтыс болады, ал бір-екі айдан соң әкесі Оспан дүниеден өтеді. Атам жетім қалады, ағасы Бөкеттің қолында өседі. 17-18 жасында 1842 жылы соғысқа аттанады, Орел - Курск Дугасында күреседі. Сосын жарақаттанып, Уфаға жіберіледі. Мылтық ұстауға қолы жарамай, мүгедек болып, өз ауылына қайтты. Атамды Бөкет ағасы қарсы алып, өз қолына алады, біраз бой жазып алған атам «счетовод», яғни есепші болып жұмыс атқарды. Заря колхозында, қазіргі Құндыкөлде 1943-1988 жылдар аралығында бас есепші болып жұмыс атқарды. Өз өмірінің соңғы күніне дейін адал жұмыс істеген атам 2013 жылдың 9 қыркүйегінде дүниеден өтті. Менің әкемнің іні-қарындастары атамнан соғыс жайлы сұрағанда, атам: «Соғыс деп айтпасын, жаман сөз деп айтсын» ,- деді. Менің ойымша, атама бұл қараңғы күндерді еске түсіргенде, ауыр естеліктер басына келеді. Атамның соғыс туралы айтқандары маған қатты әсер етті, кейде елестетудің өзі қорқынышты. Әсіресе, шайқас аяқталған соң етіктері қанға толып қайтқандары... Көп балалар сияқты мен де атамда қатты жақсы көріп, жанынан шықпайтынмын. Енді атамды қатты сағынамын, кейде атаммен неге көбірек уақыт өткізбедім деп ойлаймын. Бірақ, атамның орны енді жүректе, мәңгілік санамызда.
Соғыс деген қылышынан кан тамған зұлым ұғымды балаларымыз, келешегіміз көрмесін деп қолына қару-жарақ алып кеудесінен жел өткізсе де, артқа қашпай, алға ұмтылған ата-бабаларымызды ұмытып, мақтан тұтпасақ, олардың қан мен тері, көз жасы бос кеткені ме?! Қазіргі заманда адамдар айфон сатып алуға асық, үлкендер түгілі кішкентай балалардың да қалауы осы, бірақ елді соғыс жалмаған зұлмат күндерде балалар мен үлкендердің ойында ашық аспан болды. Бомба, гранатадан қап-қара түнекті емес, ашық аспанды, мөлдір бұлақты қалады, туғандарын соғыстан тірі қайтуын армандады. Менің атам соғыстан оралды, майданнан туған жердің топырағын иіскеп, қайта құшу мүмкіндігіне ие болды. Бірақ соғысқа туғандарын жіберген адамдардың барлығы біз сияқты бақытты бола алмады, оралмағандар да бар. Сондықтан ұрпақтың жадында әрқашан тағзым мен құрмет белгісі ретінде ардагерлер қалса, олардың рухы қашан да биік болады.

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:
Іздеп көріңіз: